Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Ана - өмірдің гүлі" сценарий

"Ана - өмірдің гүлі" сценарий


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар

Тәрбие сағат барысы: «Қара жорға» биімен басталады


Жүргізуші: - Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.


1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Ән: «Аналар алтын»


Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен әжелер, аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын әжелерімізді, аналарымызды және қыздарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары.

1. Таныстыру

2. Мақалды жалғастыр

3.Ребусты шеш

4. Өлең сайысы

5. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.

6. «Шешеге қарап-қыз өсер». –қол өнер сайысы



Жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

– Әділқазылар:(сыныптың ұлдары)

Оқушы: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік эр қадамды.

5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

6.Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.


Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.

1. 2. 3.


1-ші жүргізуші: Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.

Мақалдарды жалғастырыңдар.

1. Ауылдан асқан байлық жоқ, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/

3. ________ қылығымен көркем. /қыз/

1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/

2. _______ көңілі балада. /ананың/

3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/

1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/

2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/

3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /

1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./

2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /

3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /

1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

2. Екі аяқтыда бажа тату, . / төрт аяқтыда бота тату./

3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./

1. Өле жегенше, /бөле же./

2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./

3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.


Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!

«Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: келесі сайыс түрі Ребус шешу, жұмбақ шешу hello_html_4103c7a7.jpg

Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?

Адам есектен неге құлайды?

Шайға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ болады?

Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

Қай айда 28 күн бар?

Мені ешкім түсінбейді, неге?

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады?

Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?

9 қабатты ғимараттың 9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?

Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?

Теңіздің ортасында не бар?



Келесі сайыстың түрі Өлең сайысы


Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу

Әжелерге арналған: Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

Аналарға арналған. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?

Қыздарға арналған . Кұрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінэлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?

7 окушы: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы


Жүргізуші: қол өнер сайысы .

Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып,әжелер тобы - әже аппликациясын , аналар тобы – ана аппликациясын, кыздарымыз қыз апликациясын жасайды ұлттық киім киген, онымен таныстырулары керек



Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін багасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.


Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.


Балалардың жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыз

Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз




Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДВ-553651
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх