Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ана өмір шуағы ертеңгілік даярлық топта
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ана өмір шуағы ертеңгілік даярлық топта

библиотека
материалов

«Ана өмір шуағы»

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың.

(Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар би билеп кіреді. Ұлдар қолдарындағы гүл шоқтарын қыздарға сыйлайды).

1-бала:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар!

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

2-бала:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

3-бала:

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші Наурызбен!

4-бала:

Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

5-бала:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!


Ән: «Мәпелейсің мені анам»

Балалар: Мерекелеріңізбен, сүйікті анашым!


Осы сәтте залдағы 2-3 бала бір ойыншыққа таласады.

1-бала: Әкел, бұл менің ойыншығым!

2-бала: Жоқ, бұл менің ойыншығым!

3-бала: Жоқ, ол менікі!


Жүргізуші: Бұл не шу? Балалардың тәрбиешісі қайда?

Залға тәрбиеші ұялы телефонмен сөйлесіп кіреді: - Алло, мен тыңдап тұрмын. Ол қандай зат? Қай бутикте?... Мен қазір жұмыстамын – балалардың тәрбиешісі болып істеймін... Иә, келістік – қазір балаларды қамап барамын. (балаларға қарап) Мен қазір келемін, сендер шуламандар. Чао, - деп, кетеді.


Жүргізуші: Бұл өзі қандай тәрбиеші? Балаларға неге қарамайды?

(Балалар тағы да ойыншыққа таласады).

Тәрбиеші: Сендердің дауыстарың көшеге естіледі. Енді сендерге не істесем екен? (ойланып) А-а, таптым. Мен Карлсонға қоңырау шалайын, маған ол көмектесетін болар. (ұялы телефрнмен) Карлсон, сенің көмегің қажет. Тезірек осында жетші!

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (балалар амандасады). Сәлеметсіңдер ме, құрметті аналар? Мені кім шақырды?

Тәрбиеші: Сені мен шақырдым. Карлсон, мен дүкенге барып келейін. Сенің көмегің қажет – уақытша балаларға қарай тұршы.

Карлсон: Жарайды, мен әрқашанда көмекке дайынмын:

Мен көңілді адаммын,

Шатырда мен тұрамын.

Балаларды қызықтап,

Жүремін оларды қытықтап.

Тәттілерінен жегім келеді,

Олар маған бөліп береді.

Атым менің Карлсон,

Ойнаймын сендермен сонан соң.

Тәрбиеші: Керемет, сені шақырғаным дұрыс болды. Ал, мен кеттім. Мен көп бөгелмеймін, чао! – деп, жүгіріп кетеді. (балалар тағы шулайды).

Карлсон: Тынышталыңдар, балалар. Мен сендерді ұйықтатайын. Қанекей, кітабым қайда? Сендерге ертегі оқып берейін.

Ал, сендер ұйықтаңдар... Ерте-ерте-ертеде, ешкі жүні бөртеде... (балаларға қарап).

Сендер неге ұйықтамайсыңдар, а?


Балалар: Біздің ұйқымыз келмейді.

Карлсон: Ендеше, не істегілерің келеді?

Балалар: Ойыншықтармен ойнағымыз келеді.

Карлсон: Енді не істедім? Көп ойыншықтарды қайдан аламын? Менің шатырға қайтатын уақытым да келді. Балалардың тәрбиешісі де келмеді. (Ойланып) А-а, таптым, көмекке Көктемді шақырайын да, үйіме қайтайын... Тек, мен оны қалай шақырамын?

Жүргізуші: Біз көктемді әнмен шақырайық. Иә, балалар? Біздің әнімізді естіп, Көктем жолды жылдам табады.


Ән: « Көктем » - хормен орындалады.

Залға вальс билеп Көктем кіреді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (балалар амандасады). Сендердің әндеріңді естіп, осында асыға келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Көктем? Келгенің қандай жақсы болды, төрлет!

Көктем: Сендер мені неге шақырдыңдар?

Карлсон: Көктем, сенің көмегің қажет. Мен шатырыма оралуға асығып тұрмын, балалардың тәрбиешісі дүкенге кетті. Балаларға қарайтын ешкім жоқ. Не істерімді білмеймін, көмектесші.

Көктем: Жарайды, көмектесемін. Мен балаларға гүл сыйлаймын. Бұл жай гүл емес – сиқырлы гүл. Қараңдаршы, оның 5 түсті күлтешелері бар. Әр күлтеше бір тілек орындайды. (түстігүлді балаларға береді).

Балалар: Рахмет саған, Көктем.

Жүргізуші: Рахмет, Көктем біздің балалар да саған өз сыйлықтарын ұсынады. (Балалар Көктем туралы тақпақтарын айтады).


.........................................................................................................................................көктем туралы................................................................. тақпақтар...............................................................................................


Көктем: Рахмет, балалар. Ал енді, мен көктемгі жұмысымды әрі қарай жалғастырайын. Келесі кездескенше, сау болыңыздар! (балалар Көктеммен қоштасады).

Карлсон: Керемет! Енді менің де үйіме қайтуыма болады. Сау

болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, сендердің бірінші тілектерің қандай?

Балалар: (гүлдің бірінші күлтешесін суырып):

Ұша ғой, ұша ғой, күлтеше

Солтүстіктен – Оңтүстікке.

Жер жүзін бір айналып,

Бар әлемді сиқырла,

Тілегімді орында!

- Біздің ойыншықтарымыз көп болсын!

Жүргізуші: Осы тілегіміз орындалу үшін, ойыншықтар туралы ән айтайық.


Ән: « » хормен орындалады.

Жүргізуші: Қандай ойыншықпен ойнағыларың келеді, айтыңдаршы?

(балалар гүлдің екінші күлтешесін суырады).

- Біз .....................,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,қалаймыз.

Жүргізуші: Олай болса, ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,биін тамашалайық!


Би: « »

Жүргізуші: Балалар, үшінші тілектерің қандай?

(балалар ойын ойнағылары келетінін айтады)


Ойын: « ».

Жүргізуші: Ал, енді балалар, сендердің 4-ші тілектерің қандай?

Балалар: ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,қалаймыз деп, 4-ші күлтешені алады.

Жүргізуші: Олай болса, « » биін тамашалайық.


Би: « » биі орындалады.


Жүргізуші: Балалар, сендердің ақырғы тілектерің қалды. Не тілейсіңдер?

Балалар: (5-ші күлтешені суырып):

Ұша ғой, ұша ғой, күлтеше

Солтүстіктен – Оңтүстікке.

Жер жүзін бір айналып,

Бар әлемді сиқырла,

Тілегімді орында!

- Біз аналарымызға гүл сыйлайық!

Жүргізуші: Балалар сүйікті аналарына «Гүлдер» биін тарту етеді.

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Рахмет сендерге, балалар! Бүгінгі мерекеге арнайы келген әжелерімізге көрсетер тағы қандай өнерлерің бар? (Балалар тақпақтарын айтады).


Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


Апамыз біздің мейірімді,

Әлпештейді көңілімді,

Әкем, шешем анасы,

Әркез тілер өмірімді.


Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі әжем!


Жүргізуші: Енді біз әжелермен ойын ойнайық.

(ортаға 2 әжені шақырады).

«Әжелермен ойын».


Жүргізуші: Әжелерге рахмет айтайық... Балалар, «Қыз өссе – елдің көркі» - деп, халқымыз тегін айтпаған. Расында да, қараңдаршы – біздің қыздар қандай әдемі, сүйкімді! Ұлдарымыз да нағыз жігіттер. Олар қыздарымызға өз өнерлерін әзірлеген екен.


Біз қыздарды тыңдаймыз,

Итеріп қумаймыз.

Бұрымынан тартқылап,

Біз тентектік қылмаймыз!

Қыздар айтса ұғамыз,

Жолды беріп тұрамыз.

Бақшаға олар келгенде,

Алдарынан шығамыз.


Тату-тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сүйеміз.

Әрқашанда оларға

Басымызды иеміз!


( Музыка естіледі )

Жүргізуші: Бұл не дыбыс? (Залға Карлсон мен Тәрбиеші кіреді).

Тәрбиеші: Балалар, сендерді қалдырып, дүкенге кеткенім үшін кешіріңдер. Біз сендерге дәмді тоқаш пісірдік.

Карлсон: Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аналар!

Жүргізуші: Ал, қадірлі ата-аналар, қонақтар, осымен Аналар күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров218
Номер материала ДВ-380066
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

5

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх