Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Алтын, сары, көк сценарий

Алтын, сары, көк сценарий


библиотека
материалов

«Алтын, сары, қызыл, көк...!» алтын күз мерекесі

(балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойымен тұрады)

Жүргізуші: Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Күз мейрамы!

1 бала: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

2 бала: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

3 бала: Ой, балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

4 бала: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

5 бала: Айнала жым-жырт

Көк аспан сұрғылт

Жер жыртқан таңда

Трактор қырда.

Жүргізуші: Біз балалар бағында ойнаймыз, сауық құрамыз демекші «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Алтын күз»

Жүргізуші: Жапырақ ағаштарға сән береді, түсі сары түске боялады. Күз мезгілі - тамаша жыл мезгілі. Балалар, сендер күз мезгілін жақсы көресіңдер ме?

Балалар: - Иә

Би: «Жапырақтар» биі

(балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұр.

(жаңбырдың дауысымен залға бұлт кіреді)

Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Бұлт: Күзгі бұлт мен болам,

Көтеріліп теңізден.

Аспанға биік барамын,

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын.

(балаларға жаңбыр шашады)

Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр,

Саяғыңды түгендеп,

Үйіріңді соқпай тұр!

-Біз сен жайлы ән білеміз және осы әнді саған сыйлаймыз!

Ән: «Жаңбыр»

Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)

Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ!

Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?

Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз!

(қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуға шақырады).

Бұлт: Сендедің ойнағыларың келеді ғой, мен сендерді тез үстап аламын.

Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»

Жүргізуші балалармен: Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр!

Жаңбыр келіп жауады

Тамшылары тамады.

(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың дауысынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орындарына отырады)

Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапша екенсіңдер, мен сендерді ұстай алмадым.

Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мерекемізге күнді шақырайық (балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарын тыпырлатып, күнді шақырады).

Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма?

Балалар: Иә!

Күн: Мен жарқырап төбеде,

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын.

Бұлт: Күн, күн, тоқтай тұр!

Сөзіме менің құлақ түр.

Ішім толы суға,

Сусыз өмір бола ма?

- Ендеше мен бәріңе керекпін, мен мықтымын!

Күн: Жоқ, мен мықтымын!

(Бұлт пен күн дауласып, аяқтарын топылдатады).

Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, күн мен бқлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тоңғаныма, тойғаныма

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Абай атамыз жырлағандай балалардың тақпағын тыңдайық. Оған дейін Күзде келіп қалар.

Балалар тақпағы:

6 бала: Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

7 бала: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз,

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

8 бала: Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз,

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап ұн алдық біз.

9 бала: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

10 бала: Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

11 бала: Таза жездей жайнаған,

Сары бояу айналам,

Енді сары бояумен,

Күз суретін салам мен.

Жүргізуші: Сарғайып жеткен күзде келіп қалар, оған дейін бір ойын ойнап сергіп алайық.

Ойын: «Сиқырлы жапырақтар»

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртың майланар.

- Сәлеметсің бе, Алтын күз! Сені шақырған біздің балалар! Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен күн кім мықты, бірінші деп дауласып отыр.

Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, күн мен бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Саңырауқұлақтар мен бүлдіргендер»

(күн мен бұлт билеп көрсетеді, бірінші балалар биді қайталайды, әуен тоқтағанда орындарына қашады).

Жүргізуші: Күн менен су бар жерде

Бау-бақшада гүлденер,

Ортаға шық балалар,

Кім көп теріп үлгерер.

Би: «Саңырауқұлақтар»

(би билеп жатқанда Күн мен бұлт себеттегі жапырақтарды алмаларға айырбастап қояды.)

Күз: Біздің достарымыз Күн мен бұлт қайда?

Бұлт: Алтын күз, қарашы біздің жапырақтарымыз сиқырлы екен.

Күн: Олар тәтті алмаларға айналып кетіпті.

(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді).

Күз: Ендеше, ешқашанда дауласпаңдар, дос болыңдар.

Барлық кейіпкерлер: Ал балалар, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ – дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!

(Балалар ән ырғағымен залдан шығады).











Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-048438

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG