Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ана тілі пәнінен 4 сынып сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ана тілі пәнінен 4 сынып сабақ жоспары

библиотека
материалов

Алтынсарин ауданы әкімшілігі білім беру бөлімінің Б-Чураков орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Н.

Сабақтың тақырыбы: Адырбек Сопыбеков . Сапар мен Парта

Сілтеме Ана тілі оқулығы :  С Рахметова Т. Әбдікәрімова

Жалпы мақсаттар Тақырыптағы негізгі идеяны ашу,негізгі ойды түсініп қолдану,жинақтау және өзін- өзі бағалау

Сабақ барысы

Психологиялық даярлық 1мин жүректен жүрекке

«Ысық лебіз»

Оқушылар шеңбер жасап ортаға шықты. 2 түсті жүректі оқушылар таңдап алды.

Бір-біріне жүректі ұсынып тұрып өздерінің лебіздерін айту керек екенің ескерттім. оқушылардан мынаны аңғардым: жұптасып алмай 7 оқушы бір-біріне берді.Сабаққа байланысты тілектер айтты.Мысалы: Топта белсенді бол!, Көңілің көтеріңкі болсын!: Алатын бағаң бес болсын! Қиын болса, көмек сұрауға ұялма деп Жандостың Қайратқа айтқан тілегінен кейін оқушыларда бірлік, бір-біріне деген жан ашырлық ,қайырымдылық қасиеттер қалыптасқанын көрдім.

Топқа бөлу2мин түспен бөлу

Жақсы тілектер айтып жүректі бір-біріне ұсынады. Қағаздың түстеріне байланысты 2 топқа бөлініп отырды

Үй тапсырмасын тексеру 5мин

ТВ шоу( сұхбат алу) топтар 3 сұрақ дайындап екінші топқа қояды 1топтан Тілектес шығып.Сәлеметсіздер ме, бұл Бетпе- бет телебағдарламасы біз бүгін қонақты күту және қонаққа бару туралы тақырыпты қозғаймыз. 1-топтан Тілектес шығып «Бетпе-бет» телебағдарламасы,Амандасып, соңынан рахмет айтып жатты Қонаққа кімді шақырар едіңіз?,Қонаққа барғанда сыйлық апару міндетті ме? Сіздің шақырған қонақтарыңыз уақытында келе ме? 2-топтан Айжан Эфирде апта бағдарламасы деп оқушыларға сұрақтарын қойды. Қонақ келгенді ұнатасыз ба, қалай қарсы аласыз?,Қонақты қалай күту керек? Сіз қонаққа уақытында барасыз ба?


Менің сізге қоятын сұрағым бар.Қонақ келгенді ұнатасыз ба?,Қонақты қалай күту керек?Қонақты жақсы көңіл күймен, бар асыңды ұсынып күту керек деп ойлаймын. Ботакөз. Мен қонаққа барғанды ұнатамын, өйткенді көңіл- күйім көтеріліп демалып келемін. 2-топтан Айжан Эфирде апта бағдарламасы деп оқушыларға сұрақтарын қойды 1-топтан Тілектес шығып «Бетпе-бет» телебағдарламасы,Амандасып, соңынан рахмет айтып жатты.Тақырып қонақ күту туралы болатын. Мынадай сұрақтар кездесті: Қонаққа кімді шақырар едіңіз?,Қонаққа барғанда сыйлық апару міндетті ме? Қонаққа достарымды, туыстарымды шақырам десе Жания, ал Жырғау келген кісілердің бәрін қонақ деп күтемін деді. Қонаққа барғанда сыйлық апару, апармау өзіңнің еркің, бірақ құр қол бос барған мен үшін ыңғайсыз болар деп ойлаймын.деп Айжан тұрды. ( бетпе- бет, айтуға оңай т.б бағдарламалар) СабақДиалог арқылы сыни тұрғысыдан ойлауды дамыту үшін Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісінде сұрақтар қою арқылы жүргізілді.Дәлелдерді дамытып, қорытындылау үшін Сендердің пікірлерің бойынша шыбынның қылығы сәйкес келді ме? Араның ісі дұрыс па? Ара мен шыбын ауыз әдебиетінің қай түріне жатады: Неге?,Оқушылар өзің өзі бағалау болды. Бұл кезде оқушылардан бағалау үшін қандай критерилерге көңіл бқлер едіңдер, Өздеріңді қалай бағалар едіңдер? Сұрақ ұсындым ба? Қалай жауап бердім? Жаубым толық болды ма?, бұл бағдарламаны мен ұсындым ма? Деп талдай жөнелді.

Мағынаны тану 3мин

Қызығушылығын ояту

Шрифтограмма шешу алфавиттегі орнына байланысты әріптерді тауып шығару.

Сапар мен парта

24 1 22 1 23

17 8 18

22 1 23 25 1 сабақтың тақырыбын өздері шығару үшін зейін қойып оқуға жауапкершілікпен қарайды,не біледі, нені білу керек екенін сезінеді, сыни тұрғыдан ойлай біледі.

Партаны кім пайдаланады? Не үшін керек? Парта туралы не білесіңдер?

Тақырып туралы не білгілерің келеді?

Алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар? мақсат қойылды.

Топпен жұмыс 3 мин

1-топ Автор туралы мәлімет таратып беру.

Кластерге түсіру Оқушыларға автор туралы ресурс берілді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәнмәтінді есепке алып, бір-бірінін тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдау отырып топтастырады.Оқушылар араларынан топ басшы сайлап ұсындым.Осы кезде сыныптағы сыныпта топқа көшбасшылық жасап отыратын оқушының шығатынын сезіп,бір-бірімен қарым-қатынасын орнату үшін топта топ басшы топ мүшелерін тегіс назардан тыс қалдырмау керегін айттым. Бұл топтан Қайрат шығып жазғандарды оқыды, топ мүшелері жауапты мен толықтырайын деп өз дәлелдерін айтты.

2- топ Диалог пен монолог » сөйлемді аяқта» толықтыр

Диалог деген .....

Монолог деген ...... берілген ақпаратты толықтыру есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру үшін дарынды оқушылардың ойлау жылдамдықтары арқылы орташа оқитын оқушылардың ақпарат алып арқылы есте сақтайды.

Өздерің оқыған мысал мен ертегілерден қандай мысал келтіре аласыңдар? Өткенді еске түсіріруге ынталандыру, жауапты ойлауға жол сілтеу жаңа сабақпен байланыстыру үшін ақпарат жинау.

Оқулықпен жұмыс 7мин Джиксо

1.Оқушылар өз беттерімен оқидыОқушылар оқулықтағы өлеңді оқыды.

Жұппен жұмыс 3мин Джиксо

көршілерімен жүптасып талқылайды , бір- бірін топтағы оқушылар келесі топтың оқушыларымен жұптасып талдады. Бір оқушыға жұп болдым. Шетте отырған оқушылар бір-бірімен ортада отырған оқушылар бір-бірімен жұптасты, бұндағы мақсатым, уақытты үнемдеп,оқушылардың зейін қоюға дағдыландыру. жұптаса отырып талқылауды ұсындым. Бұл сабақта өзара қарым- қатынас орнату үшін бір оқушымен жұптастым. Мен сұрақ қойып, оқушы жауап беріп отырды.Жауап толық болмаған кезде сыни тұрғыдан ойлауға итермелеу үшін түрткі сұрақтарын қойдым. Өлең неге мысалға жатады деп ойлайсың?, Жандос адамның қасиеттеріне байланысты деп толық дәлелдей алмады.Парта Сапарға неге ренжіді деп ойлайсың?, Сапар партаны сүйреді, үстіне шимайлап жазып,оның жақсылығын білмеді.Сапар кінәсін мойындады ма?,жоқ. Мойындаған жоқ, кешірім сұрау керек еді.ал келесі жұптан құлағыма шалып қалғаным Сапардың істеген ісі дұрыс па? Неге дұрыс емес?, Сапарды қалай бағалайсың? деп қойған сұрақтары оқушыны сыни тұрғыдан ойлатпай қоймайтынын сездім. Жырғау мен Ботакөз. Қайрат пен Айжан бұл жұптасуда зерттеуге алынған екі оқушының жұптасқанын көрдім. Айжан көшбасшылық жасап сұрақтар қойып, Қайратты жетелеп отырғанын, өзінің пікірін сыныптасына айтып ой бөліскенін сездім.Диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы өте зор. Оқушылардың жұпта ашылмаған сұрақтарын қайтала бағытап оқушыға сұрақ қойған кезде жауап бере алмаған жағдайда немесе дұрыс жауап бере алмаған кезде бұрынғы дәстүрлі сабақтардағы дұрыс емес, қате деген сөздердің орнына  «Көмектесе алатындарың бар ма?», «Кім көмектеседі? », « Тағы қандай ойларың бар? » деген сияқты қайта бағыттау техникасын қолдандым. Дұрыс жауап берген оқушыларға «жарайсың!», « өте жақсы» деген сияқты формативтік бағалаумен бағалап отырдым.  Дұрыс жауап берген оқушылардың жауаптарына қарай, жауап бере алмаған оқушылар өзін-өзі реттейтінін білдім.

Оқушыларға сұрақ қою арқылы тіл байлықтары жетіліп сөйлеуге ашылды.

Топпен жұмыс 7мин топта талқылайды, постерге түсіреді топтарына қайта отырғызып, талдап, тапсырманы орындауды ұсындым.Оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру үшін жас ерекшеліктерін басшылыққа алып тапсырмалар берілді. АКТ пайдалану арқылы презентациядан әр әдіс-тәсілдерді өз беттерімен таңдай алуға, анықтауға байланысты суреттерді көру, болжам жасай алуға сілтеу жасалды. Оқушылар көру арқылы ақпаратты есте сақтауының 20-30 пайызы болсада пайдалы болды.

1-топқа сапар мен парта

Мысалды мазмұнын рөлге бөліп ашу, көрсету

Жұмысты топпен орындаған кезде өткен сабақтарға қарағанда оқушылардың топтық жұмысқа қалыптасқанын көрдім. Бос отырған оқушы болмады.Топ басшылары қорғауға шықты. Бұл мысалдағы кейіпкерлердің сөйлеген сөзін не дейміз.(моналог)

Неге?

Жұмысты қорғау

Постерге түсіру кезінде Ботакөзге топ мүшелерінің оның қосқан идеясымен келіскендері, топта көшбасшылық жасап отырғандарын сездім. Оқушылар толық негігі ойды ашты, оқушылардан жауап толық болды, деп ойлайсыңдар ма?Толық ашылды. Ботакөзден жүректің суретін неге салдыңдар деп сұрағанымда, партаның жүрегінен шыққан ішкі сезімі ғой деп жауап берді.Оқушылар шапалақпен бағалады. Мен смайликпен бағаладым, себебі: жауап толық талданды. Сұраққа ойланбай жауап берді Айжан 2- топтың құрған ережесін талдады. Тілектес пен Ботакөз сұрақ қойды.

Мысалдағы негізгі ойды анықтап «алтын ереже» құрастыру

Алтын ереже
• Мектеп мүлкін күтіп ұста
• Партаны сызба
• Партаны бүлдірме
• Орындықты ырғама
• Шкафтың есігін жай ашып, жай жап
• Кабинет есігін қатты жаппа
• Партаны күтіп ұста
• Әр сенбіде партаны тазалап сүрт. Қалай ойлайсың осы ережелер біздің сыныпта сақталама Тілектес, Осындай оқиғаға тап болсаң не істейсің?деп Ботакөз мен Сапар сияқты қылық істемеймін, егерде кездесіп қалсам оқушыға партаның бізге жасап жатқан қызметін түсіндіріп, кешірім сұратамын деді.оқушылар бағаланды.Топта бірін-бірі критерийлермен бағалауды тапсырдым. Оқушылар бағалады.


Жұмысты қорғау

Тренинг «Өзгерісті анықта» 2 мин

Екі оқушыны екі топтан шығарып сыныптағы заттардың орналасуын қарап есте сақтауын ескерту Қалған оқушылар заттардың орнын ауыстырып қояды оқушылар кіріп тауып беру керек бұл әдісті алған себебім: Оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру және тақырыпқа сәйкестенеді деп, ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру үшін алынды. Оқушылардың арасында ынтымақтастықтың қалыптасқанын білдім. Топ мүшелері өз беттерімен бір оқушыдан алға шығарды.\

Оқушыларда еркіндік атмосферасы, қызығушылықтары, белсенділіктері көрінді.

Жандос көп өзгерісті анықтады. Жырғауда қалыспады.

Ой толғаныс 5мин

Біздің сынып . эссе жазу. Оқушылардың алған білімдерін қолданып, ақпартты жинақтау үшін шығармашылық тапсырма берілді. Оқушылар тапсырманы орындап шықты. Оқушылар бірінен бірі қалмай бәсекелестікке түсіп оқи бастады.Оқушылар тапсырманы орындаған кезде сыни тұрғыдан ойлай арқылы кейбір оқушылар жетістікке жетіп жатты, айталық дарындылық қабілеттерінің де калыптаса бастағанын аңғардым. Оқушылар сабақты байланысытыра отырып пікірлерін жақсы жазған. Оқушылардан кімнің жазған эссесі ұнады, көбі Айжан мен Ботакөзді айтты. Оқушыларды смайликпен бағаладым.Толық, Толық емес, жоқ

Кері байланыс 2 мин

Міне, балалар, осындай жағымсыз іс – әрекеттерден кейін не айтар едіңдер?

1.Өлеңнің мысалға жататынын қайдан аңғардың?

2.Сенің өзіңмен – өзің сөйлескен кезің болды ма? Қай сәтте, қашан болды?

3. Бұл мысалдағы кейіпкерлердің сөйлеген сөзін не дейміз.

4.Мысалдан өз ойыңа не түйдің?

5.Қандай қорытынды пікір айта аласың?оқушылар өз ойларын ортаға салып, бірінен кейін бірі тұрып сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз көзқарастарын айтып жатты.

Міне, балалар, сендер бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді ортаға салдыңдармен ұқыпты болуды үйрендім деді Тілектес, Жандос менің өзіммен өзім сөйлескен сәтім

болды. Мұғалім сөзі:

Мысалдардың сендерге тәлім – тәрбиесі, ғибраты өте зор. Міне осындай мысалдарды оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсы істі бойымызға сіңіруді үйренуіміз керек

Оқушылардың сабақтан алған әсерін смайликке суреттеу арқылы оқытуды бағаладық. Жақсы, орташа, әсер алған жоқпын. Оқушылардың барлығы жақсы әсер алғандарын көрсетті. Сонда Жания бір көзін ашып, бір көзін жұмып қойыпты. Жания сенің неге екі көзің ашық емес деп сұрағанымда партаға Сапардың бұл қылығына ренжіме, кешір біз күнде кездесеміз ғой деп ойнап жатырмын деді.

Бағалау 1мин Критерилерді жинап алып, сабақ соңында суммативті бағаладым.оқушылар

1. Үй тапсырмасын орындауы

2. Тақырыпты түсінуі

3. Топқа белсенді қатысуы

4 Біздің сынып.Эссе смайлик

5 – толық қамтылса;

4 – 1-2 қате болса ;

3 – 3 қате болса

Үйге тапсырма 1мин

Кейіпкерге байланысты қандай гигиеналық талаптарды білесіңдер? Жазып келу















































Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров286
Номер материала ДВ-505527
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх