Мақсаты:
1. 8-Наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға
деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге
үйрету.
3. Оқушы
бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақи қасиеттерді қалыптастыруға
тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Құрметті аналар,әжелер ,апалар ,ұстаздар Көктем айының алғашқы мейрамы 8-наурыз
халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз, зор денсаулық, бақыт тілейміз.
Біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Той тойлап даламен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтап жатыр міне балаларың-
дей отыра бүгінгі
мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға руқсат етіңіздер!
Ендеше алғаш концертіміздің шымылдығын
Халамхан Мұраттың аналарға арналған өлең жолдарымен бастаймыз.
1-жүргізуші:
Орасақ та жәннат ішік, құндызға
Баласақ та айға,күнге,жұлдызға
Ана соның бәріненде ардақты
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға
-дей отырып келесі
тамаша ән сіздерге арналады.
Ән: «Ару ана»
әнімен Жансая мен Жаңылсынды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Әлпештеген анамыз
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз
Жұлдыз болып жанамыз
Өнерлі болып өсеміз
Өмір сырын шешеміз
Өсіріп
ой-сананы
Қуантамыз
ананы-деп ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
1.Шарипов Адиль:
Аналар өмір жүрегі
Балалар оның
тірегі
2.Мұрат
Нұрсая: Үлкенмін ғой мен енді
Жудым бүгін еденді
Аналарға арналған
Жаттап алдым өлеңді.
Өлең айтып
беремін.
Нан да алып
келемін.
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін.
Бүгін
бестік баға алдым
Тағы -тағы алармын.
Үздік оқу тартуым
Мейрамына маманың.
3.Тұрымтай Айдын:
«Бала,бала,бала» деп
Бізді
өсірген анашым
Гүлге толып құшағың
Бақытты бол анашым
4.Хумарбек Бекбол:
Ана біздің күніміз.
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
5. Мерей Ақжол:
Қамымды ойлар күні-түні
Анам менің көктемім
Ақтай алсам үмітін
Арманыма жеткенім
6.Хуухээ Жангелді:
Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Ән: «Анашым»
Халамхан Мұрат
Би: «Sha-Sha» тобын ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:
Анажан мені әлпештеп аяладың
Бойдағы ізгілікті аямадың
Анажан өзіңсің ғой сүйенішім
Анажан өзіңсің ғой саябағым-дей отырып аяулы аналарға арналған
балабақша бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.
Ән : хор «Ақ мамам»
2-жүргізуші;
Ақ анашым, әппағым
Өзің жайлы тақпағым
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы.
1.Нұрбақыт Шұғыла:
Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек
Бәрін іздеп табасың
2.Мәулет Бекарыс:
Құшағыңа кірген де
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
3.Тұрымтай Айдана:
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен
4.Хуантхан
Нұртілеу: Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
5.Құрметбек
Қарақат: Бейнетімнен қашпаған
Еңбегі үлкен басқадан
Ол өзімнің анашым
Жүрегі кең жақсы адам
6. Тілеуберді
Нұрсұлтан: Біз үшін тыным таппаған
Айналайын ақ мамам
7.Мұрат Самал: Айналайын
анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп
Құшағыңа аласың
8. Караев Дархан:
Бәрімізге панасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын мамашым
Ән: «Анашым»
Булатова Аружан
1-жүргізуші:Біздің
балалардың аналарына арнаған кішкентай сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
2-жүргзуші:
Ата-аналарымен «биле-биле» ойыны жүргізіледі.
Ойынның шарттары: екі топқа бөлінген
аналар бимен жарысады. Жеңген топ үлкен сыйлыққа ие болады.
1-жүргізуші:
Өнер жасты талғамас ендеше ортаға болашағыннан зор үміт күттірер дарынды
ұлдарыңыз Тілеуберді Нұрсұлтанды «Шоқ қыздар» әнімен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Ортаға тотыдайын таранған
Аққудайын сыланған бишілерімізді «Қара жорға» биімен шақырамыз.
1-жүргізуші:
Дайындық тобының оқушыларының өнерін тамашалайық.
1.Ашимова Нұрай: Құдіреттен жаралған
Көңілімді
таба алған
Ең
ақылды адамда
Ол
өзімнің жан анам
2.Тілеуберді Аяулым: Мейіріміңе
қанбаймын
Ең
қымбатты жандаймын
Ақ
мамама ешкімді
Теңестіре
алмаймын
3.Мұрат Күнсауле: Қабағыма қараған
Көңілімді
таба алған
Ең
ақылды адамда
Ол
өзімнің жан анам
4. Құрметбек Айтолқын: Кір түсірмей
жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барар да
Мейірлене
қарайсың
5.Ербол Тілек: Әлпештеген баласын
Ана-бақыт
ана-күн
Әркім сүйіп
өзінің
Мақтан етер
анасын
6. Тұрымтай Айбол : Біз доспыз гүлдермен
Текке
оны жұлмаймыз
Той
күні бір-бірден
Анамызға
сыйлаймыз
2-жүргізуші
: хор ән « Аналардың тілегі»
1-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды
бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін
берді ақ сүтің
Кең құшағың
аясындай гүлбақтың
-
деп келесі сөз кезегін ақ тілектерге
берейік.
-
Ән:
«Әлемнің жарығы» 6-7-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Аяулысың бұл өмірдің асылдары
Жайнасын көңілдердің
жасыл бағы
Сендер үшін
әнменен күй
Өлең мен би
деп ортаға бишілерді шақырамыз. «Жұмыр
қылыш» биімен ұлдар
1-жүргізуші:
Бәрі де ана бір өзіңнен басталды
Сен деп
жаздым алғаш өлең дастанды
Қуансамда,
өзің бар деп қуандым-
дей отыра оқушылардың аналарына арналған
өлең жолдарына кезекті берейік. 5-6-7 сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Аналардың құрметіне арналған тағы бір әнге кезек берейік.
« »
1-жүргізуші:
Аналарға арналған арнау сөз.
Ән:
«Анаға парыз» Ербол Шұғыла
2-жүргізуші:
Мектеп меңгерушісіне сөз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі мерекеміз осымен аяқталды.
Дендеріңзге саулық тілейміз. Хор « Анаға сәлем»
Бекітемін:
Мектеп
директоры: Аскер Н:
Новокаменка
негізгі мектебі.
Мерекелік
кеш.
Өткізген : Хайруллина А А
07.03.2016
жыл.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.