Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ана - өмірдің шуағы!"

"Ана - өмірдің шуағы!"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

1-жүргізуші: Құрметті де аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, ай-ару қыздар көктемнің алғашқы бәйшешегіндей бүр жарған мерекелеріңіз құтты болсын! Осы отырған әрбір аналарға отбасының ұйытқысы, алтын діңгегі, сүйікті жар, ең бастысы-ақ жүректі ана болып, әйел бақыты әрқайсыңыздың басыңызда болсын деп тілемекпіз!

2-жүргізуші:

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, көктемнің шуағын, өмірдің бақытын тілейміз. Ендеше «Қызғалдақ» тобының сіздерге арналған мерекелік ертеңгілігін қабыл алыңыздар.

(Залға музыкамен қоян келеді. Келіп сәбіз іздейді сәбізді таппағасын өсіп тұрған гүлдерді жұла бастайды. Оған түлкі кедергі болады.)

Қоян: Сәлеметсіздер ме балалар! Балалар сендер бүгін өте әдемісіңдер, не үшін бұлай киініп алдыңдар сендерде бір қуаныш болып жатыр ма? (Балалар бүгін аналар мерекесі екенін айтады). Бұл жерде неге гүлдер тұр маған гүл емес сәбіздер керек.

Түлкі: Қоян сен неге балалардың өсірген әдемі гүлдерін жұлып жатсың?

Қоян: Маған гүлдер емес жейтін сәбіз керек.

Түлкі: Сен мына гүлдерді жұлма одан да балалардың өнерін тамашалап осы гүлдерді балалаларға берейік аналарына сыйласын. Екеуі достасып балалардың өнерін тамашалауға келіседі.

1-жүргізуші: Ендеше балалар сендермен бірге аналарымызға арнап әсем әнімізді де шырқап жіберейік. Ән:<<Құттықтаймын мама туған күніңмен>>

2-жүргізуші: Ал енді балалар аналарымызға арнаған өлең-жырларымызды айтып берейік:

1.Алмас:Үйдің күні –анамыз!

Үйдің гүлі-анамыз,

Сені көрсем қуанам.

Сен керексің маған.

2.Әділет:Бізді өсірген анажан.

Еңбегі де зор екен,

Құтты болсын анажан

Құтты болсын мерекең!

3. Ақнұр:Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

4.Әлижан:Сендей жан жоқ аялы,

Өзің үшін мақтанам

Аппақ анам, ақ анам.

Сендей бақыт жоқ маған.

5.Кәусар: Тіліңді аламын,

Ақылды боламын

Ананың біз гүліміз.

Ана біздің күніміз.

6. Айым. Әрқашан бізардақтап,

Әжеге бас иеміз.

7. Қаракөз.Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

8. Назерке.Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті апа-аналар!

9. Көркем.Еркелеймін шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған,

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші ақ мамам.

10.Әліби: Анашым, анам

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

11.Диана. Іш ауырса, тіс ауырса

Анам дәрі береді

Барлық бала, барлық дана

Оны жақсы көреді.

1-жүргізуші : Ал енді біздің ұлдарымыздың қыздарға арнаған «Джентельмен» биін тамашалайық

Би «Джентельмен»

Қоян: балалар біз түлкі екеуміз сендермен ойын ойнағымыз келіп тұр. Ойын ойнаймыз ба? Ойын Ойын «Гүл теру» балалармен Мақсаты: балалар музыкамен билеп жүріп гүлдерді айналу арқылы билейді. Музыка тоқтағанда гүлдерді жұлып алулары қажет. Кімге гүл жетпей қалса сол бала ойыннан шығады.

Түлкі: Балалар сендер өте өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер өнерлерініңді қоян екеуміз тамашаладық, енді біз басқа топтың балаларының өнерлерін тамашалауға барайық. Қош-сау болыңдар. (Түлкі мен қоян балалармен қоштасып шығып кетеді)

2-жүргізуші: Жұмбақ:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәйшешек басады. Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады? (Көктем мезгілінде)

Көктем:Сәлем, сәлем, балақайлар

Әзиз әже, назды апайлар.

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап,

Құстар әнін алакелдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнге сала келдім. Балалар мен сендерге өнерлеріңді тамашалап сонымен қатар аналар мерекесімен құттықтай келдім

1-жүргізуші:Ару көктем, біз сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Аналарымызға арнап би билеп, ән айтып берейік, тамашалаңыздар.

Пародия «Алло...» Қазына, Дәулетжан

Көктем: Балаллар мен сендермен бірге ойын ойнасам деймін. Келісесіңдер ме?

Ойын «Жылы лебіз білдірейік» ата-анамен Мақсаты: Ата-аналар шарды алып әр үрген сайын бір жылы лебізін айтуы қажет. Солай шарды үлкен етіп үрлейді. Бірінші үрлеп болған ата-ана жеңімпаз атанады.

2-жүргізуші:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн,

Әркім сүйіп, өзінің

Мақтан етер анасын. Балалар аналарға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

12.Перизат.Селебрит, селебрит

Селебрит о мазе.

Бекозе зиссе вумендей

13.Үміт: Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген,

Ауырмашы ай әжем

14.Аланабат:Гүлдер кімнің баласы,

Мен мамамның баласы

15. Дәулетжан:Бал бөбегін баптаған,

Мамам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам

16.Сабина:Біздер доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз,

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

17.Костя: Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен.

18.Е.Айша: Айтқан сөзді тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

19.Рамази:Тату-тәтті жүреміз,

Біз қыздарды сүйеміз.

Әрқашанда оларға,

Басымызды иеміз

20.Ақмарал: Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегіңіз елжіреп

Құшағыңызға аласыз.

21.Е.Айару: Сыйлаймын мен жырымды,

Сізге арнап жаттаған.

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын ақ мамам

Көктем: Ия, балалар біз аналарымызды әрқашан тыңдап, құрметтеуіміз керек. Сендер өте ақылды балалар екекнсіңдер, жарайсыңдар!

1-жүргізуші : «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей осы бір әнімізді әжелерімізге арнаймыз қабыл алыңыздар. Ән: «Жақсы көрем»

2-жүргізуші: Ал,енді балалар аналарымызға арнаған өлең-жырларымызды айтып берейік:

22.Қазына.Зиссиз ә сонни дей,

Зиссиз ә хаппи дей.

Зиссиз ә лар ю дей,

Зиссиз ә вумен дей.

23.Аят:Ақ арман, аппақ арман,

Өзіңсің бақта маған.

Шығамын ақ сүтіңді

Қалайша ақтап анам.

24.Айлан:Жеңге, мама, тәтені

Қарындас пен әпкені

Құттықтаймыз мейраммен

Ақылшы, дана әжені.

25.Ерасыл: Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы таппағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

26.Рамзат:Сеннен өскен балалар

Сеннен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

27.Қ.Айша:Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған

Тәрбиелі анамды

Үнемі айтып мақтанам.

28.Алан: Айтсаң болды қуанам,

Менің мамам ақ мамам

Сені көрсем қуанам

Саған арнап ән салам.

29. Ляйсан.Шуағыңды сеуіп,

Аналарым жайна

Жұлдыздарым сені

Айналды ана.

30. Абай.Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

31.Назым.Қоя ғой, қарғам, күнім деп,

Айналар жанды жылытып.

Қараса әжем күлімдеп.

Кетеміз бәрін ұмытып.

32. Аружан.Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен

1-жүргізуші: Алдарыңызда біздің топтың мың бұрылған биші қыздары «Гүлдер» биін билемекші бірге тамашалайық. <<Гүлдер>>биі

2-жүргізуші: Көктем біздің ертеңгілігіміз сізге ұнады ма?

Көктем:Ия,өте қатты ұнады. Сендер өнерлі балалар екенсіндер. Сендердің өнерлеріңе тәнті болдым. Балалар енді меніңде кететін уақытым таяп қалды. Мені басқа балалар мерекесіне шақырып еді. Сол балалар мені асыға күтіп отырған шығар. Келесі жылы кездескенше! Қош сау болыңдар!

2-жүргізуші: Осымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көптен көп рахмет жүздерініңізден күлкі, бастарыңыздан бақ кетпесін. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



hello_html_m59d23491.jpg






























hello_html_m255c387f.jpg





























«Ақбота» балабақшасы













Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы!»













Өткізген: А.Т.Бейсенова



















Арқалық қаласы








Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров33
Номер материала ДБ-006092
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх