      Сабақ тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. |
Сабақ мақсаты: Адам тіршілігі үшін, ағзаның тірегі, тіршілік көзі қан және қан жасушаларының белсенділігін, қан болмаса тіршілік болмайтындығын оқушыларға түсіндіру |
Нәтижесі: Оқушылар қан топтары, қан құю тәсілдері, иммунитет жайлы мәліметтерді меңгереді |
Сабақ түрі: Білімді тексеру сабағы |
Сабақ өту әдісі: топтық, зерттеушілік – әңгіме, тірек – сызба, интербелсенді тақтамен жұмыс. |
Сабақта қолданылатын модульдер: «Сыни тұрғыдан ойлау», «Жас ерекшелікке сай оқыту», «Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау», «Көшбасшылық», «Ақпараттық коммуникациялық технология» |
Сабақ көрнекілігі: №1,2,3 тірек – сызбалар, «Қанның құрамы» кестесі |
Пәнаралық байланыс: медицина, химия, экология, қазақ әдебиеті, күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен. |
Мұғалімнің іс – әрекеті, тапсырмалар | Оқушылардың іс – әрекеті, жауаптар |
I. Кіріспе |
Сабақтың тақырыбы және мақсаты түсіндіріледі. | Сабақтың тақырыбын, күнін дәптерлеріне жазады. |
II.Жаңа материалды оқыту |
1 – тапсырма Оқулықтың мәтінінен түсініктемелер жинағын, оқулықтағы суреттерді және тақтадағы кестелерді қолданып екі талдау сұрағын құраңдар. Жаңа түсініктердің мазмұнын оқыңдар. I – топ. Қанның ұюы 1 – кесте. II – топ. Қан құю 2 – кесте III – топ. Иммунитет. №3 – кесте Тапсырманы орындау уақыты 7 мин Ескерту: 1. Сынып 3 топқа бөлінеді. Топ басшысы оның жұмысын басқарады. 2. 1 – тапсырманы орындағаны үшін 4 ұпай беріледі 3. Топ басшысы, топтың әрбір мүшесінің сұраққа жауап бергенін, немесе жауапты түсіндіргенін бақылайды. 4. Балалардың жауаптарын топ басшысы талқылайды.
| Әр оқушы өз беттерімен талдау сұрақтарын құрайды. Содан кейін топ жетекшінің басшылығымен қандай талдау сұрақты сыныптың талқылауына ұсынатынын айтады. Балалар төмендегідей талдау – сұрақтарын құруы мүмкін: I – топ. 1) Жарақаттанғаннан кейін адамда қанның ұюы қалай жүреді? 2) Не себептен қан тамырларда ұйымайды? II – топ. 1) Дәрігер донор мен рецепиенттің қан топтарын неге білуі керек? 2) Қандай жағдайда адамға қан құйылады? III – топ. 1) Адамда иммунитет қалай пайда болады? 2) Түйіршікті және түйіршікті емес лейкоциттер адам ағзасын бөгде денелерден қалай қорғайды? Мұғалімнің қосымша сұрағы: 1) Адамда табиғи иммунитет қалай пайда болады?
2) Адамда жасанды иммунитет қалай пайда болады? Топтың бір мүшесі 1- сұрақты оқиды. Басқа топтың оқушылары оған жауапты оқулықпен, түсініктемелер жинағынан, кестеден табады. Қолын көтерген оқушы жауабын оқиды. Әр топтан 2 оқушы түсіндіреді. 3 – оқушы екінші сұрақты оқиды. Жауабы дайын болғаннан соң 4 – оқушы жауабын түсіндіреді. Топ басшысы оқушылардың жауаптарын бағалап ұпайларын айтады. Жаңа түсініктерге назарларын аудартып, бағаларын міндетті түрде негіздейді, содан кейін, басқа үш топтың сұрақтары талқыланады.
|
Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
2- тапсырма Материалды оқып болғаннан кейін өткен тақырыптарды игеру нәтижесінде топтардан билеттер беру арқылы тексеру. Әр билетте 5 сұрақтан 7 мин дайындалады. Әрбір оқушы 1 сұраққа жауап береді,қандай сұраққа жауап беретінін мұғалім анықтап, бағалайды. | Оқушылар өзара пікірлесіп, сұрақтарды талдап, жауап береді. Талдау кезінде оқушы жолдастарының жауабын толықтыруға, қатесін жөндеп, қосымша ұпай жинауға болады. |
1 – билет 1.Адамдардың қан құрамының барлық ұлттар мен нәсілдерде бірдей және 4 топқа бөлінетіндігін қалай түсіндіруге болады? 2. Дәрігерлер қандағы лейкоциттердің және эритроциттердің құрамына қарап адамның ауруын қалай сипаттайды? 3. Адамның 1 мм 3 қанынан 15 мың лейкоцит табылған. Лейкоциттердің көп болуы немен түсіндіріледі? 2 – билет 1. Ауру тудыратын бактериялар ағзаға енгенде, неге барлық адамдар бірдей ауырмайды? 2. Қандай жағдайда реципиенттің қан тобын анықтамай – ақ донордан қан алады? 3. Балықтар мен қосмекенділердің эритроциттерінен адамның эритроциттерінің мөлшері кішкентай бола тұра неге көп оттекті сіңіреді? 3 – билет 1. Құюға арналған қанды консервілегенде неге натрий нитраты қосылады? 2. Дифтериямен ауырған адамға не құяды?
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
| Оқушының іс – әрекеті |
3 – тапсырма Балалар, бұл тапсырмалар сендердің жаңа түсініктерді қандай дәрежеде түсінгендеріңді тексеру үшін беріледі. Эйлер дөңгелектері арқылы мына түсініктердің арасындағы байланысты көрсетіңдер I – топ. А – лимфоциттер В – нейтрофилдер С – эозинофилдер Д – моноциттер Е – базофилдер II – топ. А – туа пайда болған иммунитет В – (пассивті) әлсіз иммунитет С – активті иммунитет III – топ. А – лейкоциттер В – эритроциттер С – тромбоциттер Д – антиденелер Е – тромбокиназа
|
В С Е Д А А С В Жасанды Табиғи Иммунитет Түйіршікті В Д А С Е Лейкоциттер Түйіршіксіз
Топтық жұмыс. Тапсырманы орындау барысында топтағңы бір оқушы тақтаға шығып жауабын жазып түсіндіреді. Әрбір дұрыс жауап үшін топтың әрбір мүшесі 2 ұпайдан алады. |
Қорытынды |
Бүгінгі тақырыптан біз қандай қорытынды жасаймыз? | Оқушылар әр – түрлі қорытындылар айтады. 1. Қанның ұюы – ағзаның қанды жоғалтпаудан қорғайтын реакциясы. 2. Иммунитет – ағзаны бөгде генетикалық ақпараттардан қорғайды, сол арқылы оның біртұтастығы және биологиялық ерекшелігі сақталады. 3. Адамның қаны 4 топқа бөлінеді. Қанның топтық қасиеттері иммунитет құбылысына тікелей қатысты. Қан топтарының ашылуына байланысты қан құю ережелері жасалынды. |
Бағалар қойылады | Балалар алған ұпайларын санап, бағаларын айтады, мұғалім журналға қояды. |
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.