Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ана ттлтм -бала ттлтм

Ана ттлтм -бала ттлтм


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Ана тілім – бал тілім

Мақсаты: Балаларға Қазақстан мемлекеті жайында, қазақ тілі жайында, толық түсінік беру. Балалардың сөйлеу қабілетін арттыру. Балалардың отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы жайында альбом, буклет және оқулық.

Тәрбиеші: Балалар, біз тәрбие сағатын бастамас бұрын, өзіміздің мемлекеттік әнұранымызды орындайық. (Әнұран орындалады.)

Арайлап таң атты,

Алтын сауле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

- Күнді, күннің жарқыраған нұрын көреміз.

- Күннің көзін көргенде сендер қалай қуанасындар?

- Алақай деп қуанамыз! (Қол шапалақтау)

- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз, төменнен не көреміз?

- Жоғарыдан аспан, күнді, бұлтты, төменнен жерді, суды, шөпті көреміз.

- Ендеше біз де аспанға, жерге, күнге және көруге келген қонақтарға сәлем беріп, қарсы алайық!

-Қуан шаттан, алақай!

-Қуанатын келді күн!

-Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Күліп шықты күн бүгін!

-Сәлеметсің бе? Есенсің бе! Амансыз ба?

-Бәріміз күндей жарқырайық!

-Бәріміз дос болайық!

-Бәріміз тату болайық!

-Балалар, біздің жеріміз, суымыз және орман-тауымыз, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.

-Осыны ешқашан естеріңнен шығармаңдар!

-Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отырып жайғасындар.

Алдымен өткен тәрбие сағатын қайталаймыз.

-Балалар, біз күз мезгілімен танысқан болатынбыз, кәне кім айтып береді?

-Қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Қазір жылдың күз мезгілі.


-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Ауа-райы салқын болады.

-Жапырақтардың түсі қандай болады?

-Сары, қоңыр, сарғыш болады.

-Балалар, неге біз күз мезгілін жомарт күз, алтын күз дейміз?

-Себебі, күзде астықтың барлығы піседі, жемістер және көкеністер де піседі.

-Жарайсыңдар балалар.

-Балалар бүгін қандай мереке?

-Бүгін «Тіл» мерекесі.

-Дұрыс айтасйңдар, бүгін «Тіл» мерекесі.

Ал бүгінгі тәрбие сағатынын тақырыбы «Ана тілім - бал тілім» - деп аталады.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Балалар, Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу?

-Үшеу.

-Кәне кім маған атап береді?

-Елтаңба, көк ту, әнұран.

-Елтаңбаның суреті, пішіні қандай?

-Дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында Қазақстан деген жазуы бар.

-Ал тудың түсі қандай?

-Көгілдір, пішіні тік төртбұрыш, ортасында күн сәулесі, астында қыран құс, шеті өрнекпен өрнектелген екен.

-Балалар біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Қазақ деп аталады.

-Біз қай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ тілінде сөйлесеміз.

-Жарайсыңдар балалар, сендер еліміздің рәміздерін жақсы білгендіктеріңді таныттыңдар.

Тосын сәт. Әже мен қоян кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Біз орманнан сендерге арнайы келіп отырмыз.

-Мына менің көжегім орманнан жапырақ теріп алыпты, олар жай жапырақ емес екен, сиқырлы екен.

-Кәне, мен көрейінші, қандай жапырақ екен, ой балалар, бұл жапырақтың астында жазулар бар екен.

1- жапырақтың астында Қазақстан Республикасы жайында өлең шумақтар айтып беріңдер – деген тапсырма жазылыпты. Қане, кім тақпақ айтады?



Серік:

Аспанды жас кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де,

Туып өмір сүреміз.

Карина:

Асқар тауым – Қазақстан

Әсем әнім – Астанам,

Қазақстан – отаным деп,

Әрқашан да мақтанам.

Сабина:

Қазақстан жері – сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз,

Саясында жетілер.

Балдай бала шағымыз.

Ал мына жапырақта не жазылған екен. Отан туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдер – деп жазылыпты.

Наташа:

Отан – оттан да ыстық.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Аман:

Жері байдың – елі бай.

Өнерлі елден-өнерлі ұл-қыз шығады.

Сиқырлы жапырақтағы тапсырмалар жақсы орындалған соң сандық ашылады. Сандық толған жеміс-жидек екен.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызға барамыз.

Қорытында: Балалар сұрақ қойып, жауабын толық алу арқылы, қорытындылап, мақтап-мадақтау айтылады.


Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров18
Номер материала ДБ-377002
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх