Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Алғырлар мен тапқырлар" сайысының жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Алғырлар мен тапқырлар" сайысының жоспары

библиотека
материалов

«Алғырлар мен тапқырлар» телебағдарламасы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Міндеттері: 1. Білімділік. Оқушылардың үш тілде меңгерген білімдерін қорытып, іс жүзінде пайдалану дағдыларын жетілдіру, білімдерін тиянақтау.

2. Дамытушылық. Оқушылардың ұшқыр ойлау қабілетін арттырып, тіл байлығын молайтып, өз ойын еркін, нақты және жүйелі түрде жеткізу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды заман талабына сай алған білімдері арқылы зияткерлікке , жауапкершілікке,ұлтжандылыққа, ұқыптылыққа, өзгенің ойымен санасу арқылы ынтымақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күміс қобдиша, «Ұлы тұлғалар галереясына» ұсынылған портрет, әр түрлі купюрадағы «эвролар» («эврика» сөзінен шыққан зияткерлік ақша бірлігі).

Тех.құрал:компьютер, проектор, ,жылжымалы экран.

Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар, бағалау парағы.

Сабақтың құрылымы:

Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады.Ойын 4 турдан тұрады.

І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ тур . Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.

ІІІ тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ таңдаған пәні бойынша берілген тапсырманы орындайды.

ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Сабақтың барысы:

Көрермендер теледидардан клип көріп отырады

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңдер ме кішкентай телекөрермендер. Балапан телеарнасына қош келдіңдер.Біздің телеарнада «Алғырлар мен тапқырлар» сайысы өтеді .Ол сайысқа 4- сынып оқушылары қатысуға келе жатыр.Ендігі келіп те қалған шығар. Мен қарсы алайын ал сендер әзірше Балапан телеарнасында өтетін бағдарламалармен танысыңдар.

(Клип

Жүргізуші: Бүгінгі «Алғырлар мен тапқырлар» сайысына қош келдіңдер. Бүгінгі сайысымызға «Шалқыма» би тобы қонаққа келіп отыр.Қошеметпен қарсы алайық

  1. Әділқазылар мүшелерін сайлау.

  2. Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады.

«Алғырлар» тобы: « Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді »

«Тапқырлар» тобы : « Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Білімнен шықсын тек жақсы атымыз ».

  1. Көрермендермен ойын.Сауда айналымындағы купюралар туралы түсініктерін білу.

--- Біздің елімізде қандай ақша бірлігі қолданылады ?

--- Әлемдегі айналымда тағы қандай ақша бірлігі бар ?

---Эвро дегеніміз эврика деген сөзден шыққан. Европа елдеріне ортақ ақша.

  1. Кіріспе. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім» деп шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бирони айтқанындай білім байлығы саудаға түсер аукцион шартымен танысып, сайысты бастаймыз.Аукционда сауда « эврика» сөзінен алынған « эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әр топтың қорында 50 эвродан бар, бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңды көбейту - өз қолыңда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы-10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарлата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылыды. Егер дұрыс жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады .

І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

Аукциоңға қойылған

1 лот. Дүниетану пәні бойынша.

Сауданы бастаймыз.Бастапқы баға -10 эвро.Қай топ жоғары баға береді?

..... тобы бір, ..... тобы екі,...... тобы үш. Сатылды!Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына..... эвро қосады.

Сұрақ. Суреттегі заттар қандай пайдалы қазбалардан жасалған ?



2 лот. Математика пәні бойынша.(Сауда жүргізіледі)

Сұрақ.Өзен жағасындағы 5 литрлік бидон және 3 литрлік банкымен 4 литр суды қалай құйып алуға болады?

3 лот. Ана тілі пәні бойынша.(Сауда жүргізіледі)

Ұлы тұлғалар галереясы

Сұрақ. Сіздердің назарларыңызға(проектр арқылы экраннан көрсетіледі) ұсынылып отырған « Ұлы тұлға- бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылық кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген . Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен .Яғни, « Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт- береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп ,найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса ,құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл Ұлы адам кім? (Қазбек би)

4 лот. Орыс тілі пәні бойынша.(Сауда жүргізіледі)

Сұрақ.Прочитайте пословицы. Объясните их смысл.


Человек без родины- соловей без леса.
Сильный победит одного — учёный тысячу.




5 лот. Ағылшын тілі пәні бойынша.(Сауда жүргізіледі)

Сұрақ.Сөздерді көпше түрде жаз.

a pen- pens

a dog- dogs

a pensil- pensils

a monkey- monkeys

a kitten- kittens



6 лот. Қазақ тілі пәні бойынша.(Сауда жүргізіледі)

Сұрақ.Бірінші сөзі- көп сөзіне қарама-қарсы сөз, екінші сөзі- сөйлемнің ең кішкентай бөлшегі, үшінші сөзі- қымбат металл аты болып келетін қай мақал? Мағынасын түсіндір.

Осы І тур аяқталған соң қорытындысы экраннан көрсетіледі.Жоғары капитал жинаған топ.....



ІІ тур . Эрудиттер сайысы. Әр топқа берілген сұрақтар саны 20 . Әрбір дұрыс жауап құны -10 эвро.Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда « келесі» деп айту сұралады.



1-топқа арналған сұрақтар:

1.ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Ниязбеков)

2.Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? (9)

3.Қазақстанның тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)

4.1 километрде неше метр бар?(1000 метр)

5. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады?( тәулік)

6.Көбелек, қоңыз, инелік, шыбын-шіркейді бір сөзбен не дейді?(жәндіктер)

7.Ұя салмайтын құс?(көкек)

8. «Д» қандай дыбыс? (дауыссыз , ұяң)

9. Суыққа ең төзімді құстар? (қаз бен үйрек)

10. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе?(Жер)

11.Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит?(Тынық)

12.Жел бағытын анықтайтын құрал не ? (желбағар)

13. Сколько чисел в русском языке ?(единствен, множеств)

14. «й» -это гласный или согласный звук ?(согласный)

15. 7 2 – қанша?(49)

16 Ең кіші төрт таңбалы сан (1000)

17 .Басты байлық не ? (денсаулық)

18. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)

19 Әке – сөзінің ағылшынша аудармасы (a father

20 . дәптер-сөзінің ағылшынша аудармасы (copy book)



№ 2-топқа арналған сұрақтар.

1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот-Аман Уәлихан ҚР- ның қай рәміздің авторлары? (Елтаңба)

2. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны (алфавит,әліпби)

3. Сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру қалай аталады?(тасымал)

4. Басқа тілден енген сөздер(кірме сөздер)

5. 1 сағатта неше минут бар ?(60 минут)

6. Ағылшын әліпбиінде неше дыбыс бар ?(44 дыбыс)

7. Қазақстанның Тәуелсіздік ал5анына неше жыл толады ? (20 жыл)

8. Киіктің төлін қалай атайды ? (құралай)

9. Тұмсығы ұзын жануар (піл)

10. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл)

11. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

12. 33- қанша?(27)

13.Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

14 .Тұрлаулы мүшелерді ата( бастауыш, баяндауыш)

15. Абайдың әжесі кім? (Зере)

16. Еңбек етпеген ........(ішіп - жемейді)

17. Сколько в русском языке гласных ?(10)

18. Какие буквы не обазначают звуков ?(ъ,ь)

19.мұғалім- сөзінің ағылшынша аудармасы( a teacher)

20. кітап- сөзінің ағылшынша аудармасы ( a book)

(Жарнама)



ІІІ тур. " Таңдау-табыс". Әрбір топ таңдаған пәні бойынша берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны - 50 эвро.

Таңдауды капиталы аз топ бастайды.



Сұрақ.Қазақ тілі

Оңға қарай оқысаң,-мал аты , солға қарай оқысаң ,- адам денесіндегі таңба. Ол қандай сөз ? ( Қал-лақ)

Сұрақ. Орыс тілі

Отгадайте загадку.

Через поле и лесок

Подаётся голосок .

Он бежит по проводам -

Скажешь здесь ,

А слышно там .



Сұрақ .Математика

Бөрененің ұзындығы 120 см .Оның үштен бір бөлігін кесіп тастады.

Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Жауабы: 120*1/3=40

120см-40см=80см



Сұрақ Дүниетану.

Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар.Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген.Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан ?

Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі. Түркістан қаласы.





Сұрақ. Ағылшын тілі

Есепті ағылшын тілінде сөйлеп шығар

2+1= 4+6= 7-2= 10-9=

Two plus one is three seven minus two is f ive





Сұрақ Ана тілі

Сипаттау мәтінін құрастыр.

(Өлең «Астана»)

Әділқазылар тур қорытындысын бағалайды

ІҮ тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса -- сыйлық сіздікі. Бастапқы баға- 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? (60-ға дейін



№1 лот.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)

№5 лот.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш)

№2 лот.

Он екі ақ парақ,

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап. (дәптер)

№6 лот.

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі.

(қарындаш)

№3 лот.

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады . (өшіргіш)

№7 лот.

Күн-күн сайын жыртылдақ,

Өміріміз бір жылдық. (күнтізбе)

№4 лот.

Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам)

№8 лот.

Бірге барып сыныпқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.

(күнделік)

Соңғы сөз эксперттерге беріліп, марапаттау рәсімі өткізіледі.

hello_html_m749b2381.jpghello_html_403d0d2c.jpg









hello_html_786cd5fa.jpghello_html_3e1b97e0.jpg











hello_html_m3d5eee08.jpghello_html_m749b2381.jpg











hello_html_2c750079.jpg





















«Парасат» мектеп-лицейі







«Алғырлар мен тапқырлар» телебағдарламасы

Құрастырушы: Искакова С.Қ.

hello_html_786cd5fa.jpg































hello_html_49428066.pnghello_html_4d07a666.pnghello_html_m26cd0319.pnghello_html_m57d450e9.pnghello_html_3c36b21b.pnghello_html_m788474c3.pnghello_html_182a632d.pnghello_html_m1f583eac.pnghello_html_63bcb5f3.pnghello_html_m62cc0c01.png

Краткое описание документа:

"Алғырлар мен тапқырлар" сайысының жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылып отыр. Факультатив сабақтарында сайыс түрінде өткізуге болады.

Жоспарда сайыстың өту барысы, кезеңдері, тапсырманың түрлері берілген.

Сайысқа 2 топ қатысады. Әділқазылар алқасы сайланып алынады. Әр тур өткеннен кейін, қорытындысы шығарылып отырады.Соңғы турда әр топ жинаған ақша қорын есептеп, сыйлыққа айырбастайды. Сабақта интерактивті тақта қолданылады.Жоспарда сайыстың өту барысында түскен фотосуреттер бар.

Автор
Дата добавления 17.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров742
Номер материала 116415
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх