Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты тәрбие сағаты
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты тәрбие сағаты

библиотека
материалов

«Ана тілім – бабам тілі, өз тілім»

Мақсаты: Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және мәденииетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу. Тәрбиелігі: Оқушылардың тілін ой - өрісін дамыту. Мәнерлеп айта білуді жетілдіру. Ата - баба мұрасына адалдыққа және оны жалғастырушы болуға баулу.

Дамытушылығы: Оқушыларды туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамытуға баулу.

Көрнекілігі: Тіл туралы жазылған қанатты сөздер.

«Үш би» ұлағатты сөзі.

«Қызыл – телпек» ертегісі.

Жүрісі: Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Камбарова Ақмарал

I «Тәрбие басы - тіл»

Бүгін бізде ана тілі апталығына байланысты «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты сынып сағатын өткізгелі отырмыз. «Тіл» деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар. Дәмді сезу, сөйлеу қызметін атқаратын мүше бар. «Тіл арқылы бір – бірімен қарым – қатынаста болады. Тіл қай ұлттыа да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Ақын Қадыр Мырзалиевтің

«Ана тілің» біліп қой,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Дене тұжырымды жастар мен қатар улкендерге де қойылатын талап.

II Үш бидің тіл туралы ұлағатты сөзі.

Тәрбиеші:

Қош келдіңіздер бабалар,

Үш кемеңгер дүлділім.

Сақтаған елдің бірлігін,

Қалың елім пір тұтар

Қасиетті үш бабам, тілім туралы не айтар?

Төле би: Нурислам

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазбек би:Нурбол

Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би:Мағжан

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

Төле би:Нурислам

Ал енді балалар бүгінгі тіл туралы сынып сағаттарыңды бастай беріңдер. «Әнұран»

Бастаушы:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар!

Сіздерге арнап «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» атты сынып сағатын бастаймыз.

Тәрбиеші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім – мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тәрбиеші:

Тілім менің –

Тілім ушін мың өліп, мың тірілді елім.

Тілді қорғау – парызым бүгін менің.

Хор. Ойыншықтар.

1 - бала. Дулат

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

2 - бала.Дарина

Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек – ана

Мен өзіңмен жаралдым.

3 - бала.Айнур

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – ай, күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін байтақ өмірді думан.

4 – бала Ерхан

Тіліңді үйрен күнде сен,

Ол іс емес жай ғана.

Өз тіліңді білмесең,

Білгішпін деп ойлама.

Би. «Қара жорға» Ер балалар тобы.

5 - бала.Малика

Аға, ата, інім – деп

Қарындасым гүлім деп

Сөйлегенде күнім деп

Ана тілі қаның бұл

Жан бітірер тасқа да

Құйып берер нәрің бұл

Үлкенге де, жасқа да.

6 – бала Багдаулет

Өсірген ой – білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Хор. Біз өмірдің гүліміз.

1 бала Назерке

Алтын ұя – Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

2 бала Аружан

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

3 бала Жансель

Қарындасың қанатың,

Ел - Отаның жанатың.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

IV. Мақал – мәтелдер

1 – бала Салтанат

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

2 – бала Адильхан

Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

3 – бала Айберген

Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

4 – бала Шынғыс

Өнер алды - қызыл тіл.

5 – бала Асылназ

Жақсы сөз – жарым ырыс.

V. Ертегіден көрініс. «Қызыл телпек ертегісі»

1. Әжесі – Дарина

2. Апасы - Айнур

3. Қызыл телпек қызы – Малика

4. Қасқыр – Дулат.

5. Отыншылар – Нурислам

VI. Қорытындылау


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-060214

Похожие материалы