Инфоурок / География / Конспекты / "Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!"

"Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!"


библиотека
материалов

Тақырыбы: Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!

Мақсаты: Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру; Ана еңбегін ешнәрсемен өлшеге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтінін, сондықтан да барлық ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;Балалардың анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер, гүлдер.

Аян: Қайырлы күн құрметті ата- аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін біз көктемнің алғашқы күні аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын - құдіретті ана.Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.

Данияр: Ана- үйдің берекесі,

Бала - үйдің мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты, деп өздеріңізге арналған «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!» атты әдеби- сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Аян:Ақ сүтінен нәр алған.

Анаға бас иеміз,

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Данияр: Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борштармыз дегім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар, ұстаздар, қыздар!

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген- бәйтерегі өмірдің.

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ, - демекші, осы әніміз сіздерге арналады.

Хор: Ана.

Аян: Ана деген -асыл жандар, болаттай

Ана деген- мөлдір жандай бұлақтай,

О,адамдар, қадірлей біл, Ананы

Жат қылыққа ақыл- ойды тонатпай.

Данияр: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Қазақ биі: Орындайтындар: 8сынып оқушылары.

Аян: Ана десем, шешек атып жанары ,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пан боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей келе ұл қыздарыңыз жүрек жарды тілектерін ұсынады.

Данияр:Ана,Ана,Ана! Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді.Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаңда, қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан бұл сөзімнің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аяоап ғұмыр кешу деп ұғамыз. Олай болса, бүгінгі ән жырымыз сіздерге арналады аяулы аналар!

Ән: Әлемнің жарығы. Орындайтын:Алин Н.

Келесі кезекте сұрақтар қойылады:

1.Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз?

2. Ұлыңыз сынып жиналысының болатынын екі күн бұрын айтты.Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді.Ұлыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?

3.Сабақтан кейін қызыңз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады.Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді.Сіз не істейсіз?

Аян:Қыздарға арналған сұрақтар:

Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, не істейсің?

Сен күні ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің.Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Ата аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

Данияр: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қашпаймын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам- шырағы.

Ән: Әке,ана. Орындайтын:Аманбаев Н

Көрініс:Зарина жалмауыз кемпір.7-8класс оқушылары.

Аян:Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды,

Аяулы Ұстаз ана ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын,

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

Ән: Қазақ қыздары.Орындайтын: Арыстанғалиев Д.

Данияр:Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді демекші анаға біз мәңгі бақи қарыздармыз.

Хор:Ұстазым.

Би: Флешмоб.

Осымен «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты әдеби -сазды кешіміз аяқталды. Сөз кезегін Алтаева Нұргүл Арыстанғалиқызына береміз. Уақыттарыңызды бөліп келгендіріңізге көп- көп рахмет.








Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-022531

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG