Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Ана жүрегі – мейірімділік ошағы" әдеби – сахналық қойылым
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Ана жүрегі – мейірімділік ошағы" әдеби – сахналық қойылым

Выберите документ из архива для просмотра:

25.23 КБ Ана ж?рег_.docx
8.34 МБ Ана журегi.3gp.mp4

Выбранный для просмотра документ Ана ж?рег_.docx

библиотека
материалов

Ана жүрегі – мейірімділік ошағы

әдеби – сахналық қойылым

(ақындардың өлең жолдары негізінде қойылды)

Мақсаты: Анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. «Ана» сөзінің қадірін ұғындыру, сыйлауға, аялауға баулу.

Сахна төріндегі интербелсенді тақтада Айша бибі мазары. Мазар алдында бір Алладан тілеу тілеп тұрған ана. Ана талайдан бері бір баланың тілеуін тілеуде.

Жүргізуші. (ұл бала)

Бақ дәулет, жеті мұният болса жолдас,

Төрт бақыт бір адамға, сірә, қонбас.

Босағасын алтыннан соқсаңдағы,

Перезент сүймей ананың мейрі қанбас.

Сазды әуен ойнайды. Дүниеге жаңа туған баланың іңгәлаған даусы шығады.Қолында жөргекке орлған баласы бар ана сахна төрінде тұр...

Ана.

Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?

Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?

Шырылдаған үніңнен айналайын,

Шыныменен өмірге келгенің бе?


Қызым болсаң - қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң ұлы бір мұрадайсың.

Естисің бе есі жоқ, ей, Дүние!

Менен неге сүйінші сұрамайсың?

Баласын әлдилеген ана сахнадан шығып бара жатады. Интербелсенді тақатада жас баланы әлдилеген ананың бірнеше сәттерінен үзінді көрсетіледі.

Жүргізуші.

Перезентсіз өткен пенденің,

Біледі кімдер дерегін.

Қапа боп қайран, көңілің,

Бойыңа батпас жегенің.


Осынау тойдың сондықтан,

Әркім – ақ ұғар себебін.

Анасының аяулы,

Жарып шыққан кемерін.


Қадам басып өмірге,

Жас шыбықтай бүр жарып.

Жаңа жайған желегін,

Өсе берсін бөбегің.

Сахнаға әйел – ана шығып шашу шашады. Сазды әуен ойнайды. Жүріріп жүрген балалар асық ойнайды. Асық ойнап жүрген балалар арасында ананың жас баласы бар. Ана сырттай сүйсініп, бақылап қарап тұр. Жүгріп бара жатып бала құлап қалады. Аяғын қанатып алады. Жылап дауыс шығарады. Анасы келіп басындағы ақ орамалымен таңып береді. Ақ орамал қызыл қанға боялады.

Жүргізуші.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Ал, бала далаға қарай ұмтылып тұрады. Анасы жетектеп сахнадан алып кетеді.

Жүргізуші.

Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,

Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.

Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,

Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?

Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,

Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.

Мәңі жас сен жайында дастан бар – ау,

Мәңгі өлмес сен жайында дастан қанша?

Жалындап жас жүректің бар қызуы,

Жастықтың басталғанда бар қызығы.

Сахнада Мустапаев Бакытжанның «Ана жүрегі» әнінен үзінді қойылады. Қол ұстасқан, күліп келе жатқан екі ғашық...

Ертеде бір ер жігіт,

Жар іздеп жүрді ау көз тігіп,

Жолықты бір күн сұлуға,

Сәтіне түсіп кезігіп,

Ай менен күндей құлпырған,

Қыз екен жүрген ерігіп.

Сахнада жасыл табиғат аясының көрінісі. Сананың бір бұрышында әдемі құрылған өскін ағаш, маңына орындық, орындықта екі жас орындарынан тұрады. М.Мақатаевтың «Махаббат диалогін» орындайды:

Қыз: -Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

Жігіт:-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Қыз: -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Жігіт:-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Қыз: -Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Жігіт:-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Қыз: -Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Жігіт: -Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Қыз:

Сүйгенің сені шын болса мені,

Алып кел туған анаңның жүрегін.

Батылың соған жетсе егер,

Сонда ғана сүйікті жарың боламын, - дейді де қыз сағымдай күліп кетіп қалады... Сахнада төсекте ұйықтап жатқан жігіт. Арырақ жерде ана жатыр.

Жүргізуші.

Ананың әлпештеген жалғыз ұлы,

Бір күндер төсек тартып жатып алды.

Ұйқыға кетсе, шошып аласұрып,

Анасын айқай салып шақырады.

Жігіт:

Ақ сүт қана болған күндер көрегім,

Қанша шуақ мейірімге мені бөледің?

Тіршілікте нәр берген бай – терегім,

Анашым, сені қалай қиямын өлімге?

Құлағымда тұр ғой үнің «Б О ТА Ш Ы М!»

Сахнада Мустапаев Бакытжанның «Ана жүрегі» әнінен үзінді қойылады.

Анасын қалай өлтірсін,

Қиналды-ау жігіт егіліп.

Махаббат дерті шыдатпай,

Барады –ау жанды кеміріп.

Аласұрған бала төменгі өлең жолдары негізінде қимыл – әрекет жасайды.

Жүргізуші.

Гүл өңі алау тартып жайқалмайды,

Сауығу мынау халден байқалмайды.

Ол біріқ ішін өртеп жатқан жайды,

Ашылып анасына айта алмайды.


Қыз атын айтса аузынан зар шығыпты,

Құс жастық аққан жасқа малыныпты.

Дертіне сағыныштың шыдай алмай,

Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты.


Қинады қыздың шарты бөлек екен,

О,сұлу, неткен қатал керемет ең?!

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,

Бүк түсіп жата алмады, құрып күнде.


Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың,

Қасына барып жігіт егіледі.

Көңілінде бар шипасы өз дертінің,

Жүрегі еді ұйқыда жатқан анасының.

Жігіт:

Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,

Ал біздерде махаббаттың күші бар.

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені,

Көрмейсің ғой кереметті мендегі.

Түсінсеңші сараң болған педені,

Түсінсеңші ақыл – ойым кем бе еді?!

Неге бұлай? Неге бұлай? ....

Неге бұлай қинап жатыр бұл өмір?


Неге жүрмін? Неге жүрмін көңілсіз?

Жаным менің жылап жатыр, тек үнсіз.

Балаңның өз қамы емес пе жегені,

Соны ұғыншы,О,Тәңірім, не жаздыммм...?

Сахнада осы жолдарды айтып алпарысқан жігіт, анасының қасына барып, ұйықтап жатқан ананың жүрегін жастық астынан алған қанжармен жұлып алады....

Жүргізуші.

Маңдайынан сүйеді ол

Соңғы рет анасының.

Кешірер деп анасы,

Баласының бұл ісін.


Қасына келді түнде

Ұйықтап жатқан ананың,

Қанжар салды анасына,

Жұлып алды жүрегін.

Соның бәр, соның бәрі,

Сүюдің серті ме еді?

Қыздың шартын, қызыдың шартын,

Орындады енді, міне...

Аянышты муызыка сарыны. Жігіт ана жүрегін бас жақта жатқан ана орамалына орай сала шарқұрып жүгіреді. Ана сахнадан кетеді де алыстан ақ жаулықты, ақ көйлекті шашы жалбыраған ана бейнесі көрінеді (сағымдай). Шар құрған жігіт өлең жолдары негізінде сүрініп құлайды.

Ала салып жүрегін,

Шапқанда қалды-ау жығылып.

Тасқа да тиіп атының

Аяғы кеті-ау сүрініп.


Жүргізуші.

Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы,

Аңдамай басып, сүрініп кетсе болғаны.

Аңдамай кейде, басамыздағы кердеңдеп,

Құлап жатамыз, аяқ – қолымыз ербеңдеп.


Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,

Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп.

Таппайсың оны, тартасың азап сан жылдар,

Аттай алмайсың, құлауың мүмкін алдың жар.

Не істесем екен, не істесем екен сендерге,

Сүрініп кетіп бүлініп жүрген тағдырлар?!


Сүрініп жығылған жігіт қолынан ақ орамалдағы «АНАНЫҢ ЖҮРЕГІ» (қызыл жүрек пішіні) домалап алға құлайды. Сол кезде құлап жатқан жігіт жанына ақ көйлекті ана бейнесі сағым болып келеді. Мустапаев Бакытжанның «Ана жүрегі» әнінен «Ана жүрегінің сөзінен» үзінді. Ана даусымен оқылады.

Айналайын жан балам,

Құладың ау сен жаман.

Ауырған жоқ па бір жерің,

Сен аман бол жан балам.

Муызыканың сарынымен сүрініп құлап қалған жігіт орнынан тұрады, қолында қан болып қалған анасының орамалы.

Жігіт (жылап тұрып):

Сүрініп кетпе, сүрініп кетесң болғаны,

Дей бергің досым, басыңа қырсық қонғаны.

Бүгінімді, болашақты, өткенді,

Не қыламын шуағы жоқ көктемді.


Құрағы жоқ не қыламын көк белді,

Тұрағы жоқ не қыламын арманды.

Арман қуған ақ көңілім алданды,

Ояу жүріп өткізсем де ақ таңды.


Айналайын, айналайын, жан анам,

Қолымда тек, қолымда тек...

Ақ жаулығың, ақ жаулығың

Қызыл ала қан боп қап – қалды.

Музыка, «Айналайын адамдар» үзіндісі қойылады.

Айналайын адамдар,

Бәріңнің де анаң бар.

Қаю бір салмай көңілге,

Анаға дұрыс қараңдар.

Білсеңіз ана киесін,

Дөңгелек дүние иесін.

Сіздерден срар өтініш,

Жасамаңдаршы-ай опық іс

Болмасын әлгі жігіттей

Орны толмай өкініш.

Қолында қанға юоялған ақ жаулықты ұстаған жігіт. Жігіт жанына ананың жүрегін қолына ұстаған қыз келеді.

Қыз:

Ана жүрегі

Өзгертпейді білемін,

Шалшық және лай түсін.

Қайран ана жүрегі,

Даладай кең ай мүсін.

Қасіретің азайсын,

Деп тіледім әз, ана.

Өлеңдерім қол созсын,

Жеңілдетсін қайғысын.

Қатысым жоқ бетарап,

Қалай енді қала алам.

Жүректерін сауықтыр,

Жерлік мұң мен жарадан.

Қиын нәрсе екен – ау,

Жаратқан –ай шарасыз.

Жылып тұрған анаға,

Еш дәрменсіз қараған.











Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-253448

Похожие материалы