Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ана тілі : " Еліміздің мемлекеттік рәміздері "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ана тілі : " Еліміздің мемлекеттік рәміздері "

библиотека
материалов

Бикен Римова атындағы мектеп-гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Саболинова А.А.

1 «А» сыныбының Кембридж бағдарламасы бойынша өтілетін ашық сабақтың жоспары

Жалпы мақсаты


Күтілетін нәтиже

Мәтін туралы түсінік беру, мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жетелеу, оқу және жазу дағдысын жетілдіру. Сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Өз ойларын еркін жеткізеді. Сөздік қорлары көбейеді. Мәтін туралы түсінік алады.

Негізгі мақсатттар

Оқушылардан сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету;

АКТ мен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Тақырып мазмұнын ашуға, өздігінен ізденіп білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға, өзін-өзі реттеуге қалыптастыру;

Диалогқа түсе отырып, білімін тереңдетуге дағдыландыру;

Оқыту нәтижелері

Тақырыпты меңгеріп, алған білімін өмірде тиімді пайдаланады;

Тақырып мазмұны бойынша диалог арқылы білімін шыңдауға дағдыланады;

Өзін-өзі бағалап, реттеуге үйренеді;

Тақырыпты сыни тұрғыдан талдай алады;


Психология-лық дайындық

1 мин







Топқа бөлу

2 мин


Қызығушылықты ояту

2 мин










Жаңа сабақ

20 мин














Мағынаны тану











Сергіту сәті 2 мин





















Қортынды-лау

5 мин


Бағалау

3 мин


Кері байланыс

2 мин



Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын. Осындай жылулығымызды ұстап тұрып бір-бірімізге тарту етейікші. Өте жақсы балалар, осындай жылулықпен сабағымызды бастамай тұрып топқа бөлініп алайық.

Оқушылар топ аты жазылған түрлі түсті қағаз арқылы 3 топқа бөліну.

Сабақтың ұраны:

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Топтың ережесімен таныстыру.

Ой қозғау (топ бойынша тапсырма)

І топ: Дыбыс түрлерін атаңдар.

ІІ топ: Дауысты дыбыстар қандай?

ІІІ топ: Дауыссыз дыбыстар қандай?

Топқа дыбыстық талдау:

І топ: кемпірқосақ

ІІ топ: сегізкөз

ІІІ топ: қолбасшы

Оқушыларға бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, бүгінгі күннің жадын дәптерге жазу ұсынылды.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Олай болса, көктем сөзіне бір топ сөйлем құрайды, қалған топтар ойды әрі қарай мәтін болатындай етіп жалғастырады. Мұғалім әр топтың сөйлемін тақтаға жазады.

Осы сөйлемдердің жиынтығы мәтін бола ала ма?

- Олар өзара байланысқан ба?

- Егер сөйлемдер өзара байланыспаса, олар мәтін бола ала ма?

Сөз --- сөйлем ---- мәтін

Мәтінге не үшін тақырып қойылады деп ойлайсыңдар.

Мәтін балалар, 3 түрге бөлінеді. Олар әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.

Жұппен жұмыс: 164-жаттығу.

Жеке жұмыс. Жалбыз мәтінін оқиды.

Жұппен жұмыс. Талқылайды

Топпен жұмыс. Мазмұнын айтады.

Критерийлер:

Мәтіннің не туралы айтылғанын табу;

Өз тілінде түсіндіріп бере алуы;

Қосымша мәлімет.

Слайдтан суретін көрсету. Қосымша ақпарат беру.

Бағалау

«Көңілді күн»

Балалар, біз жалбызды өсімдік екенін білеміз, оны неге жатқызамыз? Ия тірі табиғат. Ал жануарлар нешеге бөлінеді? Ия дұрыс айтасыңдар. Жабайы және үй жануары болып екіге бөлінеді. Олай болса мына суретке қарайық. Ненің суреті? Қонжық. Қонжық ненің баласы? Аюдың. Олай болса келесі жаттығуға қарайық.

Оқулықпен жұмыс: 165-жаттығу

Мәтінді бір оқушы шығып мәнерлеп оқиды.

Инсерт әдісі бойынша «қонжық» мәтінін талдау. 5 мин

V-бұрыннан білемін

+ - жаңа ақпарат

«--» Білмеймін

? –Білгім келеді?

Дәптермен жұмыс. Сөздікпен жұмыс

Кірекей-қонжықтың енесі.Қонжық – аюдың баласы.

Талантты, дарынды баламен жұмыс

«Бес жолды өлең» әдісі 3 мин

Қонжық, жалбыз

Қандай, не істейді?

Сонымен балалар, біз сендермен бүгін қандай тақырыппен таныстық.

-Жалбыз дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?

- Қонжық дегеніміз не? Ол туралы не білеміз?

Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Неге ондай баға қойғанын айтады. . Сыйлықтарын тарату.

Үйге тапсырма: Итмұрын тақырыбына мәтін құрастыру

Оқушылардың сабақтан алған ойлары, әсері туралы білемін.








Бір-біріне жылулық сыйлау.

І топ Дыбыстар

ІІ топ Сөздер

ІІІ топ Сөйлемдер



(топ бойынша тапсырма оқушылар жауап береді)











Сұрақ-жауап арқылы, оқушылардың ой-пікірлерін талдау.







Оқушылар мәтінді оқып, жұппен талқылап, мазмұнын айтады.

Сұрақтармен жұмыс жасайды

Қосымша мәлімет алады.







Әуенмен сергіту сәтін жасайды



Сұрақты пайдалана отырып, өтілген тақырып бойынша ой жинақтау.










Дәптерлеріне сөздікті жазады.






Топтар бірін-бірі бағалау. Күнделікке жазу, баға қою.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерге жапсырады.





Ана тілі оқулығы 3 сынып

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Астана 2012

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы толық мәлімет беру. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Оқыту нәтижесі

Ел рәміздері жайлы білімдері толығады. Қазақ жерінің кең байтақ екендігін түсінеді, ой-өрістері кеңейеді. Тақырып бойынша алған білімдерінің нақтылығы, меңгерілу дәрежесі айқындалады.

Түйінді идея

Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру. Өзара әрекеттесе отырып, топтық жұмыс істеуге дағдыландыру. Бірін-бірі бағалай білу дағдысын қалыптастыру.

Тапсырмалар




  1. Миға шабуыл /Сұрақтарға жауап алу/

  2. Кластер құру

  3. Джигсо әдісі.

  4. Сұрақтарға жауап алу

  5. «Есте сақта» тапсырмасы

  6. «Ойлы болсаң, озып көр».

  7. Еркін жазу стратегиясы /Эссе/

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Топқа бөлу. 1,2,3 сандары жазылған стикер бойынша топқа бөліну.

Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру

Әр оқушы өз есімін атап соған байланысты сын есім айтады.

Үй тапсырмасын сұрау

Жазып келген «Астана-арман қала» тақырыбындағы эсселерін оқиды, суреттері бойынша әңгімелеп, өткен сабақтан алған білімдерін, ойлау туралы ойланып, мәтіннің мазмұнын айтады.

1-ші тапсырма Миға шабуыл

І топ.

1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? /1991 жылы 16 желтоқсан/

2. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? / Есіл өзені/

3. Мемлекеттік рәміздер күні? / 4 маусым/

4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі? /жұлдыз/

5. Жері байдың - ......... (елі бай) мақалды жалғастыру

ІІ топ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

/1995ж 30 тамыз/

2. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында?/9 орында/

3. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар? /қанатты пырақ/

4. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты? /2рет/

5. Туған жердің күні де ыстық, ........ (түні де ыстық) мақалды жалғастыру.

ІІІ топ

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл? /1992жыл/

2. Ұлттық валюта қащан қабылданды? /1995 жыл, 15 қараша/

3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс? /қыран бүркіт/

5. Өзге елде сұлтан болғанша, ...... (өз еліңде ұлтан бол) мақалды жалғастыру. Балалар бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсындар?

Тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Әр топқа ат қою. І топ – Ту ІІ топ – Елтаңба ІІІ топ - Гимн

Электронды оқулық бойынша білімдерін кеңейту.

2- ші тапсырма Кластер құру

Әр топ өз топтарының атына байланысты кластер жасайды, қорғайды.

3-ші тапсырма.

Джигсо әдісі арқылы мәтін бөліктерін оқып ойланады, топта талқылайды, ойларын жинақтай отырып постерге түсіреді, ортаға шығып қорғайды.

4- ші тапсырма. Сұрақтарға жауап алу.

І топ – Ту

Қазақстан Республикасының Гимні қандай жиындарда орындалады?

ІІ топ – Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы қандай жерлерге ілінеді?

ІІІ топ – Гимн

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қай жерлерде бейнеленеді?

Осы сұрақтар бойынша алған білімдері анықталады.

5-ші тапсырма. «Есте сақта»

Экранда бірнеше түрлі түсті суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. Көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін суреттерді параққа жазу.

6-шы тапсырма «Ойлы болсаң, озып көр» Отан, туған жер жайлы мақал-мәтел, тақпақ айтып жарысады.

7-ші тапсырма «Еркін жазу» стратегиясы /Эссе/

Үйге тапсырма

Бес жолды өлең құрастыру.

Бағалау

Топтардың бір-бірін бағалауы

Қорытынды


Оқушылар өздерінің білгенін, нені үйренгенін стикерлерге жазып кері байланыс жасайды

Сабақ соңында «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдау.

Пайдаланған әдебиеттер


Ана тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3сыныбына арналған оқулық Т.Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатай Алматы Атамұра 2010





Сынып сағатының тақырыбы «Біз бақытты балалармыз!»

Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көз қараспен қарауға, қадірлеу, бағалай білуге тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: ашық сынып сағаты

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, пікір-талас, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, жүрекшелер т.б

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме? Қымбатты менің оқушыларым, мен бүгін сондай бақыттымын. Неге? –деп сұраңдаршы? Мен бұған еш қиналмай жауап беремін. Мен сендерді көргеніме бақыттымын.

Армысың шапағатты Күн-ана!

Армысың шапағатты Аспан-ана!

Армысың мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт бар әлемді жарылқа.

Күн-ана өзінің мейірімін, шуағын төгіп, біздің жан-дүниемізге жарық сәулесі мен жылуын шашып тұр. Енді осы жылуымызбен бізді ата-анамыз, ата-әжелеріміз қалай еркелетіп атайтынын айтып өтейікші.

-Сен кімсің? /оқушылар өздері жалғастырады/

Міне, балалар, біз мейірім шуағын төгу арқылы әрқайсымызды ата-анамыз, ата-әжелеріміз қалай еркелететіні жайлы білдік. Ал ең бірінші жылуымызды кімге арнаймыз? Әрина анамызға.

-Неліктен? -деп сұрасам. Кім қалай жауап берер еді. (Оқушылар жауаптары тыңдалады)

ІІ.Жаңа сабақ

Олай болса, бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы «Біз бақытты балалармыз!» деп аталады.

Ән. «Біз бақытты баламыз»

Кез-келген адам баласы бақытты болғысы келеді, әрі сол үшін өзінің күш жігерін аямайды. Адамдардан «өмірдің мәні не, қалай бақытқа жетемін?»деп сұрасаңыз, біреулер «ақшаң көп болса бақыттысың», «жұмысың болса өзіңді бақытты сезінесің», «бақыт деген сүйген адамыңа қосылу, яғни махаббат», «көп бала-шағаң болса» бақыт деген сол дейді. Тіпті «достарың көп болса бақыттысың!» деп жауап беретіндер де бар.

Бұл жауаптардың барлығы  орынды. Дәлелдері бар, дұрыс айтылған дана сөздер сияқты болып көрінеді. Бірақ ақылға салып қарасақ, егер тек ақша бақытты қылатын болса, онда барлығы ғылым-білімді тастап, ақша табудың жолын ойлаcтырса не болмақ. Алайда, өмірде бай адамдардың да басы қатып, ұрыс-керіспен жүргенін көзіміз көріп жүр. Ақша көп мәселелерді шешкенімен, адамды бақытты қыла алмайды екен.

Егер билік адамды бақытты қылады десек, онда барлығымыз билікке жүгіріп, таласуымыз керек болады. Себебі бәріміз бақытты болуға құқығымыз бар. Бірақ бәріміз билікке лайық емеспіз, әрі барлығы бастық болса, онда кім жай адам болады.

Махаббатқа келсек, бір-бірін қатты жақсы көріп үйленгендер, кешікпей бір-бірін көрместей болып, ажырасып жататыны тағы бар. Ал, көп бала-шаға бақыт  десек, онда балалары жоқ адамдар бақытсыз болғаны ма?! Достарға келсек, қазір достың түрі көп ( жұмыста, есеп үшін дос т.б.). Бірақ  басыңа қиыншылық келсе, достардың көбін таппай қаласыңдар. Тіпті көмегін бергеннің өзінде сізді бақытты қылу қолынан келмейді.

Біздің бақытымыз ол біздің өміріміз. Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде. Біз өмір сүру үшін барлық жағдай бар. Алла Тағала әлемді, тамаша табиғатты, бір-бірімізді көру үшін - көз, табиғаттың тамаша дыбыстарын, бір-бірімізге айтқан лебіздерді есту үшін – құлақ, адамзатқа тілдесу үшін тіл берді. Ең бастысы, жақсылық пен жамандықты айыра білу үшін – жүрек берді! Қамшының сабындай ғана ғұмырда сыйластық керек. Біреудің қателігі – біреуге сабақ. Біздің өмірден аларымыз – тек сабақ қана. Ендеше, сәл қиындықтарда еңсемізді түсірмей, мойымай, төзіп, алға сеніммен қарайық.Әр адам өз өмірін өз қолымен жасайды.

Егер әлдебіреу маған: «Өмір бейнесін параққа салшы», -десе, ойланбастан, сарғайып, солғын тартқан және жап-жасыл болып көктеп, өркен жайған жапырақтар салар едім...

Себебі, бұл - өмірдің шынайы бейнесі. Сап-сары жапырақтар... Кейде уақыты келмесе де, мезгілі жетпесе де, жасыл жапырақтар арасында сарғайып кеткендері болады. Адамдар да сондай. Жанбай жатып сөнетіндері қаншама?!

Ш.Сариевтың «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» өлеңін оқимын.

Өмір деген тұрады: Таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де,т ірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
- Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?

- Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
Ал енді балалар, қазір «Қоян мен түлкі» ертегісін тамашалап көрейікші.
Автор:- Бір түлкі секіріп келе жатқан қоянды көріп, өтірік ауырған болып жата қалады.
Түлкі : - Қоянжан – ау бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен дос емес пе едік. Мен ауырып жатырмын жақын келші.
Қоян : - Екі көзім өзіңде тұр, екі құлағым сөзіңде тұр. Сізді қу , ашқарақ, өзімшіл дейді, сол рас па?
Түлкі: - Қу екенім рас, алдамайын десем де ұмытып кетемін, кеше бір тауықты алдап жеп қойып едім, соны аяп ауырып жатырмын, оның да өмір сүргісі келеді ғой.
Қоян: - Ұмытшақтық деген жаман ғой, соныңыздан қорқамын, сондықтан да жортамын. –деп жорта жөнеліпті.
Балалар, түлкі қандай аң екен?
Түлкі қу, қомағай, өзімшіл, мейірімсіз.
Ал қоян ше?
Қоян сақ, қорқақ, ол ешкімге жамандық ойламайды.
Дұрыс - ақ. Аңдар мен жануарлардың мейірімді, мейірімсіз болатыны сияқты адамдардың өмірі де ақ пен қарадан тұрады екен.

Өмір дегеніміз – Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, қайталап келмейді. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір адамның қуаныш-қайғысы, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы.

«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, өмір сүруге тырыспайтын адам болмайды» –деп жауап беретін болар. Олай болса, бізде бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Оқушылардың тақпақтары айтылады.

Халқымыз:

«Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын»-дейді.

Адам жақсы мен жаманды ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді жинауы керек.

Ал енді балалар, қазір алдарыңдағы қағаздан еңбек сабағында жасап үйренген көбелекті жасап, қандай жақсы қасиеттер біздің бойымызда болуы керек екенін айтып, біздің баққа апарып орналастырамыз.

Қандай жаман қасиеттерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

Ал қазір біз «Өмір» атты ағашымызда орналасқан «Мен бақытты баламын» суреттер Галереясына саяхаттайық. Әр оқушы жеке-жеке шығып өз суретіне байланысты «Мен бақытты баламын, өйткені...»деп өз ойын ары қарай жалғастырады.

Бақытты болу - әр адамның өз еркі, демек, бақытты болу білу әр адамның өз қолында. Шығыста: «Адам бір күнін қалай өткізсе, бүкіл өмірі де солай өтеді» - деген мақал бар. Алайда, әр істі кейінге қалдыра отырып, біз өз өмірімізді кері қарай жылжытамыз. Уақыт алға қаша береді, ұстатпайды. Ал өміріміз күнбе-күн артта қала береді. «Ертең»-өмірдің аса қауіпті жауы. Бүгін істелетін, тіпті оның кішкене бір бөлшегін де ертеңге қалдырма. Ісім оңға бассын десең, ертеңгі істелетін істі бүгін бастап қоюға әдеттен. Бұл-ертеңгі күніңе ерекше дем беруші, құштарлығыңды арттырушы күш.

Енді балалар, мына жағдаятты шешіп көріңдерші.

Бір күні сіздің бөлмеңіздің терезесінен көк құс бөлмеңізге ұшып келді. Бұл адасқан құс сізді қызықтырды және сіз оны өзіңізге қалдырғыңыз келді. Сіз ол құсты торға салып қойдыңыз. Бірақ сізді таң қалдыратыны бұл құс келесі күні көк түстен сары түске айналды. Бұл құстың басқа құстардан ерекшелігі - әр түні өзінің түсін өзгертуінде еді. Үшінші күні таңертеңгісін ашық қызылға, төртінші күні мүлдем қара түске айналды. Бесінші күні сіз құсты тағы қандай түске өзгереді деп ойлайсыз?

а) құс ешқандай түске өзгермейді, сол қалпында қалады;

ә) құс өзінің бастапқы түсіне оралады;

б) құс ақ түске айналады;

в) құс сары түске айналады.


Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

- Бүгінгі сынып сағатымыз не жайлы болды?

- Сабақ сендерге ұнады ма?

Алдарыңдағы кішкене жүрекшеге кімге бақыт тілейтіндеріңді жазып сол адамға сыйға беріңдер.

Осымен «Біз бақытты балалармыз!» атты сынып сағатымыз аяқталды.


Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров84
Номер материала ДБ-090353
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх