Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ана тілім- айбарлым" тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Ана тілім- айбарлым" тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Ана тілім- айбарлым


Мақсаты: Оқушыларға тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы, тіл атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін көрсету арқылы ана тілін құрметтей білуге үйрету. Сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Тіл құдіретін, маңызын,өз ұлтының тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта

Өту барысы:

1-жүргізуші:

Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа,

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы еске алуға қаншама

Ауыр , әрі қасіретті болса да...

Төрт анаға жағдай жасай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған,

Қасиетті бұл төрт ана тағдырыңның тынысы,


Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы-қалуы тіліне байланысты.Тіл-халықтың жаны, сәні.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық . Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

1. Осы мерекеге арналған «Ана тілім-дана тілім,айбарлым» сайысына қатысушы колледжіміздің 1 курс студенттерін таныстыру

2.Сайыскерлердің білімін, шешендігін, тапқырлығын бағалайтын әділ-қазылар алқасы

3.Сайыс шарты:

1-кезең «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы..» (мәнерлеп оқу сайысы)

2-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» (жұмбақты шешіп, жауабына мақал айту)

3-кезең «Білгенге-маржан, білмеске-арзан» (сұрақтарға жауап беру)

4-кезең Шешендік өнер

5-кезең Тұрақты сөз тіркесін құрап, мағынасын айту

Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз

Жүргізуші:

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,-деп ұлы Абай жырлағандай, поэзияға кезек береміз.

Мәнерлеп оқу сайысы (жоғарғы ұпай-50)

Жүргізуші:

Ана тілі-біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз-дей келе, сайысымыздың 2-кезеңі «Тапқыр болсаң, тауып көр» бөліміне көшейік. Бұл кезеңде әр оқушыға 2 жұмбақ қойылады, жұмбақты шешіп, жауабына мақал айтуымыз керек .Жұмбақ жауабын шешсеңіздер 10 ұпай жауапқа мақал айтсаңыздар 20 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт!

1.

1. Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,


Тұра алмай сасады (доп) (Асық ойнаған азар, Доп ойнаған тозар)

2. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп) (Мектеп-кеме, білім-теңіз)

2

1.Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп,

Қамалып жатыр. (тіс) (Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды)

2.Жүрген жерін жалмайды,

Тастан басқа қалмайды. (от) (Отан оттан да ыстық)

3.

1.Аппақ сұйық,

Қалса ұйып.

Шөлің қанады,

Ішсең құйып. (сүт пен айран) (Ананың сүті-бал, Баланың тілі-бал)

2.Үй үстінен көкке өрелеп шығады,

Әуе ішінен

Із-түз жоқ боп тынады (түтін)(Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы)

4

1. Көлдің көркі, сәні екен ,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған ,


Адамдар қорғап сақтаған. (аққу) (Аққуды атпа, досыңды сатпа)

2 Өзі сырық,

Басқан жері құдық. (таяқ) (Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді)

5

1.Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрган ішінен ( кітап) (Кітап-білім бұлағы)

2.Көзіне шуда тағады,

Бөлікті құрап,

Ұшы жылмаң қағады. (ине) (Оқу –инемен құдық қазғандай)

Жүргізуші:

Тілді қорғау салтымызға жатпайды,

Тіл білмеген еш мархаббат таппайды.

Өз тіліңнің тазалығын сақтасаң,

Ерсі көріп ешкім кінә таппайды,-дей отырып, келесі «Білгенге-маржан, білмеске арзан» атты сұрақ-жауап бөлімін бастаймыз. 2 сұрақтан қойылады. Әр жауап-

10 ұпай

1.

1. «А л екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім ....» Өлең жолдарын жалғастыр, авторын ата

Кей кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім («Үш бақытым» М.Мақатаев)

2. Қазақ тіл білімінің атасы, «Тіл тағылымы» оқулығының авторы (А.Байтұрсынов)

2

1. Өлеңді жалғастыр:

Ана тілің –арың бұл

Ұятың боп тұр бетте... (Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! Қ.Мырзалиев)

2. «Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» Қанатты сөздің авторы (А.Байтұрсынов)

3.

1. Мақалды жалғастыр: «Сөз сүйектен өтеді,......» (таяқ еттен өтеді)

2. «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды? (1997ж)

4

1.«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» Қанатты сөздің авторы (Н.Ә.Назарбаев)

2. Қазақ тілі мәртебесін қай жылы алды? (1989ж)



5

1. Қазақстан халықтарының тілдері күні (22 қыркүйек)

2. Ақтөбе өңірінен шыққан, тіл біліміне үлес қосқан,филолог, ғалым (Қ.Жұбанов)

Жүргізуші:

Ана тілі көңіліне гүл егер,

Ана тілі-ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу-бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу шын өнер-демекші, келесі сайысымыз-«Шешендік өнер» Жоғары ұпай-50

Тақырыптары:

Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде

Қазіргі қазақ тілінің тыныс тіршілігі

Мемлекеттік тіл өз дәрежесінде ме?

Жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Келесі кезең тұрақты сөз тіркесін құрау. Әр жауапқа

10 ұпай. 2 тапсырмадан беріледі.

Үлгі: «Бет, ауыз тіл тіс» сөздері мен «от» сөзі (Бетінен оты шықты-ұялды)

1

1. ( Ит, сиыр, қой ешкі) сөздері мен «арқа» сөзі қай сөзбен тіркеседі? (Ит арқасы қиянда-алыс)

2. ( Ұр,үр, ал , қой) сөздері мен «ауыз» сөзі (үріп ауызға салғандай-әдемі,сұлу)

2

1.(тай, түйе, сиыр, бота) сөздері мен «таңба» сөзі (тайға таңба басқандай-анық)

2. (бет, ауыз, құлақ, көз) сөздері мен «көргісіз» сөзі (көзге түртсе көргісіз-қараңғы)

3

1.(ағаш, жапырақ, таяқ, тал) сөздері мен «жер» сөзі (таяқ тастам жер-жақын)

2.(Арасы, ортасы, қасы, маңы) сөздері мен «қыл» сөзі (арасынан қыл өтпейді-тату)

4.

1.(сиыр, түйе, қой, жылқы) сөздері мен «шөп» сөзі (қой аузынан шөп алмас-жуас)



2.(тай, жылқы, құнан, тай) сөздері мен «із» сөзі ( ат ізін салмады-бармады)

5

1. (жер, сай, төбе, қыр) сөздері мен «шаш» сөзі (төбе шашы тік тұрды-қорқу)

2. (бір, екі, үш, төрт) сөздері мен «қол» сөзі ( бір қолын екі ете алмау-қолы тимеу)

Жүргізуші: Сайысымыз мәресіне жетті.Әділ-қазылар қорытынды бағасын береді. (1-орынға- «Тіл майталманы» атағы, қалған оқушыларға «Тапқыр, білімді, шешен, көркемсөз шебері, ойы ұшқыр» сияқты атақтар берілді.)

Жүргізуші:

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге,

Жастар үшін болса екен басты арман,-деп сіздерге сенім арта отырып, сайысымызды аяқтаймыз.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-049404

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"