Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Алюминий және оның қосылыстары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Алюминий және оның қосылыстары

библиотека
материалов
hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Сабақ жоспары

27.01.2014 ж. 1135-1220, 9Ә сыныбы, Химия, Бухарбаева Фарида.

Абай атындағы ҚазҰПУ, ЖГИ, «5В060600–Химия», 4 курс студенті


Сабақтың тақырыбы: §35, 36. Алюминий. Алюминий қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға алюминийдің периодтық жүйеде орналасуы мен қасиеттерін түсіндіре отырып, оның қосылыстарына сипаттама беру, техника мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру; Екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан әрі жүйелеу. Жай заттардың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы сипаттау. Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, бұрын алған білімдерін қорыту.

Дамытушылығы:

  • р -элемент алюминийдің электрондық формуласын құрастыру;

  • жеке атомға сипаттама беру;

  • әр топтың атомдарының айырмашылығын түсіндіре білу;

  • қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі:

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету;

  • еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру;

  • еліміздегі металдардың таралған жерлеріне, кенорындарына тоқталып, патриоттық тәрбие беру;

  • өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу;

  • оқушының материалды меңгеруге саналы түрде жетуін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірме, есеп шығару.

Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих т.б

Көрнекіліктер: қымбат, бағалы тастар (жинақ), тау жыныстары (жинақ),

тірек-сызбанұсқа (алюмнийдің реакция теңдеулеріне байланысты сызбанұсқа).

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, Н.Заграничная, Ә. Темірболатова. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009 ж., 154-162 беттері.

  2. И.Нұғыманұлы, Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева «Химияны оқыту әдістемесі» Алматы 2005жыл, 286-290 беттері.

  3. Б. А. Бірімжанов «Жалпы химия» Алматы 2011 ж., 550-556 беттері.

Қосымша материалдар: интернет көздері:www.45minut.kz



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2минут)

  2. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

  3. Жаңа сабақты түсіндіру (18мин)

  4. Жаңа сабақты бекіту (11мин)

  5. Үй тапсырмасын беру (2мин)

  6. Бағалау (2мин)



Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды сынып журналы арқылы түгелдеймін. Оқушылардың сабаққа назар аударуын, сабаққа дайын екендіктерін білу үшін олардың оқу құралдарының түгел болуын қадағалаймын.


Үй тапсырмасын сұрау (10 минут):


Сұрақ: ІІ топтың негізгі топша металдарына қандай элементтер жатады? Олардың периодтық жүйедегі орны.

Жауабы: Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra.

Сұрақ: Сілтілікжер металдарының табиғаттағы таралуы жөнінде айтыңыз.

Жауабы: Сілтілік металдардың атаулары сумен белсенді әрекеттескенде сілті түзуіне байланысты алынған. Сілтілік жер металдар тобына келеі металдар жатады: кальций, барий және стронций, қазір бұлардың қатарына радий да қосылады. Бұлай аталу себебі, олардың оксидтері алхимия кезеңінде «жер» деп аталған, ал оларды суда еріткенде сілтілер алынған. Табиғатта кальций және магний ғана көп, ал қалғандары аз таралған. Радий – сирек кездесетін радиоактивті элемент.

Сұрақ: Кальцийдің физикалық қасиеттерін айтыңыз.

Жауабы: Кальций – күмістей ақ, жеңіл металл. Оның тығыздығы р=1,54 г/см3 . Сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.

Сұрақ: Кальцийдің химиялық қасиеттерін айтыңыз.

Жауабы: Кальцийдің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты +2. Химиялық реакцияларда кальций белсенді тотықсыздандырғыш. Ол әр түрлі бейметалдармен әрекеттеседі:

hello_html_579e5e10.gifкальций сульфиді

hello_html_8878155.gifкальций нитриді

Ауада қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанып, кальций оксидінің бөлшектерінен тұратын ақ түсті түтін түзеді:

hello_html_m42eff47e.gif

Сұрақ: Кальцийдің өнеркәсіпте алыну жолы. Реакция теңдеуі.

Жауабы: Өнеркәсіпте кальцийді сілтілік металдар сияқты, тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады:

hello_html_m6abfc71a.gif

Сұрақ: Кальций қосылыстарының қолданылуы.

Жауабы:Кальцийді тотықсыздандырғыштық қабілетіне бола өнеркәсіпте кейбір бағалы және сирек кездесетін (Ti, V, Be, U, т.б.) металдарды алу үшін қолданады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қоланылады.

hello_html_17c1f2af.gif


Сұрақ: Кальций қосылыстарын атаңыз. Олардың қолданылуы

Жауабы: Қарапайым бір қосылысын атасам: Кальций оксиді – ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000hello_html_5a591b77.gif шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:

hello_html_3cfdb59d.gif

Сұрақ: Кальций тұздарының маңызы.

Жауабы: Кальций тұздарының құрылыста үлкен маңызы бар. Олардың сумен химиялық байланысып кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мысалы, табиғи гипсті hello_html_m25335fff.gif өртегенде, өзінің кристаллдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады. Алебастр ұнтағын умен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіп қатаяды. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып қоймайды, оны әшекейлік бедер, мүсіндер жасағанда және медицинада пайдаланады.

Сұрақ: Судың кермектігі қандай элемент иондарының әсерінен пайда болады?

Жауабы: Кальций және магний.

Сұрақ: Кермектік калай бөлінеді?

Жауабы: Судағы кермектік уақытша және тұрақты болып 2 бөлінеді.

Сұрақ: Суда еріген тұздан толықтай тазарту үшін қолдануға болатын негізгі әдіс.

Жауабы: Айдау әдісі (дистилляция).


Үйге берілген тапсырмаларды сұраймын:

  1. CaO → CaCl2 → CaCO3 → CaO → Ca(OH)2

CaO + 2HCl = CaCl2 + H2O

CaCl2 + H2CO3 = CaCO3 + 2HCl

CaCO3 = CaO + CO2

CaO + H2O = Ca(OH)2


  1. 20г кальций оксиді сумен әрекеттескенде, түзілген негіздің массасын есептеңіз.

Бер: m(СаО)=20г

Т/к: m(CаОН)2=?

Шешуі: 20г хг

Са + Н2О= Са(ОН)2 + Н2

40г 74г

20(Са)--------------хг Са(ОН)2

40г ---------------74г Са(ОН)2 Х=20*74/40=37г Са(ОН)2

Жауабы: m(CаОН)=37г


3) 30г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО мөлшері қанша?

Бер: m(Са)=30г

Т/к: v(CаО)=?


30г хг

Шешуі: 2Са+О2= 2СаО

80г 2моль

30г (Са)------------- хмоль СаО

80г ---------------2моль СаО Х=30*2/80=0,75 моль СаО

Жауабы: v(CаО)=0,75 моль


Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі (18 минут):

Периодтық жүйедегі орны:




Атом құрылысы:

1. Ядро заряды- +13

2. Электрон саны- 13

3. Протон саны- 13

4. Нейтрон саны -14

5. Энергетикалық деңгей саны -3

6. Валенттілік электрондары- 3

7. Электрондық конфигурациясы: 1s2 2s22р63s2 3p1


Табиғатта таралуы:

1. Жер қыртысында таралуы бойынша алатын орны – III

2. Алюмосиликаттар (Al, O2, Si, Сілті Me,Сілті.жер Me).

3. Каолинит (H2O3· 2SiO2· 2H2O) саз балшық

4. Корунд (Al2O3) өте қатты, рубин(қызыл), аметист(күлгін),сапфир (көк)

5. Боксит (Al2O3 · nH2O)

6. Қазақстанда кездесетін кен орындары: Қостанай,Ақтөбе облыстарында


Физикалық қасиеттері:



Химиялық қасиеттері:

Алюминий ауада бұзылмайды, өйткені оттекпен әрекеттескенде тез түзілетін оксидтік қабықшамен hello_html_a0afd88.gif қапталады. Алюминий ұнтағын қыздырғанда тұтанады және hello_html_a0afd88.gif оксидін түзіп, жарық жалынмен жанады:

hello_html_26765cf6.gif

Егер оксид қабыршақ бұзылса, алюминий оттекпен де, сумен де әрекеттеседі:

hello_html_mce676ec.gif

Белсенді бейметалдармен алюминий қалыпты жағдайда немесе қыздырғанда қуатты реакцияласады:

hello_html_m26d9c2cd.gif

hello_html_43fc60ac.gif

Алюминий қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады:

2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2

2Al + 6NaOH + 2H2O = 2Na[Al(OH)4] + H2

2Al+Fe2O3=Al2O3 +2Fe+3241кДж


Алынуы: Өндірісте жер балшықтан тазартылған алюминий окидіне hello_html_a0afd88.gif натрий-алюминий фторидінің қоспасын қосып электролиздеу арқылы алады:

hello_html_m3eb0f1ab.gif

Қосылыстары: Алюминий оксиді hello_html_a0afd88.gif – қиын балқитын, қатты ақ түсті зат (Тқай.= 2500hello_html_5a591b77.gif). Алюминий оксиді суда ерімейді, онымен әркеттеспейді. Ол екідайлы, қыздырғанда қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеспейді:

hello_html_m4178922d.gif

hello_html_531ad990.gifнатрий ортоалюминаты

hello_html_67c7093a.gifнатрий метаалюминаты

Алюминий гидрокиді hello_html_7265db56.gif – ақ түсті уда ерімейтін зат. Алюминий гидроксидін алу үшін оның тұзының ерітіндісіне біртіндеп сілті қосады:

hello_html_387b1fb0.gif

Алюминий гидроксиді екідайлы, өйткені қышқылдарда да, сілтілерде де ериді:

hello_html_m6609f516.gif

hello_html_78303f75.gif

Қолданылуы:

Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері оны осы заманғы техникада кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Таза күйінде оны электротехникада пайдаланады. Таза алюминийді тамақ өнеркәсібінде жұқа орағыштар (жұқалтырлар) ретінде көп пайдаланады.


Жаңа сабақты бекіту (11 минут):

Жаңа тақырыпты қорытындылау үшін мына реакция теңдеулерін жүзеге асырып, талдауды ұсынамын.


1
. Al→hello_html_a0afd88.gifhello_html_31e27a44.gif hello_html_7265db56.gifhello_html_1ec0d38c.gif

hello_html_a636c31.gif

hello_html_m1e5b1cee.gif

hello_html_m4ef0bb3b.gif

hello_html_m6609f516.gif
2
. Алюминтермия процесінде 69 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда 39,5 г темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар.

Берілгені: Шешуі: 69 г х г

m(hello_html_7ecaf962.gif)=69 г hello_html_34eff11.gif

m(hello_html_m110f9d57.gif)=39,5 г 160 г 112 г

т/к: ƞhello_html_4fd87f0d.gif)=?

69 г (hello_html_7ecaf962.gif) ------------- х г (hello_html_m110f9d57.gif)

160 г (hello_html_7ecaf962.gif) ------------- 112 г (hello_html_m110f9d57.gif) Х=69*112/160=48,3 г (hello_html_m110f9d57.gif)

hello_html_m768fcf.gif

hello_html_626850be.gif

Жауабы: ƞhello_html_4fd87f0d.gif)=82%


3.
13,2 г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын көлемі 8,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар.

Берілгені: Шешуі:

m(Al,Cu)=13,2 г хг 8,72л

V(газ)=8,72 л 2Al+6HCl= 2AlCl3+3H2

54г 67,2л

Т/к: ω(Al)=? xг (Al)------------- 8,72 л

ω(Cu)=? 54г(Al)-------------67,2 л Х = 54*8,72/67,2 = 7 г (Al)

m(Cu) = m(Al,Cu) - m(Al) = 13,2 – 7 = 6,2 г


hello_html_m2e7f4035.gif


hello_html_7b63521a.gif


hello_html_m6c7a7a52.gif

Жауабы: ω(Al)=53%

ω(Cu)=47%


Үй тапсырмасын беру (2мин):

154-162 беттегі §35-36 оқу. 160 беттегі №8, 9, 162 беттегі №6 есептерді шығару.

Бағалау (2 минут):

8


Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-363769
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх