Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ана деген теңдесі жоқ ұлылық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ана деген теңдесі жоқ ұлылық

библиотека
материалов

Бекітемін: Мектеп директоры: А.Кенжеева

Күні: 07.03.2016жыл Өтетін орны: Акт залы Уақыты:

Тақырыбы: «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық!» Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,шарлар,гүлдер,плакаттар, және т.б

/Ортада үш оқушы тұрады/

1-оқушы. Кеш жарық, қымбатты арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға күткен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға деген бір құрметпен басталғаны абзал!

2-оқушы. Добрый день дорогие мамы, уважаемые бабушки, милые девушки и гости нашего вечера! Разрешите поздравить Вас с  Международным женским днем 8 Марта! Желаем  Вам веселого настроения и всего-всего наилучшего на свете!Самое прекрасное и трогательное слово на свете – мама. Это первое слово, которое произносит малыш, и звучит оно на всех языках одинаково нежно. У мамы самое доброе и верное сердце, самые ласковые и нежные руки, которые умеют все. А в верном и чутком сердце мамы никогда не гаснет любовь к детям. Милые наши женщины, разрешите от всей души поздравить Вас с этим праздником и пожелать Вам в этот торжественный день крепкого здоровья, семейного благополучия и согласия, стойкости и терпения, мира и долголетия, а также всегда хорошего настроения!

3-оқушы.





1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар,мектебіміздің ұстаздары мен гүл жайнаған қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Кенжеева Алтынша апайға береміз.


2-жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «_____________________» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің аяулы ұстазы,шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан еш жалықпайтын,оқушылардың сүйікті ұстазы Сайдалиева Перуза апайға беріледі.

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып 1-сынып оқушыларының 8-наурыз мерекесіне орай дайындаған әдеби монтажына кезек береміз.

2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

1-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай 9-сынып оқушылары Сағынтаева Гульфайруз бен Батырбекова Ұлпанды әсем әуенмен қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.


1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: « Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды »,- деген.


2-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.


1-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Аяулы аналарға арналған бұл кештің сәнін келтіру үшін ән-әуез пәнінің мұғалімі Аяпов Ғани ағайды «Анаға сәлем» әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі
испан биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер,
-дей отырып,  кішкентай бүлдіршінімізді қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 

2-жүргізуші: Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, – деп, ендігі кезекте
«____________________________ » әні, қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып шәкірттеріңіздің бүгінгі кешке арналған өлең шумақтарын тыңдайық.(арнау өлеңдер)

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей,ортаға Ару қызымызды әсем әнмен шақырамыз.

1-жүргізуші: Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.Қазақ әйелінің дастарқаны тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

1-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейрімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне __________________________қабыл алыңыздар.



2-жүргізуші: Бүгінгі кеш ардақты ұстаздарымыз бен аяулы қыздарымызға арналып отыр.Әрине,осы күні әрбір оқушы ұстазына арнап өз тілегін білдіретіні сөзсіз.Дегенмен тек қазіргі күні мектеп партасында отқан оқушыларымыздан бөлек,осы мектептің түлектері,абыройын асқақтатушылары өз тілектерін жолдап отыр.Назарларыңызға арнайы ұстаздарымыз үшін дайындалған бейнероликті ұсынамыз.

1- жүргізуші: Келесі кезекті аяулы аналарға деген жүрекжарды лебіздерімен бір топ оқушыларға береміз.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — 
ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

7-оқушы: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

8-оқушы: Тамаша тілім барда айнала маң, Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған? Анамның ақ сүтінен жаралғандай, Өзіңнен артық тілді қайдан алам!

9-оқушы: Мен өзіңмен қайда болса біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің, Күн нұрындай жадырай бір күлгенің Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

10-оқушы: Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасымды адамдарға туыстық. Бар адамға берсе адамның мейірімін Орнар еді бұл әлемде тыныштық.

11-оқушы: Ана десем алғыс алам халқымнан, Ана десем теңіз болам шалқыған. Ана десем ашылады қабағым, Ана десем әділдікті ұғамын.

12-оқушы: Аналар –ау менің шалқар көлдерім, Көлдерім мен асқар-асқар белдерім. Мына өмірде қуанышты жүргенім, Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

13-оқушы: Поздравляем вас с весенним праздником –
Международным днем 8 Марта. Желаем вам цвести как весенние цветы и всегда быть рядом с Нами всегда бодрой и красивой.
Сегодня это праздник наших мам, сестер и бабушек
.
Еще раз с праздником!

14-оқушы: Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер! Бүгін ақ жаулықты әжелердің, асыл аналардың, сұлу әйелдердің, ару қыздардың салтанатты мерекесі! Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз. Ортаға ______________________________ әнімен шақырамыз.

2-жүргізуші: Ең күшті нәрсе не? – десе, 

- Әйелдің әмірі! – дер едім.

Әйелдердің барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

1-жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі әнге кезек берейік.Ортада Қыдырбаева Ардақтың орындауында _____________ әні.

2-жүргізуші: Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді Кенжеева Алтынша апайға береміз.

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

2-жүргізуші: Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен барлық қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Ортаға 10-сынып оқушылары Қыдырбаева Ардақ пен Шаймерденқызы Меруертті « Мерекем » әнімен шақырамыз.

Кештің мерекелік тортын кабыл алыңыздар!




























ДИРЕКТОР

Күнім болып көріндің аспанымда.

Білім болып егілдің жас жаныма,

Гүлім болып төгілдің асқарыма.

Біз дегенде ұмытып бала қамын,

Қас қағымда қасыңнан тастадыңба?

Алтынша апай мәңгілік жас жадымда!


ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.

Осы тілдің ұқтырған терең сырын,

Шынар апай, Жаңагүл апай, Айгүл апай,

Әрқашан да біздерге берген білім.


МАТЕМАТИКА

Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,

Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.

Перуза апай, Гүлнара апай мың алғыс,

Есептеуді бізге талмай үйреткен!


ОРЫС ТІЛІ

Жас ұрпаққа жалынды

Сөз маржанын дарытқан.

Алдындағы баламен,

Тіл арқылы табысқан.

Орыс тілін меңгерген,

Үйретуді жөн көрген,

Жұлдыз апай, Нұргүл апай,

Ұрпаққа жаңа өң берген!


ХИМИЯ

Бар ғұмырын химияға арнаған,

Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.

Манат апай сізге де үлкен алғыс,

Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!


ФИЗИКА

Дүниемен танысуға берген талай көмегін,

Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.

Оны үйреткен Маруся мен Гүлмирадай апайлар,

Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін.




БИОЛОГИЯ

Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,

Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.

«Айналайын, оқыңдар!»,-деп біздерге,

Жұлдыз апай биологиядан үн қатқан!


ГЕОГРАФИЯ

Сізбенен біз бар әлемді шарлаймыз,

Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.

Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,

География, Азима апай келді деп біз жайнаймыз


СЫНЫП ЖЕТЕКШІ

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,

Таңертең күнде құшақ жаяр алдан.

Әр адамға құрметпенен қараған,

Өз бойынан мол ізгілік тараған.

Талап пенен тәртіпті тек ту етіп,

Мөлдір апай сіздей қайда бар адам?!





















Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров157
Номер материала ДВ-511000
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх