Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / "Ана өмір шуағы" атты ертеңгілік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Ана өмір шуағы" атты ертеңгілік

библиотека
материалов

Ана өмір шуағы»

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-ші жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін біз бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың

Айдина:-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы ұстаздар, ару қыздар!

 -Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Бейбіт:- Білесің бе, ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.

 

Аида: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады

Айдина: -Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсың?

Аида:- дұрыс айтасың Аружан. Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айталық.

Бейбіт:-  «Анашым» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

                        Ән « Анашым»

АЛИСА:        Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны

Ақханым:    Қамқорым да сенсің ана,

          Сенсің ана ақылшым да.

          Ұланыңды қасыңа алып,

Бастай бер алыс шыңға

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

 Ұшамын мен саған қарай.

Ерасыл: Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Хамит: Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Гүлжан: О, анашым

Таянышым , тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

 Жанар:-Құрметті аналар  біздің қыздарымыздың

орындауында «Гүлдер»биі сіздерге арналады.

 «Гүлдер» биі

Айдана:   Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Ерасыл; Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.,

 Айдина: -Келесі әнімізді құрметті тәрбиешілерімізге арнаймыз

                         Ән «Көктем»





G:\ \алтын балык\1360725527.jpg



 Динара: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Гүлнұр:Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

 Ахмет:Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тілі әжем!

Жанар: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Ақханым:- Құрметті ақ жаулықты әжелер

келесі әнімізді сіздерге арнаймыз

                 Ән « Әже»

 Бейбіт:- Келесі тамашалайтындарыңыз «Балапандар» биі



                  G:\ \алтын балык\imgpreview (10).jpg

  Алиса: Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

 Айдана:Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

 Ахмет:Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

 

Бейбіт: Ару қыздар біздің әніміз сіздерге арналады

 Ән :«Қызыл гүлім-ай»

Динара:Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Айдина:Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

  Алиса: Наурыз күні  ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

 Қыздардың орындауында ән  «Көктемде»

  Аналарға сыйлықтар беру.

G:\ \алтын балык\1.jpg



1.Жүргізуші:  Армысыздар, құрметті қонақтар және біздің балаларымыз!    Міне, бізге ең тамаша жыл мезгілікөктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, аналарымызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен, қымбатты әйелдер, 8 наурызмейрамы құтты болсын!

 

2.Жүргізуші:   Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,

                       Әйелдер күні бүгін халықаралық!

                       Жарыққа бізді әкелген аналарды,

                       Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

 

                       Ұйтқысы жанұяның берекеміз,

                        Аналар, құтты болсын мерекеміз!

                        Әрқашан аналарым аман болса

                        Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!

(залға музыка әуенімен балалар кіреді)

 

 

C:\Users\Aidana\Desktop\алтын балык\1360728190.jpg


Диляра:

Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды. 

Балалар орындарына жайғасады.

Жүргізуші:  Құрметті аналар, бүгінгі көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Осы отырған әйелдер қауымының отбасына береке, бірлік, бақыт тілейміз!

Жүргізуші: Балалар, қане жер жүзіндегі барлық аналарды бүгінгі мерекемен құттықтап, ән мен би сыйлайық!!

Көктемде құстар сайрайды,

Жерде гүлдер жайнайды.

Алақайлап балалар,

Мәз болысып ойнайды.

Жүргізуші: Көктем демекші балалар, ендеше «Көктем» ханшайымын шақырайық! Ол осы тойдың қадірлі мейманы ғой. Ал, біздің балалар мейманды шақыруға көмектеседі.

Балалар: Көктем, Көктем! Өлкемізге кел көктем!

                     (Музыка әуенімен «Көктем» ханшайымы келеді)

Көктем: Бәрін білемін және көремін сендердің не үшін мына жерге жиналғандарыңды. Мен балалардың өнерін қуана тамашалаймын. Балалар көңіл көтеріп ән салайық, ойын-сауық құрайық!

Ән: «Көктем келді» (барлық бала орындайды)

Көктем: Қандай керемет! Ал, біздің қыздарымыз бүгін ерекше әдемі!

(ортаға Бағлан, Таир, Абылайхан, Әділет шығады)

Таир:          Ай секілді өзі де,

                   Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.

                   Алуаның  өзі де,

                   Әдемі ғой көзі де.

 

 Бағлан:    Сабағы ылғи үздікті

                   Шығарса есеп ызғытты.

                   Арамызда Анел    

                   Өзі ширақ қыз тіпті.

 

Абылайхан:  Сабағын да меңгерген,

                        Жақсылықты жөн көрген.

                        Ата-анасы   Альмира деп,

                        Әдемі есім теңгерген.

 

 

 

 

Әділет:     Сабағын жақсы оқиды,

                  Көңілге бәрін тоқиды.

                  Үндемей жүрген Аяжан,

                  Нені ойлап тоқиды?

Бағлан: Құлпырған осы қыздарымызбен бір ьи билеп жіберсек қайтеді.

Әділет: Иә, иә, жүріңдер, шақырсақ шақырайық.

 

Жүргізуші:

Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерің қуаныштан кім аяған,

Жаңа биді сіздерге шашу етем – деп ұлдар қыздармен

 

Би: «Қызыл өрік» - биін орындайды.

 

Тақпақтар:

Ералхан:

 

Тамерлан:

Мерекеңмен өзінді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы, анашым.

Асанәли:

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

Таир:

Сенімінді ақтайды,

Еркелеткен балашың.

Аман жүріп әрқашан,

Мұңаймашы,анашым.

Бағлан:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге.

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан.

Бар жақсылық аналардан тараған,

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

 

Жүргізуші: Жігіттер сендер тағы не сыйлағыларың келеді?

Асанәлі: Біз әнімізді аналарымызға арнаймыз

 

Ән: «Айналайын мама»  (Бағлан, Таир, Асанәли, Ералхан, Тамерлан)

 

Тақпақтар:

Тамерлан:

Мерекеде көктемгі,

Жақтырмайды өктемді.   

Диляраны  байқаймыз,

Еркелігі көп тегі.

Асылхан:

Алады әрдайым , «бестігін»,

Аққұба қыз кескінің.

Кішкентай бойлы Дильназ,

Ақылды деп естідім.

Салауат:

Айтқанда әнді әуелі,

Ерекше шығар әуені.

Биязы қыз Аружан         

Өзі де ұяң әдемі.

Ералхан:

Саған да жыр арналады,

Саусағынан бал тамады.

Екпінділер қатарында  

Кішкентай қыз Лейла.

    Достарым бізде ана жігіттерден қаламыз ба, кеттік бізде қыздарды биге шақырайық.

Салауат: Дұрыс айтасың, шақырайық.

 

Би: «Гормошки»

 

Дильназ бен Салауаттың ағылшын тіліндегі диалогы.

 

Көктем: Қандай керемет! Ал, мына жерде отырған біздің ақ жаулықты әжелеріміз өте әдемі болып келген екен!

Жүргізуші: Әрине, біздің әжелеріміз асыл жандар! Әжелерге арнап өлең жолдарын жодағымыз келеді!

  (Балалар әже туралы тақпақтарын айтады)

 

Ажар:

Асыл әжем, мақтанышым менің де,

Қонақ болып отыр, міне төрімде.

Өзіне арнап балдай тәтті үніммен,

Ән салатын кезім келді менің де.

Аружан:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

 

 

 

Алуа:

Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,

Ана деген баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.

Алина:

Анам менің, ақ мамам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әр дайым

Қуанамын, шаттанам.

Анель:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

    Әсем әнімізді әжелер сіздерге арнаймыз!

 

Ән: «Әже» (Ажар, Аружан, Алуа, Алина, Анель)

 

Көктем: Ал сонда ұлдар әжесін жақсы көрмей ме?

Жүргізуші: Әрине ұлдар да жақсы көреді. Қанекей ұлдар әжелеріңді қалай жақсы көретіндеріңді көрсетіп жіберіңдерші.

    

Ән: «Әже»  (Арнұр, Әділет, Абылай, Асылхан, Салауат)

 

Жүргізуші: Ұлдарымыздың тағы да дайындаған өнерлері бар. Олар билей де алады.

Көктем: Солайма, ендеше биді тамашалайық.

 

Би: «Жігіттер биі» (Асанәли, Таир, Арнұр, Алишер)

 

Көктем: Балалар, сендердің өнерлерің өте көп екен. Ал, енді мен өзіммен бірге ойындар алып келдім, сендердің ойнағыларың келеме?

 

Ойындар:

 

Тақпақтар:

Аделия:

Анам менің панам ғой,

Содан қорған табам ғой.

Асықпа, анашым, ертен-ақ

Отың болып жанам гой.

Дильназ:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 

Аяжан:

Ана тұрса құшаққа алып баласын,

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,

Қуанышқа кеңеле бер анашым.

Мен ананы шуағы мол күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам ылғи қамқор болып жүреді,

Сондықтан да жылда түлеп, гүлдеймін.

Лейла:

Анашым, жан анам,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең қуанам,

Құшақ жая қарсы алам.

Альмира:

Мерекеңмен өзіңді

Құттықтайды балашың

Арнап айтқан әнімді

Қабыл алшы анашым.

 

Ән: «Анашым»  ( Аделия, Дильназ, Аяжан, Лейла, Альмира)

Тақпақтар:

Алишер:

Саған да жыр арналады,

Саусағынан бал тамады.

Екпінділер қатарында

Біздің жақсы Алина

Асанәли:

Сабағынан қалмайды,

Жалқаулыққа бармайды.

Мерекеде Аделияға,

Ұлдар жырын арнайды.

Арнұр:

Ыңғайы көңіл-күйінің,

Келгенде байқап бейімін.

Айтарымыз Ажар  қыз,

Еркесі ғой үйінің.

Ажар:

Қуанышқа бөленетін халықпыз,

Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз.

Жыл құсындай әр көктемде келетін

Құтты болсын 8 Наурыз!

Анель:

Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

     Қыздар анамызға дайындаған қандай сыйлықтарың бар?

 

Алина: Біз анамызға би сыйлаймыз.

 

Би: «Гүлге қонған аралар» (Ажар, Алина, Аделия, Алуа)

 

Ән: «Ана» Бәрі айтады.

Балалар аналарына сыйлықтарын таратып береді

 

Жүргізуші:  Аналар қалқып бақыт аралында,

    Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

    Салтанатты кешіміз аяқталды,

                      Гүл бітсін  бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып, бүгінгі ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.

 

C:\Users\Aidana\Desktop\алтын балык\4f5785159bae9.JPG


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров363
Номер материала ДВ-329091
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх