Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Қан мен тер кейіпкерлер

Қан мен тер кейіпкерлер

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Қан мен тер» трилогиясындағы образдар жүйесі.
Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен...
Жазушы өмірі жайлы естелігінде: «О заманда қалмақ та, қазақ та көшпелі, бір с...
Нұрпейісов характер сомдауда әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілін бір...
«Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламанна...
«Мен – қазақпын!» деп тұрған характерлерінің сомдалу сапасының биіктігі Әбдіж...
Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты и...
Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін,...
Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918...
Назарларыңызға рахмет!
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 «Қан мен тер» трилогиясындағы образдар жүйесі.
Описание слайда:

«Қан мен тер» трилогиясындағы образдар жүйесі.

№ слайда 2 Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен
Описание слайда:

Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Трилогияның бастапқы кітабы «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді.

№ слайда 3 Жазушы өмірі жайлы естелігінде: «О заманда қалмақ та, қазақ та көшпелі, бір с
Описание слайда:

Жазушы өмірі жайлы естелігінде: «О заманда қалмақ та, қазақ та көшпелі, бір соғыста атамыздың санына садақ жебесі тиеді. “Жау марқайып кетеді”, – деп жарасын жасырып, оқ тиген санын қанжығаға қайырып байлап, шайқаса берсе керек. Сөйтіп, жарасы асқынып кетеді. Ағасы Қыдырбай дереу сынықшы алып келіп көрсетеді. Сынықшы: “Аяқты кесу керек, әйтпесе өледі. Ол үшін төрт жерге төрт қазық қағып, аяқ-қолын байлап, екі жігіт кеудесінен басып отырсын”, – дейді. Өткір пышақ, тұзды су, түйенің шудасын алдырып, ем-дом жасауға кәдімгідей дайындалады. Сонда Тайқожа: “Көзім тіріде кеудеме ешкімді мінгізбеймін, шыдаймын, төзімім жетеді!” – деп дес бермей, аяқ-қолын кергізбей, тақиясын тістеп, ақырына дейін шыдап жатса керек. Сынықшы оқ тиген аяғын кесіп, байлап, сыртқа шығады. Жігіттер батырдың қарысып қалған жағын қылыштың ұшымен ашса–тістелген тақия қырқылып қалыпты. Содан әлгі атамыз Ақсақбөрі атанған. Бұл кісінің мінезін “Қан мен тер” романындағы Еламанның бәзбір тұстарына қиыстырып келтірдім»– деп Еламанның мінез-бітімін қайдан алып сомдағанынан сыр шертеді

№ слайда 4 Нұрпейісов характер сомдауда әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілін бір
Описание слайда:

Нұрпейісов характер сомдауда әлеуметтік һәм психологиялық талдау тәсілін бір арқанның екі тіні есебінде өреді. Романның алғашқы беттерінен-ақ автор би-төл сөз және төл сөз (несобственно-прямая речь) арқылы Еламанның жанын сөйлетеді. Және психологиялық талдаудың монолог формасын жиі қолданады. Монолог шарты – жалғыздық. Еламан «Жалғыз кісіге ой үйір келеді-ау» – деп түйеді . Ойы үнемі екіге бөлініп жүреді. «Теңіз үстінде әйелі жайында көп ойлайды. Алғашқы кезде ол бір түндік астында бірге тұрғасын бойы үйреніп кетер деп үміттеніп жүрген. Бірақ «Кешкісін үйге кеп әйелінің бетіне бір қарағаннан-ақ көңілі суып сала беретін». Еламан қасында құр сүлдесі жатқан әйелі Ақбаланың тәні ғана өзінікі, ал жаны басқа жақта екенін сезгенде мүлде моқап қалады. Бас кейіпкердің осы күйі үзақ-сонар ішкі монолог, би-төл сөз арқылы беріледі. Кей кейде ғана ішкі монологі ішкі төл сөз пішінін алады. «Бейшара қайтсін, мен кінәлімін. Ие, ие, мен кінәлімін»,– деді Еламан ішінен». 

№ слайда 5 «Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламанна
Описание слайда:

«Қан мен терде» айналасына үлкенді-кішілі сюжет тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар. Ол – Тәңірберген. Тәңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы таптық көзқарас, қазіргі парықтық дүниетаным тұрғысынан да оңып тұрған адам емес. Тәңірберген ел бірлігін көп сөз етеді. Адалдықты, тазалықты дәріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі салушы нағыз қызыл көздің өзі. Тып-тыныш отырған балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен өштестіріп, қастастырып қояды. Тұрмыс жағынан да азып біткен. Күйдім-жандым деп алып қашқан Ақбалаға көрсеткен қиянаты, баласынан айырып қоя беруі оның қатыгез келбетін толықтыра түседі.

№ слайда 6 «Мен – қазақпын!» деп тұрған характерлерінің сомдалу сапасының биіктігі Әбдіж
Описание слайда:

«Мен – қазақпын!» деп тұрған характерлерінің сомдалу сапасының биіктігі Әбдіжәмілдің эпикалық талантын жаңа бір қырынан танытты. Іштей ашылатын Еламан, Тәңірбергендермен қатар, оқиға барысында кескінделетін характерлерге де роман ерекше жомарт. Бұлар – даралығы көзге ұрып тұратын Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Айғаным, Мюлгаузен, Федоров, Қарақатын, Судыр Ахмет, т.б. бейнелері.

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты и
Описание слайда:

Кәлен – халық топырағының тереңінен тамыр тартатын образ. Трилогияның басты идеясы тумысынан батыр, жаужүрек, дара тұлға Кәленнің жан сүйсінтер қайрат-жігерімен, үлкен масштабты іс-әрекетімен байытылып отырады. Еламанның, Тәңірбергеннің бейнесі Кәленсіз жүдеп қалар еді. Кәлен – 1916 жылғы халық көтерілісінің сардары. Трилогияның соңғы нұсқасында оның қолбасшылық ісі кеңірек көрсетілген. Күші басым жау әскері құм ішінде шабуылға шыққанда қорғаныс шебінің алдына киіз үй керегелерін жайып тастайды. Көмулі тұзаққа тап болған дұшпан талай сарбазын жоғалтып, кері шегінуге мәжбүр. Кәлен комиссар Дьяков пен Еламанның тапсырысы бойынша, ақтар әскерлерінің алдына түсіп алып, қу медиен даладағы құдықтарды жауып отырады. Ақ гвардияшыларға жолбасшы боп жүрген Тәңірберген байдан талайдан кеткен кегін қайтарады. Ақ әскер құзғындарын Тәңірберген ауылының үстінен түсіріп, ақыры тұтас бір әскерді судан қаталатып, бір оқ шығармай қырғынға ұшыратқан асқан ерлік иесі – дәл осы Кәлен. Ол құдды Тәңірбергенге тауқымет тартқызбаққа көктен арнайы түскен, көзге шалынбайтын зауал секілді. Кәлен бір өзі мың сан қолды жайпап кететін ертегінің батырындай асқан ерлік танытады. Фольклор кейіпкерінен айырмасы – ерлігінің нанымдылығында, реалистік сипатында. Кәлен образының сомдалуындағы бір ғажап нәрсе – кейіпкер роман сахнасына мүлде шығарылмайды. Ол туралы Тәңірбергеннің аузынан бір-ақ ауыз сөз естиміз. Кәленнің құдықты қалай жауып жүргені суреттелсе, артық болмас еді

№ слайда 9 Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін,
Описание слайда:

Жазушының шығармашылық жұмысқа әбден беріліп, ысылып алған кезде көріктеуін, бояуын келістіре жасаған образы – Судыр Ахмет, көк мылжың, қуыс кеуде, есі кірмеген пәруайсыз жан. Еңбекке қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Төлеуге ұқсас. Айырмашылығы – қолынан дәнеңе келмейтін. Бір бақаннан бір қазық шығара алмайтын, кандай да іске орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар кеселді мойнына артқан сорлы тәлкекке ұшырайды да жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да бұйырмаған. Ешкім білмейді. Із-түзсіз жоғалып кеткен. Судырдан артында қалған жалғыз белгі ақ киіз қалпағы. Соның өзінде роман жүрегін соқтыруға бұл өте-мөте қажет характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның өмірдегі еңбегі туралы ойға шомдырады.

№ слайда 10 Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918
Описание слайда:

Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз замана эпосы. Кезінде «Қан мен тер» романы жанрын эпопея жанрына қарсы қоюшылар табылды. «Ішкі драматизм сыртқы қабыршақты бұзып, мән-мағынаға бойлатады». Сондықтан бұл таза роман (роман чистых кровей») делінді.

№ слайда 11 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров738
Номер материала ДВ-329540
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх