Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ана өмірдің шуағы тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ана өмірдің шуағы тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда
болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
І жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
І жүргізуші:
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
1-оқушы:
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
Мұғалім: Хор «Ананың тілі.»
ІІ жүргізуші:
- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.
Мұғалім: -«Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші:
-Дидар, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
І жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

ІІ жүргізуші:
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
2-оқушы
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
І жүргізуші:
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.
3-оқушы:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Мұғалім:
-Кластың орындауында ән «Анаға сәлем.»
І жүргізуші:
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
ІІ жүргізуші:
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
І жүргізуші: -Сынап көрелік.
Мұғалім: Гүл құрастыру.
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру
І жүргізуші:
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу
Мұғалім: - «Анашым» әні
ІІ жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
І жүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?

ІІ жүргізуші:
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
І жүргізуші:
-Ол бақытты жан кім екен ?
І жүргізуші:
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.
Мұғалім: Ән Шоқ қыздар.
ІІ жүргізуші:
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!
І жүргізуші:
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?
ІІ жүргізуші:
-Олардың шешендігін сынап көрелік.
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
Аналарды ортаға шақырамыз
І жүргізуші:
- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне «Әже» әнін ұсынамыз.
4-оқушы:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
ІІ жүргізуші:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
І жүргізуші:
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында «Әлемнің жарығы.» әнін
қабыл алыңыздар!
Мұғалім:
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе,-деді .
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

















































Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

2. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.

3.Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

4. Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

  • 0

  • hello_html_m17c0e533.pngНаверх

  • Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.

  • Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

  • Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

  • Жарқын жузді жан анам сендей болсын бар адам

  • сендей болса бар адам шаттык кетпес баладан

  • Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған,

  • Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам!

  • Біз доспыз гүлдермен,

  • Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірден Аналарға сыйлаймыз.

    Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/takpak/11-nauryz_8_ana.html#read
    © www.ZHARAR.com

























Тәрбие сағат тақырыбы: Аяулы менің анашым Түрі: ауызша журнал

Тәрбие сағат мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру.

Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Тәрбие сағат көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б. Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізушілерді таныстыру. 1-жүргізуші: Бисехан Гүлзат 2-жүргізуші: Рзаш Самғат Тәрбие сағат жоспары: Журналдың бетшелеріне шолу 1-бет: Кіріспе 2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар) 3-бет: «Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу) 4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер) 5-бет: Сөзжұмбақ 6-бет. Суреттер ІІ. Негізгі бөлім 1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.

1-бет: Кіріспе сөз Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.

Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Хормен: Анашым әнін орындау

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті жан аналар!

2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды. Себебі ана деген асыл жан ғой, Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)

Нұрбақыт: «Анаға сыйлаймыз» Көктемде көңілді Құстар кеп жатқанда, Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға. Гүл ектік аулаға Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да Ақ гүлдер өрілді. Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден Анаға сыйлаймыз.

А. Бақтыгереева Ибраһим: «Апама»

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

М. Хакімжанова Айзанат:

«Анамызға мың алғыс» Аялаған ,

баптаған, Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Аналарға мың алғыс! «Адал бол, - деп балдырған», Әділдікке баулыған, Жүрегін де баулыған, Тілегінде мархабат Анамызға мың алғыс! 1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың, Әпкелер мен бауырлар, балалардың. Мерекеңіз ұлассын қуанышқа, Бұл күндер көксеген даналардың. Ән: Ақ мамам 3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу) Әңгіме: «Анамның қолдары» Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді. Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді: «Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...» Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па? Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді. Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді. Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен: - Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді. Би: «Қаражорға» 2-жүргізуші: Білмесең надан боласың, Жау қолында қаласың, Үйреніп бәрін біле алсаң, Ақылың жетіп толасың! 4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер) Әсет: Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал. Орынша: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Олжас: Анасын көріп, қызын ал, Аяғын көріп, асын іш. Ақбаян: Анасының тілін алмаған азапқа қалады. Қуандық: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя». Динара: Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». Заманбек: О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ». Ақкенже: В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың». 1-жүргізуші: Алақаны ақ самал, Мәпелеген, жан ана. Көкте күнім батса да, Өзің күнсің балаңа. 5-бет: Сөзжұмбақ - Бүгінгі мереке иелері аналарымызға арнап сөзжұмбақ құрастырылып келген болатын, сол сөзжұмбақты шешу. 2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты, Біздің қыздар бақытты. Арманға жетер балалар, Аман болсын аналар! 6-бет. Суреттер - Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалау. ІІІ. Қорытындылау 1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. 2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды. Ана –біздің күніміз! Ананың біз - гүліміз! Бізді, ана, қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2227-nauryz_8_ana.html#read
© www.ZHARAR.com



hello_html_14b2a4a5.jpg









hello_html_m66032af5.jpg

Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров111
Номер материала ДБ-023299
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх