Ана тілі 3- сынып Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы

    DOCX

Краткое описание материала

                                                                                                                                                                    Атырау  қаласы.

  Ф.Оңғарсынова орта мектептің

                                                                                                                                                                бастауыш  сынып мұғалімі

Клауова  Жаннагүл  Қизатоллақызы

                       Ана  тілі    3- сынып

Сабақтың тақырыбы:  Құстар айтысы   
Сабақтың мақсаттары:

 1)Білімділігі:  Оқушыларға  мәтіннің  мазмұнын  игерту.
2)Д амытушылығы:Жаңа  технология  стратегияларын пайдалана  отырып,ой  өрісін  шығармашылыққа  баулу.  3)Тәрбиелігі: Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл, тату болуға,  құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап,   топтастыру, салыстыру, сахналау .   
Сабақтың көрнекілігі:    Мақал - мәтелдер, венн диаграммасы, Құстардың суреті, слайдтар, карта.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.
     Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
    Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
    Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
    Болашағым, бақытым, дара тілім.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1- бөлім   Сәлемдесу - адамгершілік   белгісі.
2- бөлім   Ашулы   көк   қаршыға.
3- бөлім  Қарт  әншінің  батасы.

4- бөлім  Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт.

Қарт әнші өзіне сәлемдесуге келген жас балаға риза болып , болысқа бермеген қимас қаршығасын балаға ұсынады.

Халқымыз ер жүрек батырларын қыранға, сұлуларын аққуға

Әншілерін бұлбұлға теңеген.

Біздің елде құстардың 489 түрі мекендейді, олар далалы , шөлді, орманды,таулы,сулы жерлерде болады. 80%-ті  ағашты зиянкестерден қорғайды .

III.ЖАҢА САБАҚ: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.

1.Картамен жұмыс . Үнді мемлекетін көрсету.

 Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)

2.Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар ?

Үнді  шайы, үнді биі,  үнді  киносы.

3.Жұмбақтар: Көгершін , Қарға , Торғай.

Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады?             ( Көгершін)

 

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ          ( Қарға )

 

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисың ба?                      (Торғай)

4. Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Ертегі деген не?

Ертегі – адамның қиялынан  туған  ой  жүйріктігінен  пайда болған  шығарма.  Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

5.Оқулықпен жұмыс.

6.Сөздік жұмыс.

Жанжал - ұрыс, керіс.
Құсбегі – құс өсіруші, баптаушы.

7. Салыстыру.
- Сонымен бұл ертегідегі негізгі ой ынтымақ пен алауыздық екен.
- Олай болса, салыстырайық.
                           Ынтымақ -Алауыздық
                           Бірлік -Келіспеушілік
                          Сенімділік -Сенімсіздік

8.Сергіту сәті.

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

9.Топтық жұмыс.

 I топ.
Мәтінге жоспар құрыңдар.

II топ.

Мәтінді сахналау. (Қарға мен көгершіннің айтысы)

10. Құстарға көмек ( Ойын ) Тапсырмаларды орындау.

1.Келеді көп құс ұшып

Кептер , аққу , қосшымшық

Сауысқан , қарға , торғайда

Ұшып жур осы тоғайда

Қанша құс бар қосып шық ( 7 )  

2.Төменде үш қаз ұшады

Үшеуі бұлтты құшады

Өзеннен көрдік екеуін

Айтшы қаз нешеу екенін. ( 8 )

3. «Құстар» қай сөз табы, сұрақ қой , дыбыстық талдау жаса.

1 1.Қызықты мағлұматтар.

Ең кішкентай  құс- колибри

Ең үлкен  құс- түйеқұс

Ең алып  құс-самұрық

Ең жүзгіш  құс- пингвин

Ең қырағы  құс- сұңқар

12.Шығармашылық тапсырма.

I топ. Қарғаға мінездеме

II топ. Көгершінге мінездеме

IV. Бағалау.

V. Сабақты қорытындылау.

Мәтіндегі негізгі ой?

Құсбегі деген кім?

Мәтіндегі құстардың атын ата.

Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

VI. Үйге тапсырма:

1.Ертегінің    мазмұнын әңгімелеу.

2.Осы мәтін негізінде 5 - 6 сөйлемнен тұратын эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Ана тілі 3- сынып Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Айнакеева Улган Абдулхакимовна

учитель английского языка

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 176664
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 59
  • 176664
    просмотров
  • 59
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Айнакеева Улган Абдулхакимовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: