Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / "Ана аясы - бақыт саясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Ана аясы - бақыт саясы"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ана аясы- бақыт саясы»
Мақсаты:
1. Ұстаздар қауымын, ата - аналарды, оқушы қыздарымызды мерекесімен құттықтау, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау.
2. Халқымыздың ата - бабадан келе жатқан салты қыз баланы сыйлау, ананы құрметтеу, нәзік жанды, ізгілік қалыптастырушы ұстаз - аналарымызды дәріптеу.
3. Қазіргі ата - ана тек жанұя ұйтқысы ғана емес, қоғамда жақсылықты, мейірімділікті, сұлулық пен бірлікті нығайтушы, қоғам тірегі екендігін баса айту.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
аяулы аналар, тәлімі мол тәтелер, қызғалдақтай ару қыздар!
Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер - ана бусанып, тіршілік атаулыға жаңаша нәр беріп, қар астынан бәйшешек қылтиып, көктем лебі сезіліп, айнала нұрға бөленген шақта жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған аналар мерекесі қатар келіп, көңілдерге қуаныш сыйлауда.
2 - жүргізуші: Әр уақытта небір ұшқыр қиялдар мен нәзік сезімдер әйел атымен астарласып жүреді. Әйел – бұл қоғамдағы тыныштық пен береке, мейірімділік пен жанұяның жылуы.
1 - жүргізуші: Әйел – бұл пәктік пен жан байлығы, шынайы махаббат пен аналық құдірет. Осы жарқын мейрам қарсаңында қоғамның әдемі бөлігінің сұлулығы мен көркемдігіне, шыдамы мен сеніміне, өмірге құштарлығы мен қайсарлығына бас иеміз.
2 - жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы әйел - ананы мақтайық! Ажал оның алдында бас иетін, нағыз күшті әйел ананы мақтайық! Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абақ - ана, Абайды туған Ұлжан, бәрі - бәрі бір ғана атқа ие. Ол – ана!
Гүлдей құлпырған абзал аналарға, нәзік жанды әпке-сіңлілеріміздің құрметіне
«Анашым» әнін тарту етеміз!

Орындайтындар: Ақбота, Ділназ, Әсет. Қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Әли, қалай ойлайсың? Дүниедегі ең сұлу, ең ақылды, ең мейірімді кім?
2 - жүргізуші: Ол, әрине, қазақ әйелі.
Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне жұмсайтын, әлемдегі ізгі адам. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуші жандар».
Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал жар, ұрпақтың анасы, ұлттың ұйтқысы, қоғамның тірегі.
1 - жүргізуші: Олай болса, алғашқы құттықтау сөз кезегін бар өмірін мектепке, бала тәрбиесіне арнаған, білікті басшы, аяулы ана мектебіміздің директоры
Қаласова Айгүл апайды ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
6-сынып оқушыларын бірге қарсы алайық. БИ: Ақбота, Ділназ
2 - жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерлерін аналарға бағыштайды.
Мұқағалидың ана туралы өлеңін оқитын 6-сынып оқушысы Қошетерова Ділназ.

1 - жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
- Мен бір зор күнә істедім.
Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе? – деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
- Анаң бар ма? – деп сұрайды.
- Бар, - дейді әлгі адам.
- Онда анаңа қызмет көрсет – деген екен пайғамбар.
2 - жүргізуші:

Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінде:
«Жәннәт – аналардың аяғының астында деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтеп, егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді».
1 - жүргізуші:

Сондай - ақ, «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұлама сөзі ана алдындағы парызымызды шегелей түспек.
2 - жүргізуші:

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
1 - жүргізуші:
Халықта батыр да өткен, бағлан да өткен,
Ел елдік ата текті мақтан еткен.
Жеті атасын білген ер азамат деп.
Бабалар өсиет қып айтып кеткен.
Бұл пәниден жақсы да, жаман да өткен.
Жиын той болмап па еді бізде көптен.
Қол соғып ел - жұртым демеп отыр.
Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен – дей келе, мерекемен құттықтау үшін сөз кезегін бір жанұяның ұйтқысы, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өнерлі жан
Күлпән апа мен Гүлмира апаға сөз кезегін береміз.
2 - жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Ділназдың орындауындағы « Мама» атты әнін қошаметпен қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:

«Отбасы – шағын мемлекет». Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел - ана – отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
2 - жүргізуші:

Қыз қызғалдақ, әйел – ана, әйел – өмір, тіршілік өзегі. Бүгінгі күн – жер бетінде барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар - намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам - дей келе, келесі кезекті
мәнерлеп оқуға береміз.

Қадір Мырзалиев «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады»
1 - жүргізуші:
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді, жүрегімде биік мақсат, игі арман.
Ән шашу
: «Анашым құдіретіңе табынамын» орындайтындар «Жігіттер» квартеті.Әли, Бекжан, Еркебұлан, Ақжол
2 - жүргізуші:

Ана – өмір тірегі, жылылық пен нәзіктіктің үйлесімі, бар жақсылықтың жаршысы. Олар – еңбек озаттары, қайраткерлер, өнер жұлдыздары.
Әр түрлі салада сан қырлы қызметте шыңдалып, замана көшін жалғастырушы, ізгіліктің бастаушысы да біздің ару қыздарымыз бен аналарымыз.
2 - жүргізуші:
Тотыдай таранған, жібектей сызылған, аяулы аруларымызды, жаны шуақ ұстаз - аналарымызды құттықтау кезегі ер - азаматтарымызға да келіп қалды. Жасырары жоқ, бала тәрбиесіне ер - азаматтарымыздың 30% ғана білек сыбана кірісіп, өз үлестерін қосуда.

Келесі кезекті 5-сынып оқушыларының әзіліне береміз.
1 - жүргізуші: Арулар – аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - бірімен жалғап тұрар
2 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын.
Ән болып сағыныштан ақтарылмай – деп, абзал аналарымыз бен аруларымыздың құрметіне
«Аналардың тілегі» орындауындағы атты әнін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:

Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!
Ендігі кезек 5-6-сынып оқушыларының біріккен биі. «Флеш моб»

1 - жүргізуші:

Дүниенің жарық күні анамыз 
Дана болсақ анаменен данамыз
 
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
 
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
.

«Апатайым, анашым» орындайтындар Нұрғиса, Әли, Еркебұлан.

2-жүргізуші:
Ана – перзент тәрбиелеуші.
Ана - қызметкер.
Ана – ғалым.
Ана - тіршіліктің гүлі.

«Анаға сәлем» әнін бәріміз бірге орындайық.
Анаға арналар ән ешқашан толастамақ емес.
Бүгінгі шуақты мерекеде дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға жақсылық, береке, бірлік тілейміз! Мерекелеріңіз мерекеге ұласа берсін!



























Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы 
Сабақтың мақсаты:
 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
 
Сабақтың барысы:
 
Мұғалім сөзі:
 
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
 
Сейілмесін жанарынан ананың
 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
 
Аялайық аналарды әрдайым
 
Қуанышқа бөлейікші өздерін
 
Әжелердің,аналардың,қыздардың
 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
 
Ана- барлық өмірдің бастауы.
Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
Аяулы аналар!!!
 
Арулар!
 
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
 
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
 

Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда
 
болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
 
І жүргізуші:
 
Той пердесін ашайық
 
Аналарды құрметтеп
 
Ән маржанын шашайық
 
ІІ жүргізуші:
 
Құтты болсын ардақты анам
 
Асыл анам мерекең
 
Құтты болсын ұстаздарым
 
Қуанышты берекең
 
І жүргізуші:
 
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
 
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
 
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
 
1-оқушы:
 
Өзіңе еліктеп өсермін
 
Борышты өтермін қалайда
 
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
 
Жүректе жылытшы, жарай ма?
 
Мұғалім: Хор «Ананың тілі.»
 
ІІ жүргізуші:
 
- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.
 
Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
 
І жүргізуші:
 
-Дидар, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
 
ІІ жүргізуші:
 
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
 
І жүргізуші:
 
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
 
ІІ жүргізуші:
 
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
 
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны
 
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
 
2-оқушы
 
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
 
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
 
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
 
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
 
І жүргізуші:
 
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.
 
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.
 
3-оқушы:
 
Дүниенің жарық күні анамыз
 
Дана болсақ анаменен данамыз
 
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
 
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
 
Мұғалім:
 
-Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.»
 
І жүргізуші:
 
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
 
ІІ жүргізуші:
 
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
 
І жүргізуші: -Сынап көрелік.
 
Мұғалім: Гүл құрастыру.
 
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру
 
І жүргізуші:
 
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу
 
Мұғалім: - «Анашым» әні
 
ІІ жүргізуші:
 
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
 
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
 
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
 
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
 
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
 
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
 
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
І жүргізуші:
 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
 
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
 
Сен осылай жасай алар ма едің?
 
ІІ жүргізуші:
 
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
 
І жүргізуші:
 
-Ол бақытты жан кім екен ?
 
І жүргізуші:
 
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.
 
Мұғалім: Ән Шоқ қыздар.
 
ІІ жүргізуші:
 
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!
 
І жүргізуші:
 
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?
 
ІІ жүргізуші:
 
-Олардың шешендігін сынап көрелік.
 
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны
 
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
 
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.
 
І ж -Менің анам алтын
 
ІІ ж -Менің де анам алтын
 
І ж -Аналарды құрметтеп
 
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
 
Аналарды ортаға шақырамыз
 
І жүргізуші:
 
- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.
 
4-оқушы:
 
Алтын анам жасымнан аялаған,
 
Мен үшін игілікті аямаған.
 
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
 
Бал сөзі жаным деген сая маған.
 
ІІ жүргізуші:
 
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
 
І жүргізуші:
 
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін
 
қабыл алыңыздар!
 
Мұғалім:
 
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп
 
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
 
-Әкеңе,-деді .
 
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм
Ән шашу:
1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз»
әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Омар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мақсат бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.

Кері қайтуМақсаты: 
-мерекелік көңіл-күйін құру
 
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
 
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
 
Кейіпкерлер: жүргізуші, клоун
 
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш.
 
• Ойындар:
 
1. Гүлді жина эстафетасы
 
2. Ананың даусын тану
 
3. Кір жуу
 
Ертеңгіліктің барысы:
 
Жүргізуші:
 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
 
Аналардан туған небір даналар.
 
Ана деген тіршіліктің тірегі,
 
Армысыздар, қасиетті аналар!
 
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
 
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
 
Хормен
 
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
 
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
 
Ильяс:
 
Қайырлы таң!
 
Қайырлы күн!
 
Күліп шықты күн бүгін
 
Мерекелі осы күн!
 
Сәлеметсің бе Алтын күн!
 
Сәлеметсің бе Жер ана!
 
Сәлеметсің бе көк аспан!
 
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
 
Дария:
 
Бүгінгі көктем күнінде,
 
Барлық адам қуанар,
 
Аналарды мейраммен
 
Құттықтайды балалар.
 
Елнұр:
 
Өзің мені өсірген,
 
Айналайын ақ әжем.
 
Тентек болсам кешірген
 
Шөлдедің бе дана әжем.
 
Жания:
 
Ақ қабақты анашым
 
Күн сәулелі анашым.
 
Әлпештеген баласын,
 
Айналайын анашым.
 
Жахангир:
 
Әр сөзімді жаттаған,
 
Жүрегімде сақтаған.
 
Анашым деп мақтанам,
 
Айналайын ақ анам!
 
Балнұр:
 
Көктем келді шуақты,
 
Балаларды қуантты.
 
Алақай-ау, алақай!
 
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
 
гүл атты!
 
Данара:
 
Айналайын анашым,
 
Әлпештеген баласын.
 
Еміп өскен бөбекпіз,
 
Анамыздың мамасын.
 
Несібелі:
 
Анамды мен жақсы көрем,
 
Айтқан тілін алып жүрем.
 
Қасымда анам жүргенде,
 
Шаттанып ойнап- күлем!
 
Дария:
 
Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.
 
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
 
Қайтып мені көргенде,
 
шын сағынып қаласың.
 
Айбота:
 
Қандай бала болмайық,
 
Анамызға балдаймыз,
 
Көтерейікші көңілін
 
Ән салайық бәріміз.
 
Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады)
 
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
 
Балалар: Иә!
 
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
 
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
 
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
 
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
 
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
 
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
 
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
 
(Бәрі күледі)
 
Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
 
Дария:
 
Ой балалар, балалар
 
Ойналық та күлейік
 
Қане енді бұралып
 
Би билеп те берейік
 
(Гүлдермен би билейді)
 

Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
 
Ойын «Гүлді жина» эстафетасы
 
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
 
Сайқымазақ:
 
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
 
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
 
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Ильяс қыздарға арнап ән айтып береді.
 
Ильяс «Бағала» әнін айтады.
 
Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
 
Ойын «Ананы дауысынан тану»
 
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.
 
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
 
Балалар: Иә.
 
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
 
«Кір жуу» ойыны
 
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
 
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
 
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
 
Фокустар:
 
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
 
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
 
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
 
Балалар айтады.
 
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
 
Балаларға кәмпиттер таратылады.
 
Жүргізуші:
 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!









8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Анадан асқан жан бар ма?» атты кештің сценарийін ұсынамыз.

Мерекелік кештің мақсаты: Оқушылардың нәзік жандыларға деген құрметін көрсету, аналар мен аруларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, гүл, аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, т.б.

Кеш мектептің акт залында ұйымдастырылады. 

1-жүргізуші: Кеш жарық, аса қадірменді арулар! Ардақты аналар! Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Ананың көңілі – балада. Дүниедегі ең жауһар қазыналар да, асып-тасыған байлық та ананың ақ жүрегіне жетпейді. Тоғыз ай толғатып, өмір бойы баласына махаббатын төгіп өтетін анадан асқан жан бар ма?

Олай болса, осы бір әлемдегі ең аяулы адамдарға арналған «Анадан асқан жан бар ма?» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл кеште мектебіміздің ер адамдары әлемге әр берген нәзік жандыларымыздың алдында өнер көрсетеді. Жыл он екі ай айналамызды құлпыртып, өздерімен бірге көктем әкелген аруларға жылдың бір күнінде осындай тамаша демалыс сыйлауды ұйғардық! Аналар, аяулылар, арулар! Бәрі де сіздер үшін!

Оятқан күліп таңдарда,

Жарқ еткен мынау жалғанда

Аямай берген шуағын

Анадан асқан жан бар ма?

«Асыл ана» әнін алдарыңызда орындайтын Түгелбаев Қанат! (Орындаушы Сәкен Майғазиев сияқты киініп шығып, «Асыл ана» әнін өз дауысымен орындайды)

2-жүргізуші: Олай болса, ырғағы жанды билеген әсем әуеннен кейін біз бұл әннің қалай орындалғанын аяулы жандардан сұрайық! Оны соғылған қол шапалақтан білетін боламыз. Әр орындаудан кейін біз сіздерден орындаудың қалай шыққанын сұраймыз. Ең ұзақ шапалаққа ие болған сері жігітіміз өзі қалаған аруды кештің соңында вальске шақырып, оған біз ұйымдастырып қойған сыйлықты халықтың көзінше беріп, оған құрмет көрсететін болады!

1-жүргізуші: Иә, бізге, жігіттер қауымына бұл кешті ұйымдастыру оңай болған жоқ, өйткені, нәзік жандыларсыз жалғыз өзіміз кез келген істі тындыра алмайтынымызды мойындағымыз келеді. Аналар мен арулардың жанымыздан әрдайым табылғанын қалаймыз! Сондықтан сіздерге бар болғандарыңыз үшін мың алғыс!

Сіздерсіз әлем бос қуыс,

Сіздерсіз әлем сиықсыз.

Әлемнің барлық асылын

Жүрегіңізге жиыпсыз!

2-жүргізуші: Ендігі кезекте мектебіміздің жігіттері аналарға деген ізгі тілектерін арнауға асығып тұр екен! Серілердің сезімдеріне кезек берейік!

1-оқушы:

Қадыр Мырза Әли

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді. 

2-оқушы:

Мағжан Жұмабаев

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошынып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады. 

3-оқушы:

Мұқағали Мақатаев

Ана
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді... 

1-жүргізуші: Жүректі шымырлатқан поэзияны оқыған үш жігітке қандай баға бересіздер, аяулылар!

2-жүргізуші: Тамаша, біздің аналарымызға бұл өлең ұнаған сияқты. Оны ду қол шапалақтан байқап тұрмыз. Ендігі кезек биде! Осы көңіл-күймен биге кезек берейік!

Бір топ жігіт би билейді. (Бидің көңілді, жеңіл музыкадан тұрғаны дұрыс). Би соңында бәрі сахнадан секіріп түсіп, алдын ала дайындалған бір тал гүлден отырған көрермен аналарға, аруларға үлестіріп шығады.

1-жүргізуші: Әп, бәрекелді! Жарадыңдар, жігіттер! Солай емес пе?

2-жүргізуші: Ендеше осы көңіл-күймен ойын ұйымдастыралық. «Ананың көңілі - балада» атты бұл ойынға 10 ана қатысады. Оны біз қазір көрермендер арасынан таңдаймыз!

Екі жүргізуші көрермен арасынан мектеп оқушыларының аналарын сахнаға алып шығады. Аналарды отырған қатар бойынша таңдайды. Бірінші қатардан біреуін, екінші қатардан екіншісін, т.с.с. таңдауы керек. Таңдалған аналардың балалары да осында отырғаны ескерілуі керек.

1-жүргізуші: Біз қазір сіздерге 5 сұрақ қоямыз. Біріңізден соң біріңіз тоқтамай, осы сұраққа жауап берулеріңіз керек.

Ойынды екі жүргізуші қатар жүргізеді. Біреуі сұрақ қойып тұрса, екіншісі әр сұрақ қойған сайын тұрған аналардың кезектерін ауыстырып отырады. Басты мақсат – көп ойлануға жол бермеу.

1) Балаңыздың қай жерінде меңі бар? (жауаптар мынандай болуы мүмкін: оң жақ жауырынында, сол көзінің астында, тізесінде, т.б.)

2) Балаңыздың ең сүйікті түсі? Ол түс екенін неден байқадыңыз? (жауаптар мынандай болуы мүмкін: баламның ең сүйікті түсі – қызыл, өйткені, ол қызыл түсті киімдерді көп киеді, баламның ең сүйікті түсі – сары, өзі айтты, т.б.)

3) Балаңыздың сізге берген ең керемет сыйлығы қандай? Оны қашан берді? (жауаптар мынандай болуы мүмкін: қолдан жасалған ашықхат, 8 наурызда берген, бір шоқ гүл, туған күнімде берген, т.б.)

4) Балаңыз сабақ оқудан басқа немен жиі айналысады? (жауаптар мынандай болуы мүмкін: футбол ойнайды, компьютерде отырады, кітап оқиды, т.б.)

5) Балаңыздың ең алғашқы баға алған сабағы қандай еді? (ойын шарты бойынша жауап бере алмағандар ойынан шығарылады).

2-жүргізуші: Мінеки, көңілді ойынымыз да мәресіне жетті. Бұл ойында жеңімпаз жоқ, бәріңіз бірдей жеңімпазсыздар! Біз осы бір керемет аналардың балаларын да сахнаға шақырамыз! Сіздерді құрмет, қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз. Әркім өз анасын орнына жайғастырмас бұрын, жігіттерімізге де бір сұрақ қояйық.

1-жүргізуші: Иә, бәріңіз сахнаға келіп болсаңыздар, сіздерге бір сұрақ: «8 наурызға анаңа не сыйлайын деп жатырсың?».

Сұраққа жауап алынған соң, әр бала өз анасын сахнадан түсіреді.

1-жүргізуші: Ендеше бұл ойынымыз сіздерге ұнады ма? Қандай баға бересіздер?

2-жүргізуші: Иә, уақыт та әп дегенде мәресіне жетіп қалды. Олай болса, сіздерге қай өнеріміз ұнады? Қанеки тағы бір мәрте тексерейік! Сәкен Майғазиев болып ән шырқаған Түгелбаев Қанаттың өнеріне баға беріңіздер!

Ортаға Түгелбаев Қанат шығады.

1-жүргізуші: Бәрекелді! Анаға арнап өлең оқыған үш жігіттің өнеріне қандай баға бересіздер? Келіскеніміздей ду қол шапалақпен анықтайық!

Ортаға үш жігіт шығады.

2-жүргізуші: Бір топ жігіттің биіне не айтасыздар?

Ортаға би билеген жігіттер шығады.

1-жүргізуші: Ұйымдастырылған ойынға қандай баға бересіздер?!

2-жүргізуші: Тамаша! Бұл кеште бәрі бірінен бірі озып, өнер көрсетті. Уәде еткеніміздей, жеңімпазды анықтауымыз керек. «Ең ұзақ шапалаққа ие болған сері жігітіміз өзі қалаған аруды кештің соңында вальске шақырып, оған біз ұйымдастырып қойған сыйлықты халықтың көзінше беріп, оған құрмет көрсететін болады!» деп шарт қойған едік.  

1-жүргізуші: Бұл кеште жеңімпаз біреу. Ол – достық! 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған кеште достық жеңді! Ендеше, аналарымызды, аруларымызды бәріміз биге шақырып, кешімізді тәмамдаймыз! «Ана, ана, ана, мәңгілік сен ғана» әніне бәрі вальс билейді. 

Екі жүргізуші қосылып: Баршаңызға рақмет! 8 наурыз құтты болсын! 





























Мағжан Жұмабаев «Ана жүрегі»

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошынып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады. 
















Қадыр Мырза Әли

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді. 

Мұқағали Мақатаев

Ана
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын. 
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді... 


Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров199
Номер материала ДБ-051770
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх