Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Алюминий және оның қосылыстары

Алюминий және оның қосылыстары

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық және интелектуалдық қабілетін, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалдық  сауаттылығын дамыту.

Сабақ міндеттері:

  • білімділік: Алюминий және оның қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттерін қолдану. Маңызды сипаттайтын химиялық процесстер жөніндегі ұғымды қалыптастыру.

  • дамытушылық: дидактикалық ойындар, есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

  • тәрбиелік: функционалдық  сауаттылыққа және денсаулықты сақтауға, туған өлкені қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,зертханалық жұмыс, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, бейнекөрініс

Пәнаралық байланыс: физика, қазақ тілі,математика

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Жаңа сабақ.

  3. Зертханалық жұмыс «Алюминийдің химиялық қасиеті».

  4. Жаңа сабақты бекіту: Функционалдық сауаттылыққа арналған жаттығулармен жұмыс жасау.

  5. Бағалау

  6. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.Сәлеметсіздер ме оқушылар.(1мин)

Сабағымызды бастауға дайынсындар ма?

  1. Жаңа сабақ. Сабақты әңгімелеу арқылы ашу. Сабақтың тақырыбын жұмбақ есеп және жаттығу  арқылы ашу. Оқушыларды төрт топқа бөліп,әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру

Алюминийді периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру және атом құрлысын жазу.(флирпчарт арқылы интерактивті тақтаға жазу). (2 мин)

Тақырыпты ашу арқылы алюминийдің физикалық қасиетіне өтеміз.Тәжірибелік жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережесін еске түсіру.

 

1-нұсқа. “Ой қозғау” сатысы.Жаңа сабақтын тақырыбын ашу.

Массасы 9г металл тұз қышқылының артық мөлшерімен әрекеттеседі. Сонда қалыпты жағдайда бөлінген сутектің көлемі 11,2 л. Осы металдың қосылыстарында валенттілігі 3-ке тең екенін ескеріп, оның қандай металл екенін атаңдар.

2-нұсқа. Металдың химиялық элемент ретіндегі атом құрылысына және периодтық жүйедегі орнына сипаттама. Флипчарт.

 

 

1. Металдық электрондық формуласы

1s  2s  2p  3s  3p

2.Металл р элементі

3. Периодтық жүйедегі орны:

Атомның энергетикалық қабат саны

4. Атом ядро заряды +13, протон саны ___, нейтрон саны ____, жалпы электрон саны ___

5. Валенттілігі ____

6. Тотығу дәрежесі ____

7. Оксидінің формуласы және қасиеті _________________________________________

8. Гидроксидінің формуласы және қасиеті _____________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Зертханалық жұмыс «Алюминийдің химиялық қасиеті».

Iтоп. №1.Тәжірибелік . Алюминийдің тоқ өткізгіштігіне  байланысты зертханалық жұмыс көрсетеді.Ал қалған оқушылар тірек сызбамен жұмыс (физикалық касиеті).(мин)

 Алюминийдің химиялық қасиеті бойынша:

II топ. №2 тәжірибе:   Алюминийдің сұйытылған қышқылдар әсеріне қатынасы(мин)

IIIтоп. №3 тәжірибе: Алюминийдің сілтінің судағы ерітіндісіне әсері  (мин)

Ivтоп.№4 тәжірибе: Алюминий гидроксидін алу.Алюминий гидроксидің амфотерлі қасиеттерін тексеру(мин)

 

1.Тәжірибелік жұмыс (1-топ):

Физикалық қасиеті бойынша: Алюминийдің тоқ өткізгіштігі.

Жұмыстың мақсаты: Алюминий сымының электр тоғын өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: Тоқ көзі, амперметр, қыздыру шамы, өткізгіш алюминий сымдары.

Жұмыс барысы:

1. Суреттегі сызбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

2. Тоқ көздерін қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.

3. Қыздыру шамының жаңғанын бақылау.

 

А

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сызбамен жұмыс.Алюминийдің физикалық қасиетін жазу.

 

 

Al

 

 

2-топ.Химиялық қасиеті бойынша:

2.Тәжірибе:   Алюминийдің сұйытылған қышқылдар әсеріне қатынасы

Екі пробиркаға: әр қайсысынан 5-6 тамшыдан тұз,азот қыщқылдарының ерітіндісін құйыңыз. Әр пробиркаға алюминий жаңқасының 1-2 түйірін салыңыз. Қуатты түрде газ бөлінгені байқалған пробиркаға жанып тұрған ағаш жаңқасын апарып газды жандырыңыз.  

 Алюминий мен тұз қышқылының, алюминий мен  азот қышқылының әрекеттесу реакцияларын жазыңыз.

 

3-топ

3.Тәжірибе: Алюминийдің сілтінің судағы ерітіндісіне әсері

     Пробиркаға натрий гидроксидінің  30 %-ті ерітіндісінен 4-5 тамызыңыз, оған алюминий жаңқасының 1-2 түйіршігін саламыз. Қатты газ бөліне бастағанда жанған ағаш жаңқасын бөлініп жатқан газға апарын жандырамыз. Байқағаныңызды жазыңыз.Алюминийдің сілтінің сулы ерітіндісімен әрекеттесу реакциясын жазыңыз.

4-топ

4. Тәжірибе: Алюминий гидроксидін алу, алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиеттерін тексеру.

   Пробиркаға алюминий сульфатынан 5 тамызып, үстіне натрий немесе калий гидроксидінің бірнеше тамшысын ақ тұнба пайда болғанша құямыз. Сілті мен алюминий сульфатының әрекеттесіп, алюминий гидроксидін түзуінің реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде. Алюминий гидроксидін екі пробиркаға бөліп. Бір пробиркадағы ерітіндіге сілтіден бірнеше тамызамыз да, екіншісіне тұнба ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құямыз. Байқаған құбылысты жазыңыз.

  алюминий гидроксиді мен тұз қышқылының әрекеттесу және алюминий гидроксидінің сілтімен әрекеттесіп, құрамы,тұз түзу реакцияларының теңдеулерін молекулярлық және иондық түрлерінде

 

Орындалу

тәртібі

Бақылау

Реакция теңдеулері

Қорытынды

 

 

 

 

 

  1. Бекіту кезеңі:

1-топ. Суреттерге қарап отырып, алюминийдің қасиеттерін қолдану салаларын жазыңдар. Қысқаша эссе жазыңдар.

2-топ. Мына берілген заттардың қайсылары алюминий қосылыстарына тән емес.

3-топ. Мәтінмен жұмыс. Теміртау газетінен үзінді.Императорларға және кедейлерге арналған ыдыстар.

4-топ. Мәтінмен жұмыс. Д.И.Менделеевтің өмірінен алынған нақты дәлелдер.(5мин)

Видеоролик(мини-жоба қорғау). Қазақстандағы алюминий өндірісі.

Функционалды сауаттылыққа арналған тапсырмалар: Суреттерге қарап отырып, алюминийдің қасиеттерін қолдану салаларын жазыңдар. Қысқаша эссе жазыңдар

 

1-топ. Суреттерге қарап отырып, алюминийдің қасиеттерін қолдану салаларын жазыңдар. Қысқаша эссе жазыңдар.

2-топ. Мына берілген заттардың қайсылары алюминий қосылыстарына тән емес,себебін түсіндіріңдер.

 

 

3-топ. Мәтінмен жұмыс. Теміртау газетінен үзінді.Ақсүйектер мен кедейлерге арналған ыдыстар.

Алюминий ыдысын кедейлер ыдысы деп аталады,өйткены бұл металл адамдардың ұмытшақтығын (атеросклероз)дамуын қалыптастырады.Алюминий ыдысында пісірілген тамақ адам ағзасына өтіп жиналады.

Ал ХIХ ғасырда алюминий ыдысы ақсүйек (император)адамдар үшін сұраныста болған металл.

Наполеон III кеш ұйымдастырып жоғарғы дәрежелі қонақтарға алюминий қасық,шанышқы ұсынған.Ал қарапайым қонақтар ақсүйектер сарайында қалыптасып кеткен алтын мен күмістен жасалған ыдыстармен тамақтанады.Сол кезде ең қымбат алюминий сылдырмақ ойыншығы Наполеон III ұлында болған.

 Мәтінен оқығандарыңызды себеп салдарын түсіндіріңіздер.

4-топ. Мәтінмен жұмыс. Д.И.Менделеевтің өмірінен алынған нақты дәлелдер.

Орыстың ұлы химик-ғалымы Д.И.Менделеевке алтын және платинадан жасалған сыйлықтармен бірге,ең қымбат сыйлық алюминийден жасалған кесе ұсынылған.

Сұрақ:Егер сіздер мектеп бітіргенде жақсы оқығандарың және үлгілі тәртіптерің үшін алюминий ыдысын ұсынса не айтар едіңіз? Бүгінгі біліміңізді қолдана отырып. 

 

Видеоролик(мини-жоба қорғау). Қазақстандағы алюминий өндірісі.

5.Бағалау (эмблема арқылы).

6.Қорытындыла, рефлексия. Сұрақ-жауап

  Адам  өміріне алюминийдің ең негізгі пайдасы мен зиянын түсіну.

Алюминийдің пайдасы

Алюминийдің негізгі пайдасы

Алюминийдің ең негізгі пайдасы

 

 

 

 

 

 Алюминийдің зияны

Алюминийдің негізгі зияны

 Алюминийдің ең негізгі зияны

 

 

 

 



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-540985

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG