Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ана - өмірдің гүлі"

"Ана - өмірдің гүлі"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

1-жүргізуші:

Біз ғана емес

Қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар

1-жүргізуші:

Барлық тілдегі аналар туралы өлең-жыр өте әсерлі естіледі. Біз<<Ана >> сөзін айтқанда,жүрегіміздегі анаға деген махаббатөрши түседі.

Аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап,көктемнің шуағын,өмірдің бақытын тілейміз.

Құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Нуралина М.С-на беріледі.

2-жүргізуші:

Қош келіпсіздер,ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған,

Алаңсыз да,балғын шақты балалар.

Құшақ жаяқарсы алыңыз сіздерді

Би биленіп,әнде бүгін шырқалар

Ендеше «Құралай» тобының «Ана-өмірдің гүлі» атты аналар сіздерге арналған мерекелік ертеңгілігін қабыл алыныздар.

1—жүргізуші:Аналар мерекесі өте ерекше мереке. Аналарымызға арнап әсем әнімізді де шырқап жіберейік.

Ән:<<Мақтанышым мама>>

Ал енді балалар аналарымызға арнаған өлең-жырларымызды айтып берейік;

1.Ақерке:Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші,келші ақмамам!

2.Әділет:Анашым,анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

3. Ұлан:Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөзі баланың

Анаға айтар лебізі

4.Б.Назерке:Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмайсыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

5.Әліби: Сене өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймын мейраммен

Құрметті аналар!

Көктем:Амансыздарма балалар,аяулы аналар,ақ-жаулықты әжелер сіздерді наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге мықты денсаулық,

Аспандарың ашық

Жұмыстарыңызға табыс

Өмірлеріңізге сәттілік,отбасыларына бақыт тілеймін.

1-жүргізуші:Көктем,біздің балалар сізді асыға күтті.

Келгеніңізге өте қуаныштымыз!ТөрлетіңізТөрге шығыңыз!

Көктем:Балалар мен сендерге жай келген жоқпын өнерлеріңді тамашалап сендермен бірге ойын ойнап қайтайын деп келдім.Ойнаймыз ба?

Ойын «Гүл жинау»яғни ойынның шарты қолдарыңдағы әр гүлді жылдам құмыраға салу керек.Ал балаларымыздың шапшаңдығын байқайық.

Қуыршақ:Қуыршақ қашып келеді.Ой,балалар маған көмектесіңдер,көмектесіңдер!

2-жүргізуші:Не болды саған Қуыршақ неге қашып келесің,кімнен қашып келе жатырсың?

Қорықпа қуыршақ,біз саған көмектесеміз,қане, отыр шаршауыңды бас.

Қасқыр:Қуыршақ тоқташы,тоқташы сен неге қашасың сені мерекеңмен құттықтайын дегем.Мына бір құшақ гүл саған.

1-жүргізуші:Ой, балалар қараңдаршы қандай керемет қасқыр,біз бұрын соңды мұндай қасқыр көрмеппіз,кел біздің балалармен дос бол,бәріміз бірге мереке тойлайық.

2-жүргізуші:Балалар бізге қуыршақ пен қасқыр келіпті.Бәріміз оларға өнерлерімізді көрсетейік.

Тақпақтарымызды айтып берейік.

5. Қаракөз.Үйдің күні-Анашым!

Үйдің гүлі-Анамыз!

Сені көрсем қуанам!

Сен керексің маған!

6. Азат.Іш ауырса,тіс ауырса,

Анам дәрі береді.

Барлық ана,барлық дана

Оны жақсы көреді

7. Айсая.Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

8.Ақнұр: Тіліңді аламын

Ақылды боламын

Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз!

9.Үміт. Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы таппағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Қуыршақ : Ой,балалар мен қасқырдан қорқып жүрсем ,ол мені 8-наурыз мерекесімен құттықтағысы келген екен ғой.Рахмет сендерге ,балалар,рахмет саған ,қасқыр.Енді екеуміз дос боламыз .

Көктем: Ия,балалар сендер де дос болыңдар .Бір-біріңмен төбелеспеңдер.Қуыршақ,сенің үстің неге кір?

Қуыршақ: Қасқырдан қашып келе жатып ,құлып қалдым.Енді балалар мені мазақтайтын болды ғой.

1-жүргізуші : Біздің балалар қуыршаққа арнап ән шырқап берейікші .Қабыл алыңыздар.

Ән: «Қуыршақ»

Қуыршақ: Сендер мені мазақтадыңдар енді барып жуынып келейін.

2-жүргізуші: Ал,енді балалар аналарымызға арнаған өлең-жырларымызды айтып берейік:

10.Елжас: Анамыздың мейірлі

Жүзіне бізқараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

11.Елдос:Әлпештеген аялағн

Ақсүт берген апайтайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

12.Әли:Жұмақ құшақ панам

Күндей нұрлы санаң

Қызығын көр ұл қыздың

Еңбек сүйгіш анам

13.Ерасыл:Жыртылмастан жағаң

Шарықтасын жаңа ән

Арманыңа жетші

О,періште анам

14.Дәулетжан: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

15.Әлижан: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

1-жүргізуші : Балалар енді ақ әжелерімізге арнап әнімізді шырқап берейік.

Ән «АҚ ӘЖЕМ»

16.Аружан:Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

17.Айша: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апайтайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

18.Ділназ: Менің мамам мұғалім

Менің әжем-шын ғалым

Одан жас та кәріде

Оқыпшыққан бәрі де

2-жүргізуші:

Қазіргі де,бұрынғы өткен замандарда,

Ананы қадірлемес адам бар ма?

Аналар-ардақтылар жасай берсін,

Әрқашан бақыттысың анаң барда.

Қуыршақ: Қане балалар аналарымызбен бірге бір ойын ойнап жіберейік

Ойын: Ән айту

Шарты:ортаға 5 ата-ана шығады. Әр ата-анаға 2 кәмпиттен беріледі. Сол кәмпитті ауыздарына салып ән айтып жарысуымыз керек.

1-жүргізуші:Көктем біздің балалар аналар мерекесіне арнаған жырларынан шашу шашсын.

19.Арлан:Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбас күн шуық

Бізге қымбат анамыз

20.Ж.Ерасыл:Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды

21.Нұрсезім: Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін

21.Жанель:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық ктпес баладан

22.Наржан:Бәрімізге анасың

Күндей болып жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

23.Санжар: Ел жатқанда жатпанған

Мен деп тыным таппаған

Бақыт үшін баланың

Аман сау жүр ақ мамам

2-жүргізуші:Алдарыңызда біздің топтың мың бұрылған биші жігіттері аналарымен биін тамашалаңыздар.

<<Мамамен >>биі

1-жүргізуші:Көктем біздің ертеңгілігіміз сізге ұнады ма?

Көктем:Ия,өте қатты ұнады.Сендер өнерлі балалар екенсіндер.Сендердің өнерлеріңн тәнті болдым.Сендерге әкелген сыйым бар.Қабыл алыңдар.Балалар енді меніңде кететін уақытым таяп қалды.Мені басқа балалар мерекесіне шақырып еді.Сол балалар мені асыға күтіп отырған шығар.Келесі жылы кездескенше!Қош сау болыңдар!

1-жүргізуші:Аналарымызға арнап біздің топтың балалары тәрбиеші апайлармен бірігіп сыйлық жасадық. Сол сыйлығымызды аналарымызға табыс етуге рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:Осымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Назарларыңызға көптен көп рахмет жүздерініңізден күлкі,бастарыңыздан бақ кетпесін.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-006353
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх