Инфоурок Другое Конспекты"Ана өмірдің гүлі" 4сынып

"Ана өмірдің гүлі" 4сынып

Скачать материал

Тақырыбы:       «Ана – өмірдің гүлі»

 

Мақсаты:        Ана, апа, әже, қарындас, ұстаздың адам өміріндегі ең аяулы жан екендерін ұғындыру.олады сыйлауға, құрметтеуге және аялауға дағдыландыру.

1.     Аналарға, балаларға сұрақ-жауап.

2.     Ән жарыс

3.     Шығарма оқу.

                            

Көрнекілігі:       нақыл  сөздер, слайд, суреттер.

Мұғалімнің        сөзі:

1.     8 наурыз биылғы жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі.

2.     Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

3.     Құтты болсын аналардың мейрамы,

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсің әр көктемнің айлары.

4.     8 наурыз қуанышқа бөлесін,

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық ана аман болып елімде

Балалары қуанышқа бөлесін!

І жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

         Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын  діңгегі.

 

ІІ жүргізуші:

Қымбатты да, бар мейірімін балаларға арнаған аяулы аналар, бар мейірімін немерелеріне арнаған  ақ жаулықты әжелер, білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздар және көктемнің мерекесіндей құлпырған ару да әсем қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз, Аналар мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

 

І жүргізуші:

Көгімнің көркі кім?

Хор: Ана

ІІ жүргізуші:

Жүрегімнің нұры кім?

Хор: Ана

І жүргізуші:

Әлемнің нұры кім?

Хор: Ана

ІІ жүргізуші:

Армысың, ару қыздар, абзал ана!

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсынІ

 

1-оқушы:       Армысыздар ауылымның  асылдары,

                        Жайнасын көңілімнің  жасыл  бағы

                        Халықаралық  әйелдер күніменен

                        Құттықтаймыз аналарды  осындағы!

2-оқушы:      Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың.

                        Әпкелер мен бауырлар балалардың

                        Мерекеңіз ұлассын қуанышқа

                        Бұл күндерді көксеген даналардың.

3-оқушы:       Туғаннан  құлыным деп аймалаған

                        Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

                        Дүние аналармен көрікті ғой.

                        Онсыз бір бұлбұл құс та сайрамаған.

4-оқушы:        Бастадым сөзімді « Ана » деп  мен,

                         Себебі  анам  ғой мені адам еткен.

                         Өмірдің бар асылын бойға жиып,

                         Дүниенің ардақтысы анам екен.

І жүргізуші:

Күннің сәулесі жер бетіндегі барлық құрлықтарға бірдей түседі. Ешкімді алаламайды күн-Ана! Күнсіз әлемде өмір жоқ. Аналар да күн сияқты. Күн шуағы сияқты аналардың жүрек жылуы да бар адамзатқа керек. Жер бетіндегі мың сан халық сонша тілде «Ана» деп басын иеді, өз анасын пір тұтады.

ІІ жүргізуші:

Ана өмірдің бастауы. Ол бізге ең жақын адам. Ол бізді жарық дүниеге әкелді, ана тілімізде сөйлетті. Ол қамқоршым, біз өмір бақи ананың ыстық алақаны мен ыстық құшағына зәруміз. Құрметтейік ананы!

 

5-оқушы:       Ана-өмірдің  қуанышы,тірегі,

                       Бала оның  жұбанышы, жүрегі.

                       Ана  алдында ел жауы да бас иген,

                       Олар дәйім тыныштықты тіледі.

 

6 – оқушы:   Халқымызға билік айтар даналар,

                      Даналардың өзі анадан жаралар.

                      Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

                      Сізден жақын адам бар ма аналар?!

 

7 –оқушы:    Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,

                      Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

                      Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

                     Теңесе алар бір-ақ нәрсе  Отан ғана!  

 

8-оқушы:   Құтты болсын ардақты ана

                   Асыл анам мерекең.

                   Құтты болсын теңдік алған,

                   Қуанышты берекең.

 

9-оқушы:   8-наурыз келді,

                   Шаттық сезім ап келді.

                   Қуанышты күнде енді,

                   Құттықтаймыз сіздерді.

                   Анамызға мың алғыс!

 

10-оқушы: Достықты біз ойлаймыз,

                   Бірге күліп ойнаймыз.

                   Қыздарды да құттықтап,

                    Мерекесін тойлаймыз.

 

І жүргізуші:   Қазақ  әйелді, ананы, қыз  баланы қадірлеп құрмет тұтқан. Ару-Ана бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесе жатады екен. Ару деген сөз адалдық, арлылық, асқақтық атты қасиеттермен қабысып жатса, ана сөзінің аясында асыл, аяулы, ардақты, құдіретті  сезімдер тоғысары хақ.

 

11-оқушы:     Орасақ та  жаннат  ішік, құндызға

                        Баласақ та  айға, күнге, жұлдызға

                        Ана  соның  бәрінен де  ардақты,

                        Одан  асқан  құдірет  жоқ  ұл-қызға.

 

12 оқушы: Ана  деген – мейірім,

Ана – деген шапағат.

Ана – деген құдірет,

Ана деген – махаббат.

 

13 – оқушы:        Жақсы көрем күлкіңді,

                            Айналайын ақ мамам.

                            Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам

 

14 – оқушы:       Ана – деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек  анаға жақынсың.

 

15 оқушы: Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген,

Шөлдедің бе дана әжем.

 

16 оқушы: Әр сөзімді жаттаған,

                   Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

 

І жүргізуші:   Адам бойындағы  барлық  жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың  сүтінен  таралған. Сондықтан, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, қызғалдақ  қыздар  бүгінгі  мерекелік  кешімізді  сіздердің құрметтеріңізге  арнаймыз.

 

ІІ жүргізуші: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы бөлеуді,  ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ. Сондықтан да, ананы әрқашан аялап өтіңдер!

                  

17-оқушы:  Айналайын  адамдар,

Ана сынды панаң бар,

Өміріңе гүл болған,

Көңіліңе қараңдар.

Келсең үйге кешігіп,

Сөндірмейтін еш үміт,

Өкінішке қалмаңдар,

Ана жанын кеш ұғып.

Бітпей кейде таласың,

Қалжырап та қаласың

                   Қартаймайсың бірақта,

Аман болса анашың!

 

І жүргізуші:         Осымен біздің шағын мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана өмірдің гүлі" 4сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 245 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1036
    • DOCX 5.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тагаева Галия Абдималиккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тагаева Галия Абдималиккызы
    Тагаева Галия Абдималиккызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9919
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой