Инфоурок Начальные классы КонспектыАна - өмір шырағы тәрбие сағаты

Ана - өмір шырағы тәрбие сағаты

Скачать материал

Абдрахманова Алмагуль Магметоллаевна.

Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

Тақырыбы: Ана – өмір шырағы

Мақсаты: 1. Оқушыларға өмірдегі ең қымбат адам ананың ұлылығын кең көлемде ұғындыру. 2. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойын ашық айта білуге дағдыландыру. 3. Ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: тақырып, бөлім аттары жазылған плакаттар, топ аттары.

Барысыі:

Мұғалім: Наурыз күні, Ана күні, әлем күні Әлемде тебірентер ана үні Анасыз жан туған жоқ жер бетінде, демекші адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, ең қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келген күнінен бастапөзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 Наурыз мерекесі. Құрметті қонақтар, бүгінгі Аналар мерекесіне арналған «Аяулы біздің аналар» атты шағын концертімізді бастаймыз!

Нұрбек: Ақәділ, неге көңілсіз жүрсің?

Ақәділ: Е-е, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Нұрбек: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……

Ақәділ:-Жо-о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Нұрбек:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Балалар да дайындалып жүрген.

Сахнаға Айбол шығады. Қолында кострюл және касығымен, үсті  ұн ұн, басында повор шапкасын киіп:

Торт пісіру-оңай ғой

Тек батыл болу керек

7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек

3 ас қасық бұрыш

Жоқ әлде олай емес пе

Олай емес қой

Мен тіптен шатасып кеттім

Мұнда бұрыш салмайды ғой

3 сағат болды осылай жүргеніме

Крем жасадым, қолымның бәрін күйдірдім

Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш

Мүлдем тортқа ұқсамайды. Күнімен алысып, әкемен торт пісірмекшіміз, қолдан түк келмейді. Енді не істейміз?

Нұрбек: ( Басын ұстап) торт жоқ, аналарымызға не сыйлаймыз?

Ақәділ:-Сен қызықсың, тақпақ айтамыз. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. (Барлығы жапырлап шығады)

Нурбек: ( Басын ұстап) Бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?

Балалар: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Нурбек: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурыз туралы айтатын балалар айтсын, сосын тағы көре жатармыз. Сондықтан ең бірінші мен, Әлішер, Амирхан, Султан, Айбол, Ерасыл, Тамерлан  қалсын, қалғандарыңды сосын шақырамыз.

Нурбек:

Армысыздар, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірімімен нұр табар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар.

Әлішер:

 Бүгін – наурыздың сегізі

Анасыз жоқ бір үнің,

 Сұлулықтың негізі!

Әжесіз жоқ бір күнің,

 Әдемі сөз –

Ұсынамыз бүгін

 Адамның Анаға айтар лебізі.


Амирхан:

 Құшағыңа кіргенде,

 Жылынамын бір демде

 Не жетеді көзіңе

 Мейірімді күннен де

Султан:

 Үн қатасың бал тілмен,

 Еркелеймін әр күн мен.

 Құттықтаймын анашым

 Сегізінші Наурызбен.


Айбол:

 Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

 Ана дейді жас сәби де жарқылдап

 Ана деген бәйтерегі өмірдің.

 Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ерасыл:

Ана деген – асыл жандар болаттай

 Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

 О, адамдар қадірлей біл ананы

 Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.


Тамерлан:

 Ана десем сезім билер тым ыстық

 Жарасымды адамдарға туыстық.

 Бар адамға берсе ананың мейірін,

 Орнар еді бар әлемге тыныштық.

-Ана, ана, ана!

 Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

Нурбек: Құрметті аналар, оқушылардың ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Хор «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен»

Әлішер: Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

Нурбек: -Дұрыс айтасың, Әлішер. Ана ең жақын, ең ыстық адам. Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады. Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады. Әр бала анасын жақсы көреді.

Сабина:

 Мәпелейсің мені анам

 Қолыңдағы құсыңдай.

 Құлпыра өсіп дем алам,

 Құшағыңда қысылмай,

 Үмітіңдей көзіме

 Көп қарайсың үңіліп.

 Еркелеген сөзімде

 Ертеңіңіз тұр күліп.


Мұхамед:

 Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,

 Жанымды жадыратып, күлдіретін

 Сендегі маған деген махаббатты,

 Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Орынбасар:

Мұрат, мүдде, мақсатың

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағыз бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.


Нурбек: -Жарайсыңдар, балалар. Аналарыңды өте жақсы көреді екенсің! Бұның бәрі жақсы, бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

Әлішер: – Нурбек, мүмкін аналарымызға шаттық күлкі сыйлармыз.

Нурбек: – Ол қалай?

Әлішер: -«Бала тілі бал» демекші, біздің кішкентай кезіміздегі қызықты оқиғаларды естеріне салайық!

Нурбек: -Тамаша!!! Ендеше, құрметті аналар, сіздердің құрметтеріңізге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар.

Шағын көрініс: 1. «Қайтадан ЕКІ»  

Анасы: Санжара

Әкесі: Орман

Баласы: Султан

Режиссер: Айбол

Қыз бала: Дильназ

Оператор: Ерганат

Нурбек: -Аналарымызға ұнаған болар? ( көп ойланады)

Әлішер: Әрине ұнады. Ана – ең аяулы жан. Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан.

Жәния:

 Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

 Анажан қайғың болса күңіренем.

 Таусылмас тау суындай ақылың бар,

 Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Орман:

 Сен менің астанамсың,

 Қуанам, күлемін мен.

 Саялар баспанамсың,

 Жылтатын жүрегіңмен.

 Суреттей салынбаған

 Сенің бар қасиетің.

 Сен күнсің жалындаған

 Тіршілік бас иетін.


Рамазан:

 Әлемге тыныштық тілеген

 Жан ана жаныңа гүл егем.

 Балалық жүрекпен айтылған

 Махаббат белгісі бұл өлең.

Ерганат:

 Жан ана, жарық жанарың

 Бір сенде кеңдігі даланың.

 Балаңды құшақтап сүйгенде

 Сеземін көктемнің самалын.


Ән:  Аналардың тілегі

Ақәділ:

 Баланың да тірегі

 Дананың да тірегі

 Шаншымасын ешқашан

 Аналардың жүрегі

 Жақсы оқыған сабағын

Дильназ:

 Ана деген көп шығар,

 Анамдай менің жоқ шығар.

 Мейірімді бұл кісі,

 Қандай ғажап күлкісі.

Жаныл

 Сендерден өскен балалар,

 Батырлар мен даналар.

 Құттықтаймыз мейраммен,

 Құрметті абзал аналар!

Санжара

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам, ай анам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да...


Галина:

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

Мұғалім: Құрметті аналар, бүгінгі шарамызда тек қана балалар ғана емес, сіздермен ойын ойнасақ. Маған төрт ана керек. Сіздерге берілетін тапсырма мынадай: бір қасық, жіп, қағаз көмегімен сіздер гүл жасауларыңыз керек.

Тапсырма орындалады.

Мұғалім: Құрметті, аналар, осы сайыстан озған анамызға «Шебер ана» номинациясы беріледі.

Мұғалім: Құрметті аналар, енді тағы бір ойын ойнасақ. Маған төрт ана керек, сіздерге берілетін тапсырма алдымыздағы баламызды барлық қырынан қарап, зерттеп алыңыздар, бір минуттан кейін осы баламызда қандай өзгешілік барын тауып алуларыңыз керек. Осы сайыста озған ана «Детектив ана» атанбақ.   

Тапсырма орындалады.

Мұғалім: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге  –демекші, ендігі кезекте «Анамызға тарту» биін қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Құрметті аналар, бүгінгі күні талай қиындық өткеріп, талай жақсы сәттеріміз өтті, қазір өздеріңіздің балапандарыңыздың қолымен жасалған шағын сыйлықтарды қабыл алыңыздар. Бүгінгі күні балаларыңыз ең алғашқы гүл шоқтарын сыйламақ. Мың гүлдің орнына бір, шын ниетпен, тар жолмен, тайғақ жолмен жасалған сый-құрметтерін қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Құрметті, аналар, осы мереке қарсанында баршамыз бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, бір-бірімізді құттықтайық.

 

Мұғалім: Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге арналған шағын ойын-сауық ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдаған назарларыңызға рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана - өмір шырағы тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 595 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 2912
    • DOCX 13.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Алмагуль Магметоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12905
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 62 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1156 человек из 82 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 43 регионов

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе