Предпросмотр материала:
Ана тілі
1. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Ананың тілі-аяулы үні
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің
құдіреттілігі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын
қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза
сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық
сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы накыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны.
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян.
Пәнаралық байланыс: музыка
|
Кезеңдері |
Мұғалім іс -әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
Жұмыстың түрі |
|
І. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
|
Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабақка дайындығы. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайыңдығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз. -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу», -Балалар, сөйлеу не үшін қажет? Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады? Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін» өлеңінмен басталады. Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз. Сүйемін тутан тілді-анам тілің, Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Бесікте жатканымда-ак берген білім, Құлағыма сіңірген таныс үнім. Өлең арқылы ақын не айтқысы келді?
Сергіту сәті
|
ГИМН айту. Ережелерді еске түсіру
1Сөйлеу – адамдар бір бірімен қарым қатынас жасау үшін. 2 Сөйлеуде тіл қызмет атқарады
Оқушылар өздері тізбектей оқиды.
Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айту.
Оқушылар ойларын айтады
|
Жалпы сыныптық
Топтық жұмыс
Жекелей жұмыс |
|
ІІ. Мағынаны тану.
. Ой толғаныс.
|
Балалар өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -.
Ал енді мына суретке мән берейік. Суретте кімдерді көріп тұрмыз? - Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?
|
Ана тілі туралы. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Дұрыс. Сөз –әріптерден құралады. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады
Анасы мен баласы.
Оқушылар әңгіме құрап айту |
|
|
YI Рефлексия
|
- Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастады? Өлең не туралы айтылады? - Сөйлеу не үшін керек? - Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
|
Тіл және сөйлеу. Өлең ана тіліміз туралы айтылған. Сөйлеу – адамдар бір бірімен қарым қатынас жасау үшін. Сөйлеуде тіл қызмет атқарады Өз пікірімізді тіл арқылы жеткіземіз
|
Сұрақ жауап |
|
Бағалау Үйге тапсырма |
Өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын.
|
Бағалау парақтарын толтыру |
Жекелей жұмыс |
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады.
Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?»
өлеңі туралы түсінік алады. ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау
қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекі - құралдар: Мазмұнды сурет, сөзтізбек,
тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреті.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм
әдісі, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
|
Кезеңдері |
Мұғалім іс -әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
Жұмыстың түрі |
||||||||||||||||||||
|
І. Қызығушылықты ояту.
Ой шақыру.
ІІ. Мағынаны ажырату |
«Көңіл ашар» жаттығуы.
Сыныпты топқа бөлу. (17 - жаттығу.) Төлдерді қалай шақырады? Төлдер туралы не білесіңдер?
Мысықты, итті қалай шақырады? 17 - жаттығу. |
Шаттық шеңберге тұру
1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар», 3 - топ -«Төрт түлік».
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Қойды Қой атасы – Шопаната,
Мысықты кис кис. Итті кә кә
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі
дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызу.
|
Көрнекілікпен жұмыс
Топтық жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Көрнекілікпен жұмыс
. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды..
Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс. |
||||||||||||||||||||
|
Ой толғаныс.
|
1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды
қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады? 6. Төрт
түліктің иелерін ата. |
Куб арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.
(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю) Аю дала жануары. Қалғандары үй жануарлары
Түлкішек. Оқушылар ойларын айтқызу |
Кубизм әдісімен.
|
||||||||||||||||||||
|
YI Рефлексия
|
Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгін сабақта сендер нені үйрендіңдер? |
Төрт туралы мал туралы. |
|
||||||||||||||||||||
|
Бағалау
Үйге тапсырма |
Топпен жасаған жұмыстарына, жауаптарына қарай бағалаймын.
|
Оқушылар бағалау шкаласын толтыру. |
Күнделікке жазу |
Профессия: Учитель информатики в начальной школе
Профессия: Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения
В каталоге 7 237 курсов по разным направлениям