Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ана тілім- бақытым мен байлығым
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Ана тілім- бақытым мен байлығым

библиотека
материалов

Ана тілім- бақытым мен байлығым

(8 сынып оқушыларына арналған сұрақ-жауап кешінің жобасы)

Туған үйімнің терезесінен,

Қазақстан даласы көрінеді.

Аспанда ақша бұлт керіледі.

Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп,

Ошағымның түтіні өріледі.

(Ұ.Есдәулетов «Перзент парызы» өлеңінен)

Сайыс жүргізетін орында көрнекті кітап көрмесі ұйымдастырылып, ойын тақырыбына орай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ілініп қойылады.

Ойын: І-Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ-Негізі бөлім;

ІІІ-Қорытынды бөлімдерден тұрады.

Жүргізуші: Қазақ халқының ойшыл ұлы Шоқан Уәлиханов «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» - деп көрсетсе, «Білімдіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - деп ойшыл Гегель немесе «Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсан» деп атамыз Ахмет Жұбанов айтқандай қазіргі таңда халқымыздың рухани құндылықтарын жас жеткіншектердің бойына туған тілі арқылы сіңіру, имандылыққа баулу, әдеп-ізетке үйрету, сол арқылы тіліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты міндет болып табылады. Қоғамымыздың әрбір мүшесі тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, ең басты байлығымыз- ұлттық тілімізді мемлекеттік тіл дәрежесіне сәйкес ең басты қоғамдық қатынас құралы дәрежесіне жеткізу қажеттігін ұғынып, қоғам талабына сай, өз отанын, тілін, салт-дәстүрін сүйетін және қастерлей білетіндей және өз еліне, оның бай тарихына, қазыналы тіліне, болашағына деген өз жауапкершілігін сезінетіндей тәрбие алуы ең маңызды мәселе. Бұл бізге тарих жүктеп отырған аманат. Елімізде осы мақсаттар жүзеге асқанда ғана халқымыз өзінің бай ұлттық ерекшелігімен, биік ұлттық мәртебесімен көріне алады.

Тәуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі- Үкіметіміздің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты қасиетті қазақ тілінің қоғам өмірінен өзінің биік мәртебесіне лайықты орын алуын жүзеге асыру үшін, мемлекет тарапынан қазақ тілінің қоғамдық қызметін нығайту, қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінде білім беруді жүзеге асыру жағдайында түрлі шаралар жүргізілуі нәтижесінде елімізде мемлекеттік тіліміздің түрлі қоғамдық және өндірістік салаларда кең ауқымда қолданыла бастауы, сонымен қатар қазақ тілінде оқытатын мектептер желісінің өрістеуі жүзеге асып келеді.

Негізгі бағыт- оқушының өмірге қажетті біліктіліктерін қалыптастыруға қажетті білім беру болса, түпкі мақсат- олардың мамандығы бойынша мемлекеттік тілді сөйлеп, жаза білу дәрежесіне жетулері.

Қазіргі қазақ тілінің байлығы, көркемдігі, шешендігі арқылы ана тілімізді жетекші ұлт тілдерінің бірі деп айтып, кеуде керіп мақтана ламыз. Мемлекеттік тіл қазақтардың ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың тілі, әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей, мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет ететін жандардың бәрі мейлінше бұл тілді білуге міндетті. Социолингвист А.С.Пиголкин «Мемлекеттік тіл- мемлекеттік биліктің бұхарамен қарым-қатынас жасап, азаматтармен сөйлесетін тілі» - деген болатын.

Бүгін сіздермен, ана тілінің маңызын ұғынып, қастерлей білу, ана тілінде таза сөйлеуге үйретуді жүзеге асыру, ой мен ес, тіл жылдамдықтарын дамыту мақсатында «Ана тілім- бақытым мен байлығым» атты оқушылар арасында жарыс ойынын өткізгелі отырмыз. Сайысқа «Сана», «Зерек» секілді екі команда қатысады. Әр командаға әр турда екі сұрақ беріледі:

Негізгі бөлімде: І-ҮІІ турлар.

І тур. Сөз мәнерін тап:

  • Арасынан қыл өтпейді (тату)

  • Ит өлген жер (қашық)

  • Бетінен оты шықты (ұялу)

  • Бармағын тістеді (өкіну)

  • Қой аузынан шөп алмайды (жуас)

  • Бояушы, бояушы десең сақалын бояйды (мақтаншақ)

  • Құр атқа мінгендей (тынығып қалу)

  • Жоғалған пышақтың сабы алтын (жоқ болған нәрсенің қадірін түсіну)

  • Бір оқпен екі қоянды атып (іс қиюын табу)

  • Қас пен көздің арасында (лезде, тез)

  • Жерден жеті қоян тапқандай (лепіру, мақтану)

  • Ит байласа тұрғысыз (пана болмайтын)

  • Шөп басын сындырмайтын (жалқау)

  • Ана сүті аузынан кетпеген (жас жеткіншек)

  • Аспан айналып жерге түскендей (өте ыстық күн) т.б.

ІІ тур. Жедел жауап

  • Батырдың сырт киімі (сауыт)

  • Қасқырдың баласы (бөлтірік)

  • Құпия сөзінің синонимі (жасырын)

  • Батырдың бас киімі (дулыға)

  • Жылдың ең қысқа айы (ақпан)

  • «Туған ел» - сөзінің синонимі (Атамекен)

  • Тез ұғатын бала кім? (Зерек)

  • «Алаш» партиясы қашан құрылды? (1917)

  • Қазақ халқы қай нәсілге жатады? (моноголоидтық)

  • Шоқанның шың аты (Қанапия)

  • Асқан ақыл-ой иесі? (Ғұлама)

  • Үйдегі ең қасиетті нәрсе? (Ошақ)

  • «Қазақ» апталық газетінің редакторы кім болған? (А.Байтұрсынов)

  • Қазақтан шыққан тұңғыш академик? (Қ.Сәтбаев)

  • Сүйінбай ақын портретін жасаған суретші кім? (Ә.Қастеев)

  • Сөздердің дұрыс айтылуы? (Орфоэпия)

  • Сөздердің дұрыс жазылуы? (Орфография)

  • Қысқа шығарма? (Эссе)

  • Грекия қай түбекте орналасқан? (Балқан)

  • Тұңғыш рет бастауыш білім беру қай елде қолға алынды? (Грекияда)

  • Тұңғыш рет атомды ашқан грек ғалымы кім? (Демокрит)

  • Заң шығарушы билік? (Парламент)

  • Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат)

  • Парламенттің төменгі палатасы? (Мәжіліс)

  • «Медғат-Қасым» поэмасының авторы? М.Абайұлы)

ІІІ тур. Жалғасын тап

  • Жолдасы жаманды ... (жау алады)

  • Ұлық болсаң ... (кішік бол)

  • Әдептілік, ар-ұят- ... (адамдықтың белгісі)

  • Ақыл тозбайтын тон ... (білім-таусылмайтын кен)

  • Шебердің қолы ортақ ... (шешенннің сөзі ортақ)

  • Жеті атасын білген ер ... (жеті жұрттың қамын жер)

  • Тіл тас жарады ... (тас жармаса бас жарады)

  • Кісі еліңде сұлтан болғанша ... (өз еліңде ұлтан бол)

ІҮ тур. Керекті сөздерді тап:

  • Білгенге ... , білмеске ...., (маржан,арзан)

  • Өтірік сөз ... баспас, (өрге)

  • Сөз ... өтеді, Таяқ ... өтеді т.б. (сүйектен, еттен)

Ү тур. «Жеті» санының жұмбағы мен қасиеті:

Жеті ата- (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат), Жеті амал- (күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы), Жеті күн- (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына), Жеті қат көк- (Ай, Күн, Шолпан, Есекқырғын(Меркурий), Қызылжұлдыз (Марс), Сатурн, Мүштәри (Юпитер), Жеті ғалам- (Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Аспан (жоғары ғалам), Жер (орта ғалам), Жер асты (төменгі ғалам) және Жеті жетекші- (Адамның басшысы- ақыл, жетекшісі-талап, жолаушысы-ой, жолдасы-кәсіп, қорғаны-сабыр, қорғаушысы-мінез, сынаушысы- халық (Саққұлақ би))

ҮІ тур. Тілімізге енген сөздердің баламасы қандай?

Поли-мемлекет-қала;

Акрополь-қаланың орталық бөлігі;

Агора-базар, алаң;

Илоттар-құлдар;

Демос-қарапайым халық;

Аристократия-ақсүйектер;

Демократия-халық билігі;

Олигархия-аз адамның билеуі;

Стадион-сайыскерлердің орталық алаңы;

Театр-көрініс;

Мифтер-аңыз әңгімелер;

Комедия-көңілді оқиға желісіне құрылған шығарма;

Трагедия-қайғылы оқиға желісіне құрылған шығарма;

Диссидент-басқаша ойлаушы;

Репрессия- қуғын-сүргін;

Реформа-қоғамдық құрылысты жетілдіру үшін билік жүйесіне өзгерістер енгізу.

ҮІІ тур. Капитандар жарысы- (өлең үзіндісі)- авторы мен атын тап:

  • Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай... (М.Өтемісұлы)

  • Қазағым, елім,

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып,

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып,

Қанған жоқ па әлі ұйқың,

Ұйықтайтын бар не сиқың?! (А.Байтұрсынов)

  • Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам? (С.Торайғыров)

  • Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

Керек болды Абай сынды ұлы ақын! (Жарасқан Әбдірашев)

Қорытынды: Озып шыққан команда анықталып, марапатталады.

Әдебиеттер:

1. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы: Он томдық. 6-том: Тіл мен мәдениет. –Алматы: Жазушы, 2005.-568 бет

2.Бұлқышев Б. Адамзатқа хат. – Алматы: Санат, 2005.-208 бет

3. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған-терген. Бірінші кітап. –Алматы: Ана тілі, 2005.-136б.

4. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған-терген. Екінші кітап.- Алматы: Ана тілі, 2002.-136б.

5. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Екі томдық. І том.-Алматы: Ғылым,1990.-273 б.

6. Көпеев М.Ж. Екі томдық. 2 том.-Алматы: Ғылым, 1992.-224б.

7. Қабдиева С. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы адамгершілік мәселесі. //Қазақстан мектебі. -2005.-№2.-59-61 беттер.

8.Нұрышева Г.Адамгершілік- Ы.Алтынсарин философиясының негізі. //Қазақстан мектебі.-2001.-№6.-65-72 беттер.

9. Таупықбаева Б.Білім беруді ізгілендіруде Ыбырай мұрасының маңызы //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2002.-№4





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Ана тілім- бақытым мен байлығым

(8 сынып оқушыларына арналған сұрақ-жауап кешінің жобасы)

Туған үйімнің терезесінен,

Қазақстан даласы көрінеді.

Аспанда ақша бұлт керіледі.

Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп,

Ошағымның түтіні өріледі.

( «Перзент парызы» өлеңінен)

Сайыс жүргізетін орында көрнекті кітап көрмесі ұйымдастырылып, ойын тақырыбына орай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ілініп қойылады.

Ойын: І-Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ-Негізі бөлім;

ІІІ-Қорытынды бөлімдерден тұрады.

Жүргізуші: Қазақ халқының ойшыл ұлы Шоқан Уәлиханов «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» - деп көрсетсе, «Білімдіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - деп ойшыл Гегель немесе «Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсан» деп атамыз Ахмет Жұбанов айтқандай қазіргі таңда халқымыздың рухани құндылықтарын жас жеткіншектердің бойына туған тілі арқылы сіңіру, имандылыққа баулу, әдеп-ізетке үйрету, сол арқылы тіліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты міндет болып табылады. Қоғамымыздың әрбір мүшесі тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, ең басты байлығымыз- ұлттық тілімізді мемлекеттік тіл дәрежесіне сәйкес ең басты қоғамдық қатынас құралы дәрежесіне жеткізу қажеттігін ұғынып, қоғам талабына сай, өз отанын, тілін, салт-дәстүрін сүйетін және қастерлей білетіндей және өз еліне, оның бай тарихына, қазыналы тіліне, болашағына деген өз жауапкершілігін сезінетіндей тәрбие алуы ең маңызды мәселе. Бұл бізге тарих жүктеп отырған аманат. Елімізде осы мақсаттар жүзеге асқанда ғана халқымыз өзінің бай ұлттық ерекшелігімен, биік ұлттық мәртебесімен көріне алады.

Тәуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі- Үкіметіміздің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты қасиетті қазақ тілінің қоғам өмірінен өзінің биік мәртебесіне лайықты орын алуын жүзеге асыру үшін, мемлекет тарапынан қазақ тілінің қоғамдық қызметін нығайту, қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінде білім беруді жүзеге асыру жағдайында түрлі шаралар жүргізілуі нәтижесінде елімізде мемлекеттік тіліміздің түрлі қоғамдық және өндірістік салаларда кең ауқымда қолданыла бастауы, сонымен қатар қазақ тілінде оқытатын мектептер желісінің өрістеуі жүзеге асып келеді.

Негізгі бағыт- оқушының өмірге қажетті біліктіліктерін қалыптастыруға қажетті білім беру болса, түпкі мақсат- олардың мамандығы бойынша мемлекеттік тілді сөйлеп, жаза білу дәрежесіне жетулері.

Қазіргі қазақ тілінің байлығы, көркемдігі, шешендігі арқылы ана тілімізді жетекші ұлт тілдерінің бірі деп айтып, кеуде керіп мақтана ламыз.

Общая информация

Номер материала: 316261

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"