Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАна - отбасының ұйытқысы

Ана - отбасының ұйытқысы

Скачать материал

АНА – отбасының ұйытқысы

 

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Буклет, плакат, кеспе қағаздар, нақыл сөздер, тарихтағы аналар суреті.
І.  Ұйымдастыру кезеңі

          Абзал аналар, ару қыздар!Аймақты нұрға бөлеп, жылы леппен аялап, өңірімізге көгілдір көктем де келді. Халық осы күнді асыға күтеді. Өйткені, көктем – жаңарудың басы, тіршіліктің қайта түлейтін шағы.Табиғат ананың осынау мерейлі мезгілінің аналар мейрамымен қатар келуінде терең мән бар. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. Ана – тіршіліктің алтын арқауы. 
Сіздерді биылғы көктем мерекесі, аналар мерекесі, ізгілік, сұлулық, махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.

Би : «Тор жорға»

Елнұр:

Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін

Хор : «Ана туралы жыр»

1 – бөлім. Көрініс "Көктем патшалығы"
Автор:
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер-ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты. Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды. Осы құлпыр-ған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты. «Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаб-баттан тұрады екен. Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздей-ді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орын-дағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Автор : Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Бала: Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

Ұлдар әні : «Менің анам алтын»
ІІ бөлім. «Анама арнаймын»

Еркін:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Айбек :

Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту – таралғының керегі жоқ.
Ғалымжан :

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Әлия :

Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Теміржан :
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
Нысанбек :
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Асылбек :
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
Б. Іңкәр:
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.

Хор : Мереке күніңмен

Қара өлең. Нұрлан Өнербаев. Тыңдау

Анаға тілек жазу

Мақал-мәтелдер

Асылбек :

Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.

Ғалымжан :

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Мейіржан :

Баласы атқа шапса, анасы үйде  тақымын қысады.

Ақжайна :

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Б. Іңкәр :

Ажалды ана жеңеді.

Зәкәрия :

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Еркін :

Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді.

Ж. Іңкәр:

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Әлия :

Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.

Жанар :

Ағайын — алтау,
Ана — біреу.

Ерназар :

Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.

Нысанбек :

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.

Гүлзинат :

Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді.

Назгүл :

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Зәкәрия :

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады. 
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

Теміржан :
Аналы баланың өзі тоқ, 
Анасыз баланың көзі тоқ.

Қуаныш :

Ананың басқан жерінде пейіш бар. 
Б. Іңкәр : Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың. 

Хор. Анашым шалқып күлсең

Қара өлең. Тыңдау

Ана туралы нақыл сөздер

Зәкәрия :Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. В.Г.Белинский

Елнұр :

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, 
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Бейбіт : Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. В.Гюго

Еркін : Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. О.Бальзак

Айбек :

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел – оның анасы.  А.Тұрмағамбетов

Қуаныш :

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Ақжайна :
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Мирас :
Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі,
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тілейді.

Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығың,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.
Дана :
Құран кәрімде:
“Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық”
“Жұмақтың кілті – Ананың табанының астында”,- деп ананы аса жоғары бағаласа,
Еліміздің Ата заңында:
“Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар - еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті” деп көрсетілген.
Ия, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған ата – анамызға қандай жақсылық жасасақ та артық болмас еді.
Бейбіт :

Анасын керек емес баптамаған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған.
Адам боп жүрмесінші жер бетінде,
Анаға махаббатын сақтамаған
 

Музыкалық көрініс : (Еркем-ай әніне салып айтады.)
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық,
Келіңдер, өсек бастайық.
Немеренің әртүрлі
Қылығын айтып тастайық.
Қайырмасы:
 

Ой-бай, белім-ай
Қайда кетті келін-ай.
Ж. Іңкәр :
 
Немерем менің блатной,
Күндіз тыным таппайды.
«Видик көру керек» - деп,
Кешкі ұйқыға жатпайды.
Қайырмасы:
 

Ой-бай сұмдық – ай

Ұят екен-ау масқара-ай.
Б. Іңкәр:
Немерем менің кір-кір боп,
Үйдің бетін көрмейді.
«Киндер» сатып әпер деп,
Еш тыныштық бермейді.
Қайырмасы:
Назгүл:
 
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Жүз теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Қайырмасы:
Әлия:
Немерем менің ән салса,
«Махаббат» деп айтады.
Қызың бар ма деп едім.
«Жоқ» - деп басын шайқады.
Қайырмасы:
Бәрі:
 
Келіндер келіп қапты ғой,
Біз де үйге үйге кетейік.
Немере шіркін тәтті ғой.
Барына шүкір етейік.
Қайырмасы:

Нысанбек :

Ана, сен бақыттысың

сөзі: Мұқағали Мақатаев

әні: Естай Әлікеев

Ана,

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

Ж. Іңкәр :

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

 Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

 Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

 Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

 Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

 Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

 Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

 Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Ерназар :

8 Наурыз 2014 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

 

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

 

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар арман!

 

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

 

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Ойын ойнатылады

Би Өзбек

Қорытынды :

Мұғалім:

Әйел-Ана
Болмысың,бар тілегің елің үшін,
Әйел-жар,отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің.
Шыдаумен өмір-жолда сынақтарға,
Тырыстың отау жүгін құлатпауға.
Жалғадың өз ұлтыңның ұрпақтарын,
Пәниде бұдан асқақ мұрат бар ма?!
Перзентке арнадың да танымыңды,
Болмаса дедің соның әні мұңды.
Жұртыңның бойға сіңген қасиетімен
Ұрпаққа бердің текті тәліміңді.
Көрсетіп ар жолының дұрыстығын,
Дегендей осы жолмен ұғыс,күнім!
Дарытып бесігінен жақсылықты,
Күзеттің сол бесіктің тыныштығын.
Бөбекке текке кетпей ұқтырғаның,
Жандырдың сол арқылы құттың бағын.
Адалдық әні айтылып әлдиіңмен,
Сіңірдің уызынан ұлттың нәрін.
Жүрегің перзентке ортақ төгед нұрын,
Санамай біреуінен ерек бірін.
Үйреттің ұл-қызыңа үлгі етіп
Өмірде әке сыйлау керектігін.
Әрдайым берсін дейсің елге тыным,
Заманның құбылса да келбеті мың.
Тараған ұрпағыңнан ұрпақты ойлап,
Тілейсің татулығын әулетіңнің.
Анамен шаңырақта болар-ды бақ,
Перзент те ол бар жерде табар мұрат.
Есейіп кетсе-дағы ұл мен қызың,
Бәрібір Ана-жүрек алаң бірақ.
Өмірден өссе бөбек алар гүлін,
Шықса да,мейлі,шыңға олар бүгін.
Әлі де еркелейді баяғыдай,
Тәңірден тілеп Ана амандығын.
Жанына ұл-қызыңның үңілесің,
Бәйек боп болса нала жүгіресің.
Әр жанның жүрегінде Ана деген-
Жазылып қалған мәңгі ұлы есім!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана - отбасының ұйытқысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 358 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 1473
    • DOCX 32.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Карлыга Кулжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Карлыга Кулжановна
    Садыкова Карлыга Кулжановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11813
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 265 человек из 56 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1212 человек из 82 регионов

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе