Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ана тілі Сабақ жоспары "Сабырсыз, арсыз, еріншек"

Ана тілі Сабақ жоспары "Сабырсыз, арсыз, еріншек"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Пәні: Ана тілі

Түрі: Танымдық сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Жаңа технология: Дамыта оқыту
Мақсаты : 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра
отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.

2. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.
3. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
Әдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу,сұрақ- жауап, қорытынды.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, қима қағаздар

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақ.

1.Сыныпты топқа бөлу.

2.Абай жайлы мағлұмат беру.

3. « Мен не білемін?» оқушылардың ізденіп келуі бойынша деректер алу.

4.Өлең мазмұнымен жұмыс.

5.Сөздік жұмысы.

6. « Білімпаздар сайысы».

7 «.Кім шапшаң?».

IV. Сабақты қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Барысы:

I.Ұйымдастыру.

II .Үй тапсырмамасын сұрау.

- Өткен сабақта кімнің әнгімесімен таныстық?

- Спандияр Көбеев кім?

- Ол мектепке алынған кезін қалай есіне алады?

- Әңгіменің басында « Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

( слайдтан деректер беру,сұрақтар бойынша оқұшылардын тиянақты жауап берулерін қадағалау).

III. Жаңа сабақ.

-Біз бүгінгі сабағымызды Абай ауылына саяхат жасаудан бастаймыз.Ол үшін төрт топқа бөлінеміз:

1-інші топ « Абай өлеңдері».

2-інші топ « Абайдың қара сөздері».

3-інші топ « Абайдың аудармалары».

4-інші топ « Абайдың әндері».

« Талап, еңбек,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз…».

-Бұл кімнің өлені?

-Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?

-Өленді кім жатқа айтып береді?

Мұғалімнің А.Құнанбаев жайлы кіріспе әңгімесі

Абай Құнанбаев қазақ халқыныңақыны, асыл сөздің зергері.Азан шақырып қойған аты- Ибраһим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін « Абай» деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

« Мен не білемін?»

Балалар, мен сендерге Абай аталарың туралы қосымша мәліметтер тауып келуге тапсырма берген болатынмын.

Сонымен кім қандай деректер тауып келді?

( Балалар, ізденген мәліметтері бойынша айтып береді).

« Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.

( слайдтан өлең жайлы мағлұмат беру).

Дәптермен жұмыс.

Өленде өздеріңе таныс емес сөздер бар. Солармен танысайық.

Алауыз – береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз.

Күндейді — қызғанады.

Мертігеді – бір жері шығады.

Міндейді – мін тағады, жамандайды.

« Білімпаздар» сайысы.

Әр топ оқушылары берілген аттары бойынша Абайдың өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін оқып, әнін айтады.

топ: Абай өлеңдерін жатқа айтады.

топ: Абайдың үшінші қара сөзін оқиды.

топ: Абайдың аудармаларын атап, көрініс қою.

топ: Абайдың « Желсіз түнде жарық ай» әнін айтады.

Кластер әдісімен Абай бейнесін ашу.

«Кім шапшаң?»

Тапсырма: Абай атамыздың бүгінгі өткен « Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі мен « Ғылым таппай, мақтанба» өлеңдерін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазу.

IV. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

Осы мінез – құлықтардан не істеуіміз керек?

Қандай мінез – құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек?

V.Үйге тапсырма.

1. « Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жаттап келу.

2. Озық оқушыға тапсырма: Осы тақырыпқа сәйкес басқа өлеңдерін қарастырып келу (Болатқазы М, Шалабаев М, Қазбеков Е.)




Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров99
Номер материала ДБ-000421
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх