Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Қамқор болып өсемін" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Қамқор болып өсемін" (1 сынып)

библиотека
материалов

Пәні:Өзін-өзі тану

Сынып: 1 - сынып

Мұғалім: Ж.С.Қарымсақова

Сабақтың тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік

Ресурстар: электрондық оқулық, жаңғақтар

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.


Міндеттері:

  • қамқорлық туралы түсінік беру;

  • адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

  • қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен

Бөлісемін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп

Ізгі істерді жақұтты!

Тыныштық сәті. (баяу музыка әуені ойналады)

Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәйексөз

Тақтаға «Қайырымдылық – жылы жүректен» деп жазып қойып және осы халық даналығын, бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

«Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық – жылы жүректен», деп тегін айтпаған.

Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйек- сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім балаларға «Әжей мен балалар» атты әңгімені айтып береді, балалар әңгіме бойынша сұраққа жауап береді:

Әжей мен балалар

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды.

  • Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Иә, балалар, сырқат адамдарға, ешкімі жоқ қарт-қарияларға қамқор болып, қайырымдылық жасау – қайырымды адамның ғана қолынан келеді.

Әңгімелеу

  • Қамқорлық дегендi қалай түсiнесiң­дер?

  • Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Топпен ән айту

«Ақ әжем»
Сөзін жазған: О.Әубәкіров,әнін жазған: К.Қуатбаев


Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тапсырманы оқушыларға орындауға ұсынады:

Осындай жағдайда құмырсқа мен құстарға қандай қамқорлық көрсете алар едіңдер? Суретті бояңдар.


Шығармашылық жұмыс

Сабақта оқушылардың білімдерін бекіту үшін шығармашылық жұмыс ұсынылады. Мұнда балалар оқулықта берілген суреттердi қарап, қамқорлық туралы әңгiме құрастырады.


Соңғы тыныштық сәті

(Музыка әуенімен) көзімізді жұмып, терең тыныс алып, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Бойларыңа үнемі жаңа шуақ еңгізіледі. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сезіңіндер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Ықыластарыңа рахмет.
Қасиеттер:адамдарға, қоршаған ортаға сүйспеншілік,қайырымдылық,мақтан тұту,құрметтеу.


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров569
Номер материала ДВ-331364
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх