Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Алтын бесігім-Жарма тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Алтын бесігім-Жарма тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«№236 орта мектебі» КММ

















Сынып сағатының тақырыбы: «Алтын бесігім – Жарма»

















Жанузакова Ляззат Нурсултановна

Сыныбы: 2 «А» сыныбы














Тақырыбы: Алтын бесігім – Жарма

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, мақал-мәтелдер жазылған плакат, буклет

Сабақтың түрі: кездесу

І. Кіріспе

- Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Алтын бесігім-Жарма» атты Жарма ауданының 85- жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келіпсіздер!

Бүгінгі біздің кешімізге Жарма ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың көркейуіне үлес қосқан азаматтарымыздың бірі Сатпеков Әлкеш Өкрешұлы келіп отыр.

- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен қандай сөз құрастыруға болады.

-Жақсы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйің
нен басталады..
-Біздің кішкене Отанымыз Жарма ауданына биыл 85-жыл.
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған
жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
-Ендігі сөз кезегі өздеріңде, балалар

1.Туған жер ыстықсың ғой сен маған,

Қарап саған мен ойланып толғанам.

Сенен асқақ сұлу ғажап жер бар ма,

Бұлақ ағып, бұлбұлдары сайраған.


2. Жолаушылап келген адам еліме,

Көзі түсер шалқып жатқан көліме,

Шомылып оның мөлдір тұнық суына,

Риза болып қайтар туған еліне.

Бұл Жарма аты шыққан үлкен адам,

Жері бай, қары қалың, шөбі қаудан.

Бір жағы қарт Семейге жақын барып

Бір жағы алтын кені Алтай таудан.


Аймақта жер жанаты Жарма екен,

Жармадай жерұйық жер бар ма екен.

Толғанда Жарма бүгін 85-ке,

Жақсы ісін алға қойып мақтан етем.


Самал тау, сырнайлы өзен, арнам менің,

Ауданым, аты әйгілі Жармам менің.

Кәсібім - қара кенім, алуан менің,

Кен қазып, мал өсіріп, егін еккен.

Қаншама қиындықты бастан кештің,

Атыңнан айналайын Жарма өлкем.

Сонда да бас имедің ешкімге сен,

Өзіңдей жер табылмас өте көркем.


Жарма, Жарма, Жарма

Сенен артық жер бар ма?!

Өзіңде туып өскем.

Сыр сандығын бөліскем.


Сылдырлап аққан өзенің,

Сыңғырлап күлген арудай.

Қойнауың толған, байлығың,

Қасиетіңді асырып тұрғандай.


Табиғатың тамаша, қандай ғажап,

Сұлулығыңа еліктетіп аласың баурап.

Алдымда әсем гүл тұрғандай жайнап,

Қызығамын мен саған күнде қарап.


Шығарды Жарма атағын,

Талай жырау, көп ақын.

Арнап саған жырларын,

Гүлдене бер, Жарма!

Гүлге ене бер, Жарма!

Жарқыраған нұрлы

Болашағың алда!


Туған өлкем Жармаммен,

Мақтанар ұрпақ бірімін.

Менде үлес қосатын -

Жарманың бір гүлімін!

-Рахмет, сендердің де өз өлкелеріңнің көркеюіне үлес қосатындарыңа сенімдіміз.

- Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат- дей келе
Жайнай бер, Жарма әнін қабыл алыңыздар


Ән «Жайнай бер, Жарма»


ІІ. Тарих сыр шерткенде...

-Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі Тарих сыр шерткенде...

Жарма ауданында 22 әкімшілік-аумақтық бірлік, 83 елді мекен бар, оның 4-і ірі елді мекендер: аудан орталығы Георгиевка ауылы, Шар қаласы, Әуезов және Жаңғызтөбе кенттері.

Жарма ауданы Шығыс Қазақстанның орталығында орналасқан. Ол 1928 жылы құрылып, сол кездегі аудан орталығы – Жарма кентінің атауымен аталған. 1932 жылдан бері аудан орталығы болып Георгиевка ауылы болып саналады. (аудан орталығының атауы  2008 жылдан Қалбатау ауылы болып ауыстырылды). Жер көлемі 22 мың 600 шаршы шақырым немесе облыс көлемінің 8 пайызын құрайды.

72 елді мекен, оның төртеуі ірі Қалбатау ауылы, Шар қаласы, Әуезов және Жаңғызтөбе кенті. Әкімшілік территориялық белгілермен аудан 22 ауылдық бірлікке бөлінген, оның ішінде 1 қала, 4 кент және 17 ауылдық округтер бар.

2013 жылы жалқы халық саны 44913 адамды құрады, 23 ұлттың өкілдері өмір сүреді, олардың ішінде қазақтардың үлес салмағы 90,1%, орыстар 7%, басқа ұлт өкілдеріне 2,9%.


Табиғат бұл өлкені әр түрлі байлықтармен сыйлаған. Көптеген өзендер мен көлдер, жасыл белестер, көркем таулары бар.  Бұл өлке пайдалы қазба байлықтармен: алтын, асыл тастармен, қара мрамор және извест тастар және т.б.

Жарма жері ертеден-ақ оңтүстік пен солтүстікті керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен географтарды қатты қызықтырған, олардың көпшілігі жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, бұл жерлерде Ш.Уәлиханов, П. Семенов-Тян-Шанский, Г.Потанин, В. Обручев, А. Янушкевич сияқты басқа да көптеген атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған.

Ауданның тарихи және мәдени мұрасы ретінде 89 ескерткіш сақталған, олардың 54-і археологиялық, 7-і тарихи және 28-і мәдени. Олардың барлығы да мемлкеттік қорғауға алынған. Өлкенің тарихы мен мәдениетінің құжаттары және мұрағаттары аудандық тарихи-өлкетану мұражайында және 10 мектеп мұражайында жинақталған.

Жарма жері өзінің бай тарихын орынды мақтан етеді. Ел мен жерді қорғаудың өшпес үлгісін көрсеткен Еспенбет пен Боранбай би, Қонақай мен Нарбота, Қарақожа мен Жәнібек, Жалаңаш пен Бекжан, Ақтамберді, Итқара, Барақ және басқа да батырлар осында жоңғарлармен соғысқан. Жарма - әйгілі ақындар мен әншілер елі. Ақтайлақ би бастаған Сыбанның Байғара руынан 17 ақын шыққан. 19-шы және 20-шы ғасырларда есімдері өлкеден алыс жерлерге белгілі болған Әріп Тәңірбергенов, Сапарғали Әлімбетов, Төлеу Көбдіков, Қалихан Алтынбаевтың дәстүрлерін кейіннен Кеңесбек Қалиев, Дәмеш Омарбаева т.б. сынды ақындар жалғастырды.

-Қазір алдымызға Сұлтанғазы Аружанды шақырымыз

Сұлтанғазы Аружан ән «Туған жер»

-Рахмет

Туған жер туралы мақал-мәтелдер айтайық

Туған жер-алтын бесік.
Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

-ІІІ бөлім Жарманың жұлдыздары бұл бөлімде Жарма ауданының бір туар азаматтары туралы әңгіме болмақ

Әзілхан Нұршайқов, Тұрсынхан Абдрахманова, Бари Алибасов, Роза Рымбаева, Дәулет Тұрлыханов
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің! Назарларыңызға би «Саржайлау»

  • Бағана айтып кеткенмін бүгінгі кешімізге Жарма ауданымыздың құрметті азаматы Әлкеш Өкрешұлы келіп отыр, ендігі сөз кезегі өзіңізде.


ІV. Ақ тілек
-Рахмет енді балаларымыздың Жармаға деген тілектерін тыңдайық


Сабағымды мына Б. Әбеевтің « Ұлыма арнау» өлеңімен қорытындылағым келіп тұр.

«Ұлыма арнау»


Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тілінде кеткен сөйлеп атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді
Саған берер, менің осы батам да.

Өзге ұлттан кем санама өзіңді
Қай кезде бол шыдамды, төзімді
Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде.
Сақта есіңде, менің осы сөзімді.

Қадірлесең жерді мынау киелі
Оның саған шарапаты тиеді,
Ел, жер үшін Қабанбайдай қанаттан,
Сонда ғана халық сені сүйеді.















hello_html_m4f828b0f.jpg





hello_html_77b0586e.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы:Алтын бесігім – Жарма

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, мақал-мәтелдер жазылған плакат, буклет

Сабақтың түрі: кездесу

І. Кіріспе

- Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Алтын бесігім-Жарма» атты Жарма ауданының 85- жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келіпсіздер!

Бүгінгі біздің кешімізге Жарма ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың көркейуіне үлес қосқан азаматтарымыздың бірі Сатпеков Әлкеш Өкрешұлы келіп отыр.

- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен қандай сөз құрастыруға  болады.

-Жақсы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйің
нен басталады..
-Біздің кішкене Отанымыз Жарма ауданына биыл 85-жыл.
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған
жерін мақтан тұтуға тиісті.

Автор
Дата добавления 16.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров670
Номер материала 189934
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх