Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ана - өмір шуағы" тақырыбында мектепішілік іс-шара

"Ана - өмір шуағы" тақырыбында мектепішілік іс-шара

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана – өмір шуағы».

Мақсаты:

1.     Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімімен тарайтынын ұғындыру.

2.     Өлеңдерді, тақпақтарды айтқанда дыбыстарды қадағалап, орфоэпиялық ережелерді сақтап, мәнерлеп, бір тыныста айтқызу.

3.     Аналарды қадірлей білуге тәрбиелеу.

 

Барысы:

 

1-жүргізуші (Ерсұлтан – 9«В» сынып оқушысы):

-         Армысыздар, асыл аналар, құрметті әжелер, қыз-қызғалдақтар және қадірлі ұстаздар!

8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап, өткізіліп отырған іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілейміз.

 

2-жүргізуші (Мейіркулова Жанат - мұғалім):

-         Здравствуйте, дорогие наши мамы, бабушки, гости, милые коллеги и дети!

Поздравляем Вас с Международным женским днем 8-го Марта!

Желаем крепкого здоровья, счастья и долгих лет жизни!

 

1-жүргізуші:

-         Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір дана бар,

Ана, деген – тіршіліктің тірегі!

Армысыздар, қасиетті аналар!

Армысыздар, ұстаздарым, әпкелерім!

Өздеріңе жоқ менің тең көрерім!

Алғашқы гүл көктемгі мерекеңмен,

Құттықтайды сіздерді шәкірттерің!

 

2-жүргізуші:

-         Бүгінгі барлық әдемі, жақсы сөздер аналарға арналады.

Ендеше балалардың орындауындағы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

 

Оқушы:

         Бәрімізге анасың,

Бұл үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Аяулы менің анашым.

 

Оқушы:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 

Оқушы:

Анам менің, махаббатым, ақ гүлім,

Анам менің, бақытым мен шаттығым.

«Анашым» деп жыр арнаған балаңның,

Неге ғана естімейсің тәтті үнін.

 

Оқушы:

Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.

 

1-жүргізуші:

Өнер деген баққа кіріп, кеземін,

Сіз де оны кезіп жүрсіз, сеземін.

Аналарға айтылған әндердің,

Бірі міне, күтіп тұр ғой кезегін.

 

2-жүргізуші:

-         «Менің анам алтын» әнін қошеметпен қабыл алыңыздар!

 

2-жүргізуші:

-         Қазір, балғын балаларымыз аналарға арналған мақал-мәтелдерді айтады.

 

1-жүргізуші:

-         Қабыл алыңыздар!

 

Оқушылар:

Ананың  - сүті бал,

Баланың – тілі бал.

 

Ата-ананың қадірін,

Балалы болғанда білерсің.

Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.

 

Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім жақтамайды.

 

1-жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл-қыздары,

Жағада үлпілдеген құндыздары.

Орасан жер мен көкті бағындырар,

Ертеңгі жарқыраған жұлдыздары.

 

2-жүргізуші:

-         Әнмен шашу шашып, бимен тамсандырар балғын балаларымыздың биін қабыл алыңыздар!

Би.

 

2-жүргізуші:

Бір сөз айтсаң жақсыға,

Аталы сөзге тоқтайды.

Бір сөз айтсаң жаманға,

Өмірінде ұқпайды.

Надандықтың белгісі,

Өзін-өзі мақтайды.

Шешеңнің сөзі – шын асыл

Қап түбінде жатпайды.

 

1-жүргізуші:

-         Демекші, ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар.

-         Ендеше соның бірін алдарыңызда көрініс ретінде тарту етеміз.

Көріп, тамашалаңыздар!

 

Оқушы:      - Аға, үйдің алтын қазығы кім?

Оқушы:      - Менің ойымша – бала. Дегенмен де атамыздан сұрап көрейік.

                   - Ата, үйдегі алтын қазық – бала, дұрыс па?

Ата:          - Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық – ана.

Ана ақылды болса, бала дана болады.

Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі.

Оқушы:     - Аға, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

Оқушы:     - Жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке,- деп ойлаймын.

                   Ата, солай ма?

Ата:          - Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек.

Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана.

Анасыз бала ұйықтамайды.

Қатықсыз айран ұйымайды.

Оқушы:     - Аға, өмір сүру үшін не қажет?

Оқушы:     - Өмір сүру үшін алтын, ақша, мал-мүлік қажет. Ата, менің

айтқаным дұрыс па?

Ата:          - Жоқ, балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл

қажет.

 

Су – тіршіліктің нәрі,

От – өмірдің сәні,

Тұз – астың дәмі,

Қыз – көңілдің әні,

Ақыл – өмірдің мәні, - солай балалар.

 

1-жүргізуші:

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ, ана менен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар, ағайын,

Аналарға арнап біз ән саламыз.

 

-         Алдарыңызда 5-сынып оқушылары Айдос пен Ақеркенің орындауында ән «Мама».  Қошеметпен қабыл алыңыздар!

 

2-жүргізуші:

-         9«Б,Д» сынып оқушыларына дайындаған жұмбағымыз бар.

-         Ребята, я вам загадаю загадку. А вы отгадайте её.

 

-         Кто вас, дети, больше любит?

Кто вас нежно так голубит.

И заботится о вас,

Не смыкая ночью глаз?

-         Мама дорогая.

 

-         Кто открыл мне этот мир,

Не жалея своих сил?

И всегда оберегает?

-         Лучшая на свете – Мама.

 

-         Кто на свете всех милее,

И теплом своим согреет,

Любит больше, чем себя?

-         Это мамочка моя.

 

-         Мамочка наша родная,

Эту нежную песню – тебе.

Самой милой и самой красивой,

Самой доброй на этой земле.

 

1-жүргізуші:

-         Өнерлінің өрге жүзсін кемесі.

 

2-жүргізуші:

-         Биші қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар!

 

2-жүргізуші:

-         Келесі көріп тамашалайтындарыңыз «Жан ана» әні. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

 

1-жүргізуші:

-         Келесі кезекте ата-аналармен ойын жүргіземіз.

-         Ойынымыз «Өз балаңды тап!» деп аталады.

 

2-жүргізуші:

-         Бишілеріміздің тамаша биін қабыл алыңыздар!

 

1-жүргізуші:

Құрметтейік, о, адамдар, аналарды!

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі «Ана» деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

 

2-жүргізуші:

Жүрегі – күн, жаны – нұр, жүзі – аппақ,

Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ.

Ана – дәуір, ана – абырой, ана – жауһар,

Олармен күн кешудің өзі ғажап.

 

1-жүргізуші:

-         Ән «Анаға сәлем». Орындайтындар: біздің сұлу ұстаздарымыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

 

2-жүргізуші:

-         Балалар, бізді осындай әдемі, ақылды етіп өмерге әкелген аналарымызға, білім берген апайларымызға, еркелеткен әжелерімізге, сұлу қыздарымызға не дейміз?

 

-         Рахмет! Рахмет! Рахмет!

 

1-жүргізуші:

-         Осыменен бүгінгі іс-шарамызды аяқтайық.

Назарларыңызға рахмет!

Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелік іс-шараға

жауаптылар:

 

 

1.     Шарафутдинова Р.М. –   іс-шараны ұйымдастыру

жұмыстарын жүргізеді.

 

2.     Ниязкулова К.Т. –             оқушыларды сөздерді

анық айтуға дайындайды.

 

3.     Ахманбетова А.Қ. –         қабырға газеттерін

дайындайды, залды

безендіру жұмыстарын

жүргізеді.

 

4.     Шойбекова С.У. –             ым-ишаралық

өлеңдерді дайындайды.

 

5.     Сенгирбаева Р. –               музыкалық аспаптарға

жауапты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана - өмір шуағы" тақырыбында мектепішілік іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 222 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.09.2019 478
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахманбетова Айгуль Калмуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 4 года и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 540
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе