Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ана тілі "Ата-әжеме хат"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ана тілі "Ата-әжеме хат"

библиотека
материалов

Мектеп: «№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММhello_html_m77276674.jpg

Мұғалім: Тишкамбаева Анар Канатовна

Сынып: 3 «А»

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ата әжеме хат

Сабақтың мақсаты: 1. Ы.Алтынсарин өмірбаянымен таныстыра отырып, әңгіменің мазмұнын ашу. Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету.

2. Ойын еркін жеткізе білуге, сөздерді байланыстырып, сауатты жазуға, өздіктерімен жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға дағдыландыру. 3. Оқушылардың ата-әжелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, адамгершілікке, сыйластыққа, өнегелі болуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекіліктер: Ы.Алтынсарин портреті, слайд, конверт

Технология: СТО технологиясының стратегиялары: Ой қозғау, топтастыру стратегиясы, мағынаны тану

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Шаттық шеңбері

Ә) Сабақтың ұраны

ІІ. Өткенді қайталау «Ой қозғау»

А) Өлеңді мәнерлеп оқу

Ә) Ата-әжелері туралы мәлімет оқу

Б) Тест орындау

ІІІ. Жаңа сабақ:

А) Жұмбақ жасыру

Ә) Ы.Алтынсарин өмірбаяны. Топтастыру стратегиясы

Б) Қаз поштадан хат келеді

В) Хатты оқу

Г) Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

Ғ) Сергіту сәті

ІҮ. Бекіту:

А) Шығармашылық тапсырма: Өзің де хат жазып үйрен

ҮІІ. Қорытынды:

А) Ата-әжеңе өлең жаз.

Ә) Сұрақтарға жауап алу

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Шаттық шеңбері: - Балалар, ортаға шеңбер құрып тұрайықшы. Біз өтіп жатқан тарау кімдерге арналады?

  • Дұрыс, ата-әжелерімізге, ата-аналарымызға. Ендеше осы туыстарымызға жылы тілектер білдірейікші. Әрқайсымыз бір тілектен айтып шығайық.

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Біздің ұранымыз қалай еді?

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

  • Жақсы, енді орнымызға отыра қалайық.

ІІ. Өткенді қайталау: Ой қозғау

  • Балалар, тақтаға қараңдаршы. Қандай сөздерді жазылған?

  • Ақылды, ана, қария,

  • Бұл сөздер қандай мағына береді? Бір-бірімен байланысы бар ма? Дұрыс, өткен тақырыбымыз да осы сөздермен байланысы бар екен.

  • Кім айтады? Қандай өлең оқып едік?

  • Апаның тілін алса егер.

  • Авторы кім екен?

  • Қане, үш топқа бөліне қалып, тапсырмаларды орындайықшы.

І топ: мәнерлеп оқып береді?

ІІ топ: Апаның тілін алмайтын бала туралы айтады

ІІІ топ: Апаның тілін алатын бала туралы айтады.

  • Қане, кім өз апа-атасы туралы мәлімет жазып келді?

  • Жарайсыңдар, балалар. Енді 5 сұрақтан тұратын тестке жауап берсек.

  • Жауабын өзіміз тексеріп, өздерің бағалайсыңдар.

  • Тест

  1. «Неге сен есегіңе өлең айтуға үйреттің?-дейді» - үзінді қай мәтіннен алынған?

А. Ата ақылы

Ә. Шал мен балалар

Б.Айтшы, әжетай

В. Апаның тілін алса егер...

2. Спандияр Көбеевтің әңгімесін ата

А. Апаның тілін алса егер...

Ә. Ата – әжеме хат

Б. Жұмыстың жылуы

В. Атасы мен немересі

3. «Демалыс жоқ, күнде ойын,

Мерзіммен суға түспесе» - үзінді қай өлеңнен алынған

А. Апаның тілін алса егер...

Ә. Шал мен балалар

Б.Мысық пен тышқан

В.Ата ақылы

4. «- Қойыңдар, әлі де артын күтіңдер. Тіл алсаңдар, бармаңдар» - үзінді қай мәтіннен алынған?

А. Айтшы, әжетай

Ә. Мысық пен тышқан

Б. Атасы мен немересі

В. Шал мен балалар

5. Аяқ – деген не?

А. Ағаш табақ

Ә. Заттың атауы

Б. Дене мүшесі

В. Сандық

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Жұмбақты шеш.

Аяғы жоқ жүреді, Тілі жоқ сөйлейді. «Хат»

- Балалар, хат деген не?

Оны қалай жібереді?

Қазіргі заманда хат орнына не қолданып жатырмыз?

- Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі жаңа сабақты мына өлеңмен бастағым келіп тұр.

Кел, балалар, оқылық.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалалр, оқылық

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

  • - Бұл өлеңді кім жазған?

  • - Дұрыс, Ы.Алтынсарин

  • - Ы.Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысында туған. Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, Қазақ Хрестоматиясы оқу құралын жазған.

  • - Ы.Алтынсарин ұстаз, жазушы, ағартушы, фольклоршы болған

  • Балалар, бізге қонақ келген сияқты.

  • Қазпоштадан хат келіпті. Қане, ашып оқиын.

  • Балалар, бұл хаттың авторы Ы.Алтынсарин екен.

Оқулықпен жұмыс: Мәнерлеп, түсініп оқу. Тізбектей оқу.

Хатты бөлікке бөліп оқу.

1. Хаттың басталуы

2. Назардың оқуы

3. Назарға айтқан атасының ақылы.

4. Хаттың аяқталуы.

Сергіту сәті:

Анам – күнім жүрегім,

Әкем- өмір тірегім

Мен бақытты ұланмын

Бәрі маған қуансын!

Әжем-асыл ардағым

Атам-дана қорғаным

Мен бақытты ұланмын

Бәрі маған қуансын!

Ағам қамқор асқарым,

Інім-мөлдір аспаным

Мен бақытты ұланмын

Бәрі маған қуансын!

Қарындасым – қанатым

Ел Отаным-жаннатым

Мен бақытты ұланмын

Бәрі маған қуансын!

ІҮ. Бекіту:

А) Шығармашылық тапсырма: Өзің де хат жазып үйрен (оқушыларға бет таратылған, конвертке салып, хатшыға тапсырады)

ҮІІ. Қорытынды:

А) Ата-әжеңе өлең жаз.

... жүремін

... көремін

...жүріңіз

... күлімдеп

Ә) Сұрақтарға жауап алу:

- Хатты жазып отырған кім?

- Хатты кімдерге жазып отыр?

- Бұл әңгіменің авторы кім?

- Ы.Алтынсарин кім екен?

- Әңгіме қалай аталады?

Өлеңмен аяқтау.

Қарттарымыз ұмытылмас ешқашан

Қадірлі де, құрметті ғой әрқашан

Жүрсін адам қарт кісіні аялап,

Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.

- Сендер де алыстағы туыстарыңа, достарыңа хат жібердіңдер. Олар да сендерге қатты қуанатын болады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 126-бет мазмұндау.Жеті атасын жаттау

ҮІІІ. Бағалау















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-566323

Похожие материалы