Инфоурок География КонспектыАмерика Құрама Штаттары экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.

Америка Құрама Штаттары экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы.

Скачать материал

Пәні: география

Күні:

Класс: 11
Сабақтың тақырыбы: Америка Құрама Штаттары экономикалық - географиялық жағдайы.
Мемлекет тарихы.
Сабақтың негізгі мақсаттары:
1.Мемлекет тарихы мен геосаяси жағдайын анықтап, оқушыларға оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Білу. АҚш - тың экономикалық жағдайын және мемлекет тарихына геосаяси жағдайына сипаттама беріп түсініктерін қалыптастырады.
Түсіну: Ақштың маманданған салаларын ажыратып сипаттай алады.
Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды, картамен жұмыс жасауды, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой елегінен өткізіп өзіңді ой қалыптастырады.
Бағалау: өзара бағалау және өзін - өзі бағалау.
Қажетті ресурстар: үлкен телевизор, ноутбук, фильм, постер, презентация, оқулық, карта, бағалау парағы, интернет материалдары.

1. Бөлім Кіріспе.
І Ұйымдастыру.
Сынып оқуышармен амандасып жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Сергіту сәті
/ көз жаттығулары/
Оқушыларды жұпқа бөлу. Бағалау парағы таратылады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Алдыңғы тақырып бойынша үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың жұмыстарын тексеру.
1. Американың қоныстану және игерілуі
Географиялық диктант
Жеке жұмыс ( әр сұрақ 1 балдан барлық дұрыс жауапқа 5 балл)
1. Солтүстік Америка жеріне осыдан шамамен 40 мың жыл бұрын... қоныс аударушылардың алғашқы легі келіп жетті.
2. Алғашқы қоныс аударушылар құрлықта аң...,...,..., аулап, терімшілікпен күнелткен.
3. Еуропалық пен үндістердің некесінен туғандарды..., еуропалықтар мен Африкалықтардың ұрпақтарын..., ал африкалықтар мен үндістердің некесінен туғандарды..., деп атайды.
4. Ғалымдар Америкадағы алғашқы отырықшы мекен осыдан 10 мың жыл бұрын қазіргі..., маңында пайда болған деген болжам жасайды.
5. Еуропалықтар келген кезде үндістер саны шамамен..., млн болған.

Жауабы:
1) Азияның солтүстік - шығысынан, 2) мамонт, қойөгіз, аю.
3) метистер, мулаттар, самбо. 4) Чикаго маңында. 5) 40 млн болған.

Оқушының сыныптастарына сыйы.
2. Өздік жұмыс оқушы презентация жұмысын көрсетіп қорғайды.
2- кезең. Тұсаукесер

ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ортақ жұптық жұмыс
Сәйкестендіру тест
Әр топ берілген тапсырмалары бойынша өз пікірлерін ортаға салып талдап қай мемлекет туралы айтылғанын анықтайды. Бұл АҚШ мемлекетімен байланысты берілген тапсырмалар, олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Америка Құрама Штаттары. АҚШ – тың экономикалық – географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Дәптерлеріңізді ашып сабақтың тақырыбын жазыңдар.

І. Ақпараттық – танымдық саты. (АҚШ туралы мәлімет).
Кластер құру 3 минут ішінде АҚШ - тың географиялық орнын анықтау. ( 5 балл)
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
АҚШ - Америка Құрама Штаттары (ағылшынша: The United States of Amerika ) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысынды Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитымен шайылады. АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Томас Эдиссон Марк Твен тағы басқалардың отаны.

Президент – мемлекет басшысы, ол бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады. Төрт жыл мерзімге сайланады. Ең алғашқы президент Джордж Вашингтон 1789 жылы 30 сәуірде сайланды. Ортағасырдағы астролог Районер «Қара өрмекші» атанған 15 ғасырда Американы 44 президент басқарады деп болжам жасаған. Қазір АҚШ – ң мемлекет басшысы болып 44 – і президент Барак Обама басқарады. Президент Ақ үйде отырып басқарады. Ол Вшингтон қаласында орналасқан. Ақ үй деп атауы, өрттен кейін ақ сырмен сырлауына байланысты аталып кеткен.

Жұптық жұмыс (10 баллдан өзара бағалау)
1 жұпқа: АҚШ - тың физикалық географиялық және экономикалық – георафиялық жағдайы туралы
2 жұпқа: Мемлекет тарихы.
Екі топ берілген тапсырма бойынша мемлекет тарихына геосаяси жағдайына анықтама беріп постер жасап қорғайды.

ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалімнің оқушыларға сыйы.
Бейнефильм көрсетілімі.
Сынып бойынша ортақ топтық жұмыс
3 тапсырма. Геосаяси жағдайы.
Ортаға жеке парта қойылады
(оқушылар саны аз болғандықтан оқушылар бірігіп АҚШ - тың геосаяси жағдайына резюме толтырады) Геосаяси жағдайы.
Оқушылар АҚШ - тың геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтайды.
АҚШ – тың геосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты, ең алдымен оның дүние жүзіндегі айрықша орнымен анықталады.
АҚШ 20 ғасырдың басында бейтарап саясат ұстанатын жариялағанымен, дүние жүзінің саяси картасын түбегейлі өзгерткен аса маңызды саяси оқиғалар бұл мәлемдемені іс жүзінде асыруға мүмкіндік бермеді. Қандай саяси оқиғалар?
Біздің елімізбен Ақш арасындағы жан - жақты қарым - қатынастар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң дами бастады. Қазақстанға 1993 - 2000 жылдары келіп түскен тікелей инвестициялардың 34 пайызы АҚШ үлесіне тиесілі болды, ал оның жалпы көлемі 4 млрд 207 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда АҚШ – пен бірлескен кәсіпорындар саны көбейіп келеді.
Мұғалім бағалайды.
Сабақтың қорытынды кезеңі:
Оқушылар жинаған балдарын есептейді мұғалім қорытынды баға айтады.
Оқушылар кері байланыс жасайды.
Не ұнады......................................
Не қиын болды........................
Тілегім................................
Үйге тапсырма: АҚШ - тың экономикалық географиялық жағдайы. Оқып келу

Бағалау парағы
Өзін - өзі бағалау
30 - 35 тен жоғары 5 (бес) алады, 25 - 30 - дан жоғары 4 (төрт) алады, 25 - тен төмен 3 (үш) алады (Ескерту бағаны нақты әділ қойыңыздар).

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Америка Құрама Штаттары экономикалық - географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²<[1][2][3] (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. СолтүстіктеКанадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18°С, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8°С. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12°С-тан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22°С, шығыста 16 – 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.

АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады

 

Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83).

 

1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.

1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді.

2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 824 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2015 2231
    • DOCX 26.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жазимова Ботакоз Токсанбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жазимова Ботакоз Токсанбаевна
    Жазимова Ботакоз Токсанбаевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14286
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "География")

Учитель географии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 985 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 366 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 759 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе