Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Алтын жүзік» Денсаулық күніне орай өткізген «Денсаулық» наркобекет тобының қойылымы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«Алтын жүзік» Денсаулық күніне орай өткізген «Денсаулық» наркобекет тобының қойылымы

библиотека
материалов

«Алтын жүзік» көрінісі.


Рөлдерде:

Анасы- Жанаргүл

Көрші Бағилаш- Әсемгүл

Қызы Гүлім-Гүлзат

Баласы Арман-Асылхан

Анасының жақын сіңлісі (туысқан апай)-Ұлбосын, оның достары-Перизат, Гүлсезім.

Дәрігер-Гүлсезім

«Жаралы сезім» әуені ойнап тұрады.

І бөлім:

Үй іші. Төсекте ауыр халде науқас ана жатады. Қасында қызы мен баласы отырады. Бала еңкілдеп жылап «анашым, бізді тастап кетпеші» деп қояды. Бір кезде анасы әлсіз дауыспен:

  • Қызым, көрші апаңды шақырып келші, айтарым бар,-дейді. Қызы шығып кетіп, көрші әйелді алып келеді.

Анасы:

  • Бізді оңаша қалдырыңдар.

Қызы баланы жұбатып жетектеп шығып кетеді. Көршісі қасына кеп отырады.

Анасы:

  • Бағилаш, екеуміз бала кезден бірге өсіп едік. Қазіргі сенерім де, балаларыма қорған болар да бір өзің. Менің қалім нашарлап барады, күннен-күнге кеміп барамын. Балаларым әкелерінен де ерте айырылды. Балапандарым жетім қалып барады... Өзің білесің біздің ешқандай туысымыз да жоқ. Егер мен олай-бұлай болып кетсем, қалада тұратын алыстан қосылатын жақын сіңілім бар. Міне, мынау мекен жайы, соны тауып алып балаларымды соған табыстарсың, далаға тастай қоймас... Ух, жаным-ай! Қайтейін құлындарым көздері жәудіреп артымда қалып барады-ау... Бағилаш, өзің де сырттай, жағдайларын сұрап, құлағыңды түре жүрерсің... Мынау, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатырған алтын жүзік. Мұны маған анам беріп еді... мен өмірден өткен соң, қызыма берерсің. Жоғалтпай, көзімдей көріп жүрер...

Осыны айтады да, талықсып кетеді. Бағилаш:

  • Айнаш, көзіңді ашшы... Гүлім, тез жедел жәрдем шақыр, анаң талықсып кетті. Тез... (Сахна жабылады)


ІІ бөлім:

2 айдан соң...

Бөлме іші. Қыз бен бала стол қасында құшақтасып отыр. Стол үстінде кітаптар жатыр.Бала мырсылдап жылап отыр:

  • Анамды сағындым... Енді ол қайтып келмейді ғой, Гүлім, солай ма?! Ауылға қайтқым келеді. Маған мұнда ұнамайды, Гүлім, ауылға кетіп қалайықшы, а?

Гүлім:

  • Арманжан, біздің ауылда тұратын үйіміз жоқ қой. Өзің білесің, сатып жіберді. Ертең оқуымды бітіріп, жұмыс істеймін. Міне, сонда сені қасыма аламын. Кішкене шыда, жарай ма? Ал, енді, сөмкеңді ал да сабағыңа бара ғой. Жолда абай бол!

Арман көзінің жасын сүртіп тастап, сөмкесін асынып, әпкесінің бетінен сүйіп, шығып кетеді. Гүлім үйді жинастырып жүреді. Сол кезде, қолдарында шөлмек, темекі, араққа сылқия тойып алған, туысқан апайы достарымен ішке кіреді.

Туысқан апайы масаң дауыспен:

- Көрдіңдер ғой, міне, мыналарды асырап отырмын. Шешелерінің үйінен басқа маған қалдырған ештеңесі де жоқ. Білесіңдер ме, үйін көрсеңдер, құлағалы тұрған қора дерсің... Ой, ақшасы түкке жеткен жоқ. Маған қазір доза керек, қыздар... менде ақша да қалған жоқ. (Гүлімге қарап) Әй, қыз, мен

саған көшеге шығып зат сат деп едім ғой, кәне, не саттың? (ежірейіп Гүлімге қарайды)

Гүлім:

  • Мен ештеңе де сатқам жоқ. Сатқым да келмейді! Одан да мына жүрісіңізді қойып, адам болсаңызшы. Сізге мына бізді анамыз сеніп тапсырып кетті ғой... (бетін басып жылап жібереді)

Туысқан апайы:

  • Мына жетім, не дейді?... Көрсетемін саған ақыл үйреткенді... (тәлтіректеп барып, қызды жұлқылай бастайды. Сол кезде қолындағы сақинаны көріп қалады.)

Оның қолын ұстап тұрып:

  • Мәссаған, қыздар, мынаны қараңдар! (қарқылдап күліп алып) Мынаны сатсақ, бәрімізге де жетеді. Қыздың саусағына жабысып, алуға әрекет жасай бастайды.

Гүлім жылап:

-Тимеңізші, апатай, ол анамның көзі ғой... Одан да мен ертең көшеге шығып зат сатайын... Өтінемін, алмаңызшы...

Туысқан апайы:

  • Мынаның күшінің көбін-ай. Қыздар келіңдер қолын байлайық...

Достары белбеуін алып келіп, қыздың қолын қысып байлап тастайды. Туысқан апайы саусағынан сақинаны алып:

  • Кеттік қыздар, бұл бізге біршамаға жетеді. Өзі бұрынғының алтыны екен...

Гүлімге қарап:

-Өз обалың өзіңе. Жат солай, інің келгенше... (бәрі шығып кетеді)

Аласұрған Гүлім қолы байлаулы күйде талықсып кетеді. Біршама уақыттан соң, сырттан қуанышты дауыспен айқайлап, Арман кіреді:

  • Әпке, мен бүгін мақтау қағазын алдым. Менің шығармам үздік болыпты. Мына қарашы... (Гүлімді көріп тұрып қалады)

  • Не болды саған, әпкетай, не болды?... (арқасындағы сөмкесін, қолындағы мақтау қағазын тастай салып, әпкесіне жүгіреді)

  • Көзіңді ашшы, әпке... Көмектесіңдер! (сахна жабылады)









ІІІ бөлім:

1 айдан соң...

Көрші Бағилаш Арманды алып, аурухана алдында күтіп тұрады. Іштен дәрігер мен иығына жейде жауып, Гүлім шығады.

Бағилаш:

  • Айналайын, тәуірсің бе? Мен сендерді алып кетуге келдім. Енді менің қасымда боласыңдар. Қатыгез апайыңды милициялар алып кетті. Жазасын алатын шығар. Мінекей, мына алтын жүзігіңді милиция арқылы таптыртып алдым. Кәне, саусағыңды бере қойшы, айналайын, өзім тағайын...

Сол кезде Гүлімнің иығындағы жейдесі сыпырылып түсіп кетеді. Екі қолы білегінен жоқ. Бағилаш шошып кетеді. Арман: «Әпке саған не істеген?!....» деп жылап жібереді.

Дәрігер:

  • Қолы қатты қысылып байлаулы күйінде көп жатып қалған. Қан жүрмей, ұйып қалған. Басқа жеріне шаппасын деп, екі қолын кесуге тура келді. Бекем болыңыздар.

Гүлім:

  • Бағилаш апа, менің енді ол жүзікті тағатын қолым жоқ қой... (жылап жібереді)

Бағилаш:

  • Тек, аман болыңдаршы, айналайындар. Сендерді далаға тастамаспын.Енді менімен бірге боласыңдар. Ауылға алып кетемін. (Бәрі шығып кетеді)


























М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ













«Алтын жүзік»


Денсаулық күніне орай өткізген

«Денсаулық» наркобекет тобының қойылымы









Сценарий авторы және топ жетекшісі: биология пәні мұғалімі

Тлепова Назгүл Бақтыгерейқызы

















Сайқын ауылы



Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-553034
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх