Тақырыбы: «Сүт қалай
ұйықтады?»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойына қорытынды жасай
білуге
дағдыландыру.
Дамытушылық: түрлі
тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық, ізденімпаздық қабілеттері артады.
Өз ойларын ашық айтуға үйренеді. Ой ұшқырлығы дамиды, сөздік қоры молаяды.
Тәрбиелік:
ұлттық тағам түрлері, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, асты
қадірлеу, дұрыс тамақтану мәдениеттілігіне үйренеді. Ұйымшылдыққа, жақсы мен
жаман әдет, қылықтарды ажырата білуге
тәрбиеленеді. Көрнекіліктер:
О. Әубәкіров суреті, түрлі түсті асықтар, сандық, топтың аттары, суреттер,
үнтаспа. Түрі:
жаңа білім беру, аралас сабақ. Сабақтың
барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың
сабаққа зейінін аудару) ІІ.
Қызығушылығын ояту. Сабаққа
дайындық.
Оқушыларға
қораптан түрлі түсті асықтар тарату, әркім өзіне ұнаған асықты таңдап алады.
Сынып
оқушыларын топқа бөлу үшін әр топтың атына сәйкес жасырын жұмбақтар айтылады.
1
– топ. Алмастан тыным Шабытын
не? (Құлын) (Тиісті
асыққа «Құлыншақ» тобы
құрылады.)
2 – топ. Екі найзасы
бар,
Екі айнасы бар. Сыртылдаған
тұяғы бар,
Бір
желпуіш сияғы бар. (Сиыр) -
Төлі не? (Бұзау) (Тиісті
асыққа сәйкес «Бұзауқан» тобы құрылады.) 3
– топ. Кішкене ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой) -
Төлі не?
(Қошақан)
(Тиісті асыққа сәйкес «Қошақан» тобы құрылады.) 4
– топ. Иір – иір
денесі,
Сахараның
кемесі.
Ащы шөптер
тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
(Түйе)
- Төлі не? (Ботақан) (Тиісті
асыққа сәйкес «Ботақан» тобы құрылады.) Сынып
оқушылары 4 топқа бөлінеді:
1. «Құлыншақ»
(қызыл)
2. «Бұзауқан» (жасыл)
3. «Қошақан» (сары) 4.
«Ботақан» (көк)
Оқушыларды топқа бөліп, әр топтың
алдына тақырыпсыз өлең шумақтары беріледі. Өлең шумақтарымен танысқаннан кейін
түсінгендерін жұпта, топта талдайды. Әр топтан спикер шығып қорғайды.
Қолданылатын стратегия – «Бағытталған
ынталандыру».
Қадамдары:
1.
Тапсырма таратылады. 2.
Тапсырманы жұпта
талдайды. 3.
Тапсырманы топта талдайды.
4.
Спикер қорғайды.
ІІІ. Жаңа
сабақ. Сурет
бойынша тақырып
шығарады.
Сүт
қалай
ұйықтады?
- Ал балалар, жарайсыңдар,
тақырыпты аштық. Енді бұл ертегі не туралы деп ойлайсыңдар? (Сүт
туралы).
–
Сол сүтті қайдан аламыз? (Төрт түлік
малдан) -
Енді ертегіні жазған авторға қысқаша мағлұмат
берейін.
Оспанхан Әубәкіров сықақшы, 1934 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ
ауылында дүниеге келген.
ІV. Сергіту сәті. Оқушылар
серігіп алғаннан кейін өлеңді үнтаспадан тұтас тыңдайды. Үнтаспадан тыңдай
отырып, оқулықтан мәтінді көз жүгіртіп қарап
отырады. – Балалар, О.
Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісімен өздерің топта таныстыңдар,
үнтаспадан тыңдадыңдар. Қазір мен әр топқа тапсырма
беремін.
«Құлыншақ» тобы.
Сызба
арқылы белгіле.
Сұрақ
|
|
Жауап
|
1. Мал
атасы
|
Қозы,
бұзау, бота, құлын, лақ.
|
2.
Мал төлдері
|
Сұйық,
ақ түсті, тәтті, ұйытын қасиеті.
|
3.
Сүттің қасиеті
|
Шолпан
ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара.
|
«Бұзауқан»
тобы.
Тақырыпқа қатысты ырым – тыйым
сөздерді айт.
«Қошақан»
тобы.
Сұрақ
|
|
Жауап
|
Малдың
пайдасы
|
Жоңышқа,
жаңқа, жусан.
|
Кім
бағады?
|
Еті,
сүті, терісі, жүні.
|
Малдың
сүйікті асы?
|
Шопан,
жылқышы, бақташы, түйеші.
|
«Ботақан»
тобы. Сүттен
жасалатын тағамдарды
ата.
(Сүт, айран, қаймақ, қатық, май, құрт, сүзбе,
ірімшік.)
Әр топтың жауабын тыңдап, орындаған тарсырмаларын
тақтаға іледі. (Мұғалімнің талдауы)
ІV. Қорытынды.
Сөзжұмбақ. 1.
Сөреге кептіріліп жайылатын не?
(құрт)
2.
Кілегейден шайқап алынған не?
(май)
3. Күбіге
құйып піскен не?
(қымыз)
4. Ұйытып қойып ішкен не?
(айран)
5. Піскен сүттің бетінен алынған не? (қаймақ)
V.
Бағалау. Спикерлерді
және топты
бағалау.
VІ. Үй жұмысы. Бес жолды
өлең құрастыру. 81-
беттегі «Сүт қалай ұйықтады?» деген ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнын
айт.
«Қостанай
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектебі»ММ
Тақырыбы:
«Сүт
қалай ұйықтады?»
Өткізген:Жүсіпова
Л.А.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.