Инфоурок Начальные классы КонспектыАна тілі пәнінен ашық сабақ "Әдепті балалар" (1 сынып)

Ана тілі пәнінен ашық сабақ "Әдепті балалар" (1 сынып)

Скачать материал

 

Пәні:  Ана тілі

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы. Әдепті балалар

Сабақтың мақсаты:

1)  Берілген мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

2) Оқушылардың танымдық  қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін дамыту;

3) Оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.  

Сабақтың көрнекілігі:  мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, микрофон

Сабақтың әдістері: «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Мозаика»,  «Бос микрофон» әдісі.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Күтілетін нәтиже:

- Пәндік нәтиже: Мәтін идеясын өмірмен байланыстыру.

- Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы өздігінен оқып, оқушылар топта жұмыс жасайды, сұрақтар құрастырады, өз ойларын ортаға салады, бағалайды .

- Тұлғалық нәтиже: «Әдептілік» ұғымының мәнін еске түсіре отырып, оқушылардың бойында адамгершілдік, ізеттілік, инабаттылық сезімін қалыптастыруға жетелеу.

 

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз.

Барлығына бас иіп ,

Сәлем бердік біз.

 

«Жүректен - жүрекке» тренингі.

 

2. Үй жұмысын тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге:  Жеті атаның есімдерін жазып келу.

 

 Үй жұмысын мақал-мәтелдермен қорытындылау:

 

 

“Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар”

“ Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі”

“Жеті атасын білген ер- жеті жұрттың қамын жер”

 

Үй тапсырмасын бағалау өлшемдері:

- 1-3 атаның есімдерін жазған оқушыларға «3» деген баға қойылады.

-4-5 атаның есімдерін жазған оқушыларға «4» деген баға қойылады.

- 6 не 7 атаның есімдерін жазған оқушыларға  «5» деген  баға қойылады.

 

3. Тақырыпқа шығу.

- Екі көзің не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл- кеңес тыңдау үшін?

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Кіші үлкенді сыйласа,

  Кім үлкенді тыңдаса,

  Ол қандай бала?

- Әдепті.

- Дұрыс балалар. Сонымен бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

-                     «Әдепті балалар»

Мақсат қою.

-Сабақта не туралы сөз болмақ деп ойлайсыңдар?  Бұл тақырып бойынша не білгілерің келеді? (Оқушылардың жауаптары)

 

- Бүгінгі ана тілі сабағында екі топ жұмыс істейді. Кім қай топта болатынын «Мозаика» арқылы анықтаймыз. Осы бөлшектерден екі тұтас сурет шығу керек.

(оқушыларға бөлшектерді тарату) 

 

4.Сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу. Әр топқа мәтіннің 1 бөлігін ғана оқуға беру. Оқушылардың «Әдепті балалар» мәтінін оқуы.

 

-Қандай сөздер түсініксіз болды?

 

Сөздік жұмысы: 

Топбасшы - топты ұйымдастырушы.

Ағынан жарылып – бар ниетімен, шын ықыласымен.

Салт – қарым-қатынастың ережесі болып қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр. Меймандостық халқымыздың салты.

Өркендерің өссін – бала-шағалы, үрім-бұтақты болу.

Азамат болыңдар – жасы толып еңбекке жараған адам.

Ізетті – ізеті бар, әдепті.

Инабатты – қадірменді, сыйлы.

Иманды- иманы бар.

Сый-сияпат - сый-құрмет.

 

5. Мазмұнын айту.

Топтардан 1 оқушыдан шығып екінші топқа өз бөлігін мазмұндап айтып береді.

Бірінші топтың екінші топқа  үш сұрақтан қоюы.

 

Сұрақтарға жауаптарын бағалау өлшемдері:

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»,

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»,

3 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.

 

-Мәтіннің мазмұнына  байланысты қандай  мақал-мәтелдер сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?

1.                 Үлкенге құрмет- кішіге ізет.

2.                 Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.

3.                 Аға әдепті болса – іні әдепті, Әпке әдепті болса – сіңлі әдепті.

4.                 Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ел көгереді.

- Адам бойында жақсы да, жаман қасиеттер де болады екен. Бүгінгі сабағымызға осы аталған қасиеттері бар екі кейіпкеріміз келіп отыр.Ол 5 сыныптың оқушылары Олжас пен Мадина. ( Олжас пен Мадина мектеп өмірінен көріністер қояды).

- Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін өздерің айтыңдаршы. 

 «Бос микрофон» әдісін қолдану арқылы қорытынды жасайды. Оқушылар балалардың іс-әрекеттеріне қарай өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Ой-пікірлерін мақалмен қорытындылау: Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік.

 

6. Сергіту сәтін өткізу.

 

7. Бақылау тестісі.  Топтағы әр оқушы өздігінен орындайды.

Сұрақ

Жауап

1

Апаң сенің базардан

Алма сатын әкелді.

Ең үлкенің жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

 

2

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

 

3

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

 

4

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

 

5

Кіші үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Ол қандай бала?

 

 

Оқушылар өз-өздерін «Моделдік жауап» арқылы тексереді.

Бақылау тестін бағалау өлшемдері:

1-2 сұрақтың жауабы дұрыс болса – «3»,

3-4 сұрақтың жауабы дұрыс болса «4»,

5 сұрақтың жауабы дұрыс болса «5» қойылады.

 

7. Видиоролик «Мейірімділік бумерангы»

 

8. Сабақ бойынша рефлексия жасау.

Бағалау  Егер «  18-20 »  ұпай жинаса -3,

Егер « 15-17 »   ұпай жинаса – 4

Егер « 10-14 »  ұпай жинаса – 5 қойылады

 

9. Үй жұмысы:

«Әдептілік – әдемілік» тақырыбына мәтін жазу.

 

 

 

                                              БАҒАЛАУ

 

 

Бағалау өлшемдері

Баға

1

Үй жұмысы

1. Егер «Жеті атаның» 1-2 есімдерін жазса «3» қойылады

2. Егер «Жеті атаның» 3-4 есімдерін жазса «4»

3. Егер «Жеті атаның» 5-7 есімдерін жазса «5» қойылады

 

2

Мәтінмен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру

1 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «3»

2 сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «4»

3сұраққа дұрыс және толық жауап берсе «5» деген баға қойылады.

 

3

«Бос микрофон»

Тек 1рет  өз ойын, пікірін  білдірсе «3» деген баға қойылады

2 рет өз ойын білдірсе «4» деген баға қойылады

3 рет немесе одан да көп өз ойын білдірсе «5» деген баға қойылады.

 

4

Бақылау тесті

1-2 сұраққа ғана  дұрыс жауап берілсе – «3»

3-4 сұраққа дұрыс жауап берілсе  «4»

5 сұраққа да дұрыс жауап берілсе «5» қойылады.

 

 

Қорытынды баға

18-20 ұпай алған оқушыға – «5»

15-17 ұпай алған оқушыға – «4»

10-14 ұпай алған оқушыға – «3» қойылады

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана тілі пәнінен ашық сабақ "Әдепті балалар" (1 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пәні: Ана тілі

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы. Әдепті балалар

Сабақтың мақсаты:

1) Берілген мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

2) Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін дамыту;

3) Оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, микрофон

Сабақтың әдістері: «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Мозаика», «Бос микрофон» әдісі.

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2015 3261
    • DOCX 71 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Апсаликова Айгуль Машраповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Апсаликова Айгуль Машраповна
    Апсаликова Айгуль Машраповна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26280
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 392 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 221 человек из 63 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе