Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ана тілі - білімнің кілті

Ана тілі - білімнің кілті

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Ана тілі – білімнің кілті

(интеллектуалды сайыс)

Күні:17.09.2015

Уақыты: 15:35

Қатысушылар:2,3,4 сынып оқушылары

Тақырыбы:Ана тілі – білімнің кілті

Мақсаты: Оқушылардың ой өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс сағаты

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағадар, әріптер


Барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

2) Әділқазылар алқасын сайлау

3)Сайыстың мақсатымен таныстыру

1 – жүргізуші Армысыздар ұстаздар, қонақтар, білікті жандардың жұлдызы жанатын қатысушылар!Бұл «Ана тілі – білімнің кілті» интеллектуалды сайысы. Қазақ тілі апталығына орай ұйымдастырылып отырған сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.Бала би қартайған шағында халқын жинап, оттан ыстық не?, көктен биік не?судан терең не?, жерден ауыр не? – деп сұрапты. Бірақ бұл сұрақтың жауабын ел арасында ешкім таба алмаған көрінеді. Сонда бала би тұрып, оттан ыстық дегенім – адамның өмірі, көктен биік дегенім тәкапардың көңілі, судан терең дегенім – оқу мен ғылым, ал жерден ауыр дегенім – ақыл мен білім деген екен. Ендеше осы сайыста көрсеткен білімдерің, күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашақтарыңа алғашқы қадамдарың болып табылады..

2 – жүргізуші Бүгінгі сайысымызға 2 топ қатысады, әр топта 8 оқушыдан.

Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.

1 – жүргізуші Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.

------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------

-------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------


2 – жүргізуші

Енді бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:

1 – кезең « Топты таныстыру» (топ басшылары)

2 – кезең «Қазақтың ұлы тұлғалары» (суреттерді анықтау)

3 – кезең « Сіз салт – дәстүрді білесіз бе?» (берілген тапсырманы орындау)

4 – кезең «Тұрақты сөз тіркестері»

5 – кезең «Картамен жұмыс» (қай қала екенін табу)

6 – кезең « Адасқан әріптер» сөз құрау

7 – кезең « Топ басшылар сайысы» (өз тобына сөздер жасырады)

Бүгін оқушылар тартысты ойын көрсетеміз деп келіп отырған шығар. Ендеше бүгінгі ойын көркін қыздырар ойыншылармен таныс болайық.

1 – топ Алғырлар тобы

2 – топ Білгірлер тобы

1 – жүргізуші

Сайыс бізге сын болсын,

Білмегенге мін болсын.

Командаларды қолпаштап,

Қол соғыңдар кім болсын.

2 – жүргізуші Біз сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. « Топты таныстыру». Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

1 – жүргізуші Сайысымыздың келесі кезеңі «Қазақтың ұлы тұлғалары» деп аталады. Суреттер бойынша жұмыс, суретте көрсетілген тұлғаны тауып шығуымыз керек.

2 – жүргізуші Келесі кезең « Сіз салт – дәстүрді білесіз бе?»

  1. сұрақ «Алғырлар» тобына «Күлдіреуіш» киіз үйдің қай бөлігі?

hello_html_6878ebdc.jpghttp://adyrna.kz/wp-content/uploads/2010/09/70009-300x114.jpg

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынып иіліп жасалады. Әр иінде 3 – күлдіреуіштен 8 – ге дейн болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдыырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі.

2 – сұрақ «Білгірлер» тобына . «Шанақ» домбыраның қай бөлігі?



hello_html_m6a0aad2f.png

Домбыра

1 – бас, 2 – мойын, 3 – шанақ, 4- ішек.

1 – жүргізуші

4 – кезең «Картамен жұмыс» (қай қала екенін табу)

«»- тобына

  1. Атырау

  2. Қостанай

  3. Қарағанда

  4. Өскемен

  5. Шымкент


«» - тобына

  1. Маңғыстау

  2. Қызылорда

  3. Астана

  4. Павлодар

  5. Алматы

2 – жүргізуші

5 - кезең « Топ басшылар сайысы» (өз тобына сөздер жасырады)

«» - тобы


  1. Қоян

  2. Бастық

  3. Ренжулі

  4. Су

  5. Аяқ киім

  6. Жастық

  7. Доп

  8. Мысық

  9. Қылыш

  10. Әнші

«»- тобы

  1. Махаббат

  2. Аю

  3. Тышқан

  4. Шырша

  5. Музыка

  6. Қорқу

  7. Балапан

  8. Қар

  9. Шелек

  10. Батыр

1 – жүргізуші

Сайысымыздың соңғы кезеңі

« Адасқан әріптер» сөз құрау

А,Р,Т,С,М,Б,А

Мата, арба, асар, таса, бата, тара

  1. Шүберек, ол не? (мата)

  2. Ат..., ешек.... (арба)

  3. Жұмыла көтерген жұмыс (асар)

  4. Ық, пана сөзіне синоним (таса)

  5. Улкен кісілерден не аламыз? (бата)

  6. Шашты... (тара)

«» - тобы

А,Қ,Н,Ы,Т,Ш,А,С

Саты, қына, ақын, сақа, шана, тана

  1. Басқыш, баспалдақ синоним (саты)

  2. Ақыл басқа бітеді

  3. .... қына тасқа бітеді (қына)

  4. Қыс көлігі (шана)

  5. Асықтың үлкені (сақа)

  6. Сиырдың ұрғашысы (тана)

2 – жүргізуші Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сендер көрдіңдер.

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер, деп

Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

1-жүргізуші:

Осымен «Ана тілі – білімнің кілті» атты интеллектуальды сайысымызды аяқтауға рұхсат етіңіздер.




Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров120
Номер материала ДВ-326260
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх