Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ана тілі пәнінен сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Ана тілі пәнінен сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы: Мәтін

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Мақсаты:

Білімдік: Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем.
-Көктемде жердегі барлық тіршілікке жан бітеді. Осы табиғаттағы тіршілік иелерінің барлығымен сәлемдесіп алайық!
ІІ. Жаңа сабақ.
- Дайын болсақ, орнымызға отыра қояйық.
- Балалар, тыңдап қарайықшы, бұл ненің даусы?
(су ағысы, құстар даусы естіліп тұрады.)
- Қайда болатын құстар? (орманда)
- Ал орманға барғыларың келе ме?
- Ал біздің Маңғыстауда орман бар ма?
Жоқ, балалар. Орман Қазақстанның солтүстігі мен шығыс өңірлерінде бар.
- Жақсы, балалар, олай болса, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы орманға саяхат жасаймыз. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға аңдардың сыйлығы да бар екен.
1. Тиіннің тапсырмасы.
- Сурет бойынша не айта аласыңдар?
Оқушылардың жауабын тыңдау. Бір оқушы жинақтап толық айтып шығады.
- Бұл сендердің құрағандарың мәтін. Ол бірнеше сөзден құралады.
- Балалар, өздерің бұл мәтінге қандай ат қояр едіңдер?
- Сонда балалар, мәтінге ат қоюға болады екен.
- Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мәтін».
Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар.
Көркем жазу: Жалбыз, қонжық, орман.
Кеуделеріңді көтеріп, тіке отырып жазыңдар.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
Ребус шешу.
- Бүгінгі күннің жадын жазамыз. (Көркем жазу минуты)
3. Қоянның тапсырмасы.
164 – жаттығу. Ауызша орындаймыз.Жаттығудың шартын кім оқып жібереді?
Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдерді бір – бірден оқыту.
- Осы мәтінде неше сөйлем бар? (5)
- Әр сөйлемде неше сөз бар?
Жалбыздан жасалатын заттарды көрсету.
Жалбыз өсетін жерде шыбын – шіркей болмайды.Олар жалбыздың иісіне жоламайды екен.
- Жақсы, балалар, бәрекелді! Жарайсыңдар!
4. Аюдың тапсырмасы.
165 – жаттығу.
Мәтінді бір жақсы оқитын балаға оқыту.
- Ал, балалар, осы мәтінде бұрын кездеспеген сөздер бар ма?
Сөздік жұмыс: Кірекей - аюдың аналығы.
Біз онымен Дүниетану пәнінде танысқанбыз.
- Балалар, қонжық, кірекей деген сөздері бар сөйлемдерді тауып, кім тақтаға жазып береді?
Ал қалған оқушылар дәптерлеріне жазады.
( 2 оқушыға тақтаға жазады.)
- Шаршаған жоқсыңдар ма? Олай болса сергіп алайық.
Сергіту сәті.
- Ормандағы аюдың
- Құлпынайы көп екен.
- Теріп – теріп алайық
- Қалтамызға салайық.
5. Түлкінің тапсырмасы.
«Кім жылдам» ойыны.
Орман жануарларының суретін салу. Сипаттау.
- Ормандағы өздеріңе ұнаған аңның сұлбасын бейнелейік.
- Балалар, түлкі өте қу. Ол қашып кетпей жатқанда тапсырмасын тез орындауымыз керек.
- Ал осы аңды сипаттап берші. Бұл аң туралы не білесің?
Бірінші бітірген 1-2 оқушы суретін көрсетіп, салған аңдары туралы сипаттап береді.
ІІІ. Қорытынды.
Білемін Не білдім Білгім келеді
IV. Үйге тапсырма.
«Орман» тақырыбына әңгіме құра.
- Ал енді орманнан қайтып келеміз.
V. Бағалау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров373
Номер материала ДВ-372843
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх