Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Ана мерейі" танымдық кеш

"Ана мерейі" танымдық кеш


библиотека
материалов

Тақырыбы : «Ана мерейі»

Мақсаты : Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға , ата анаға деген құрмет сыйын арттыру.

. 1- жүргізуші: Наурыз күні ана күні, Әлемді тебірентер ана үні Анасыз жан туған жоқ жер бетінде, Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны.

1-жүргізуші: Құрметті асыл әжелер, ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, әдемі қыз балғындар! Арайлы шуаққа, нәзіктік пен сұлулыққа бөленген көктемнің бүгінгі күніне арналған құттықтауларымыз бен жыр шашуларымыз өздеріңізге арналмақ.

1-жүргізуші: Сегізінші наурыз біздің жүрегімізді жылытатын ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Көгімізде көктемнің нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді

1-жүргізуші: Жақсыбайкөл негізгі мектебі оқушыларының ұйымдастыруымен «Ана мерейі» атты мерекелік концертімізді ұсынамыз.

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан небір туған даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті аналар

1-жүргізуші: құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Сатығалиев Қуанышқа береміз.

1-жүргізуші: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан. Ендеше ортаға бірінші сынып оқушыларын шақырайық. Анаға деген жылы лебіздерін мына өлең жолдарымен жеткізсін.

2-жүргізуші:Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, ол тағдыр.Ана сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Ортаға Мұқышов Бекетті «Аналар» әнімен шақырамыз.

1-жүргізуші: Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,

Келтірілген дүниеге келер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Ендеше тамашаға кезек берейік. Тамашадан көрініс «Құдағай кикаясы»

2-жүргізуші: Бал анам, асыл анам, таңым да анам,

Мен сенен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.

Тамаша ән өздеріңізге арналады. Қожадиясов Азаматты «Аналарға ақ тілек» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ортада «Еркетай» КВН командасы

2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Өнердің аспанына асқақтасын

Мың бұралған бишілерді қарсы алайық. «Қазақ биі» қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: ортаға «Достар» КВН командасын шақырамыз.

2-жүргізуші: Анам десем алғыс алам халқымның,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабырғам,

Анам десем әділдікті ұғынам. Кезекті тамаша әнге берейік. Имашова Лаураның «Қос бәйтерегім әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Кезекті тамашаға береміз. «Дениз»

2-жүргізуші: Баланың да тірегі,

Ананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Хор «Атамекен»

1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, аяулы әжелер, сұлу қыздар! Көктемнің осы мерейлі мерекесінің шуағы мен жылуы сіздердің жүректеріңізді әрдайым жылыта берсін.

2-жүргізуші:Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған , өсер ұрпағына мейірімділік пен ізгілік дәнін егуші аналар мерекесі құтты болсын.

1-жүргізуші: Барлықтарыңызға зор денсаулық, мерекелік көңіл күй тілейміз. Осымен сегізінші наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана мерейі» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-520195

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG