Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ана- өмір тірегі" тәрбие сағаты

"Ана- өмір тірегі" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана – өмір тірегі»

Мақсаты:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.


Тәрбие сағатымыздың барысы:

Құрметті ару аналар,

Бүгін гүлге бөленер.

Бізді өсірді берекең,

Құтты болсын мерекең !


Бүгінгі кішкентай балапандарымыздың сіздерге арналған «Ана – өмір тірегі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Жер бетінде әр адамада өз анасы бар. Ананың арқасында біз жарық дүниеге келеміз. Баланың ең бірінші айтатын сөзі – ана. Адамның қуанышы болса да, қиындығы болса да анамен бөліседі. Ана бүкіл өмірін, күшін біз үшін кетіреді. Ана ең адал, мықты, әдемі, жақсы, ең аяулы адам. Сондықтан біз анамыздың айтқан тілін алып, сүю керек және де біз анамыздың ақ сүтін ақтауымыз керек.

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана. Анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады.Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасылмайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткіліксіз биік.


Құттықтау сөз. Құрметті аналар және кішкентай сұлу қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, 8-наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Денсаулықтарыңыз мықты, көңілдеріңіз шат, жүздеріңіз бал бұл жанып,

еңбектеріңіз жемісті болсын.



Наурыз күні – Ана күні, әлем күні,

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

ҚҰРМЕТТІ БІЗДІҢ АНАЛАР !


Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН АНАШЫМ !


Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын күлкі бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, кеші ақ мамам!


Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

АНАМ САҒАН БАС ИЕМ !


Қатем болса кешірген,

Еркелетіп өсірген.

АНАМ САҒАН БАС ИЕМ !


Сен жалықпай жетелеп,

Мен бақытқа жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Ана- көркі көгімнің,

Ана- нұры жерімнің.

Ана- бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің бұл әні,

Жүрегімде тұрады.


Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.


Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

Алтыным деп мақтанған,

Айналайын ақ мамам.

Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным татпаған.

Бізсіз тамақ татпаған,

Айналайын ақ мамам.


Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.


Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС !


Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген көңілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана- өмір тірегі" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 6169
    • DOCX 35.6 кбайт
    • 46 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адикенова Жанар Амантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адикенова Жанар Амантаевна
    Адикенова Жанар Амантаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16901
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой