Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

1 жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

2 жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

1 жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!

2 жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!

Саяжан Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,


Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа


Гулжан Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай


Есен Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Би- ша ля ла


Алпамыс: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.

Ән-Ақ мамам

Анеля
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.

Айсултан
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Ақкүміс Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам Аниса .Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!






1-жүргізуші:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.



2жүргізуші: 
Әлемнің жарығын, 
Сыйладың сен маған. 
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған. 






Диас: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!

Ақмаржан: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Нурислам Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Алмат : Анамды жақсы көрем, сағынамын

Айтқанынан шықпаймын бағынамын
Ол – көзімнің қарасы болса егер

Мен – оның жанарының ағынанмын

Дана: Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан

У Аружан Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Ч Аружан  Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.






Асел Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: 
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеушісі. 

1 жүргізуші Теңіздей тербетіліп көл бетінде, 
Бишілер билеп кетті тербетіле. 
Аққудай қалықтаған теңіздегі, 
Бишілер өнерлерін көрсетуде,

- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. 

Би-ертегілер


Тамирис: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

2 жүргізуші: Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің әже туралы әсем әнін тыңдаңыздар. 
1 жүргізуші: 
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 
Сонда пайғамбар: 
-Анаң бар ма? -деп сұрайды. 
-Бар,-дейді әлгі адам. 
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. 

2 жүргізуші: 
Дүниедегі ең кемеңгер дананы 
Ана табады, аялайды, бағады. 
Сол үшін де құдіретіне бас иіп, 
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті .

Ералы Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. 
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би, 
Сендер үшін мереке шашулары,

Би-сұлу қыз




Нұралы Әркімнің де өмірден аласы бар, 
Аласы бар адамның анасы бар. 
Мерекесін құттықтап аналардың, 
Ән жолдайтын апалардың баласы бар. 


Зарина Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Айдана Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Ән-Қуанышым қазынам


Айша Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.


Индира Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.


Іңкәр Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді


1 жүргізуші Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 
Қош болып тұрыңыздар көріскенше 
Осымен концертіміз аяқталды.


Хормен барлығы; Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!

Би-фиксики




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-526067
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх