Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ана -өмірдің шуағы атты тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ана -өмірдің шуағы атты тәрбие сағаты

библиотека
материалов



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы


Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі



Тәрбие сағаты:



«Ана - өмірдің шуағы»







Сынып жетекші: Г.Абу






Шолаққорған - 2011 жыл




Ана - өмірдің шуағы


Мақсаты:

1. Оқушыларға ана дегеніміз кім, аналардың өмірдегі қызметі, көрсетер көмегі, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру . 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.


2.Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.


3.Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:

Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Әр сынып шығарған қабырға газеттері,шармен безендіру,нақыл сөздер, оюлар, гүлдер, аналар туралы нақыл сөздер:


1. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді».

В.Г. Белинский

2. «Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя. В.Гюго

3. Әлемде өзгермейтін үш - ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі. М.Горький

4. Әйел жерден шыққан жоқ,

Ол да адамның баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел - оның анасы. І.Тұрмағанбетов

Хор : « Ана туралы жыр»

  1. жүргізуші

Ардақты да аяулы аналар, құрметті ұстаздар сіздерді 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір , еңбекте табыс және де жанұяларыңызға бақыт тілейміз. Енді өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған «Ана - өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалаңыздар .

  1. жүргізуші

Ана , Ана, Ана! . . . .

Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші . Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да осы қасиетті ана есімі болмақ. Қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән.

Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі.

Жердің өзіне де Жер-Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Ана халқына ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

2 жүргізуші

-Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында,жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».

Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Сәуір - Наурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең қымбат гүл, ол адамның сезімі,

Анаға айтар лебізі

Ең қымбат гүл,

Ең қымбат гүл , ол адамның лебізі,

Мұрат, мүдде мақсатың,

жақсы күн мен жақсы түн

нағыз - бақыт ананың

Ақтау дер ем, ақтау дер ем

Аналардың ақ сүтін

1-жүргізуші

-Адамды дүниеге әкелетін,өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

2 -жүргізуші

-Бүгінгі күн,жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш,шаттық мерекесі . Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.

Наурыз келді Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып.

Шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр.

Сізден жылу әлемін күткеніміз.


1 жүргізуші

-Ана баласының ғана қорғаушысы емес,ол адамзат атаулының амандығын тілеп,сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзілік ойшылдары 8-наурызды-халықарылық әйелдер күні деп белгіледі.Жақсы,жақсы тілек айтамыз.Күн сайын айтсақ та,қуантсақ та,көңілің жарасар еді.

Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағынышым ақтарылмай.

2 жүргізуші

-Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Халықта батыр да өткен,бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп.

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да,жаман да өткен.

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр.

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.

Ербол

Ана менің – сарқылмайтын бұлағым

Ана менің – таусылмайтын – жыр әнім

Ана сенің – күлімдеген бейнеңді

Түсімде де жиі көріп тұрамын

Сәуле

Ана - өмірдің қуанышы , жүрегі

Бала оның жұбанышы, жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген.

Олар дәйім тыныштықты тіледі

Нағашбек

Өз балаңнан артық бала бар ма ана

Мәз боласың жарай қалса шаруаңа

Теңізде де кесіп өтіп жетпей ме

Жан ботасын сағынғанда ару, ана

Гүлсамал

Күй бар ма ана үшін тартылмаған,

Ән бар ма ана үшін айтылмаған.

Ешқашан ананы аңсап тұла бойды,

Балалық тәтті сезім сарылмаған .

Жарқылы көңілімнің, пейілімнің,

Ол ананың ақ сүті – мейірімінің.

Құшағы бұл әлемнің кеңдігі бол,

Сыйлаған қасиет құтын өмірімнің.

Асанәлі

Көз жасы деп ананың көп төгілген

Көктен шыңға төмен мөлдіреген

ақ шамына ұқсатып иіскеп сүйем

Ақ семеу шөпті көрсем селдіреген

Айбаты деп ананың түнерсе аспан

Желігімді тиамын асып – жасқан

Жер мамырлар , күн көзі жадыраса

Мейірімі деп түсінем бала жастан

Рысбек

Кеудеңде мені тербеттің

Жас шыбық енді көктеді

Мінеки , мен де ер жеттім

Еңбегің бекер кетпеді

Өмірде мынау ең жақын, Аяулым сенсің анашым

Болмаса мейлі зор даңқың

Мен үшін бірақ данасың

Ұлжалғас

Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезіп жанымды

«Адам бол, - деуші ең – жұлдызым,

сақталды сөзің жанымда

«Игі еңбек түбі осы ау», - дер,

Көргендер жеміс ағашын

Қартаймай мәңгі жасай бер ,

Мәңгілік күндей анашым!

Нұрбол

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Үмітіндей көзіме ,

Көп қарайсың үңіліп

Еркелеген сезімде

Ертеңіңіз тұр күліп

Ұлжалғас

Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін

Біліп тұрсаң жан анам

Міндеті үлкен ботаңның

Күтері сол баладан,

Ана менен Отанның

Нағашбек

Өмірімнің қап – қараңғы түнінде

Еш не білмес түсім бе, я өңім бе?

Оң менен сол, от пенен су айырмас

Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде

Рысбек

Әлі есімде біледі жұрт біледі

Ел басына қатер төнген жыл еді

Қимастарын қан майданға ұзатып

Қарс айырылған аналардың жүрегі

О,аналар осындайсың бәрің де

Осындайсың жасыңдағы кәрің де

Сыйынатын болса өмірде құдірет

Сыйынар ем ана деген тәңірге

Гүлсамал

Ақ сүті оның елеусіз жай қала

Борышты оған кейбір дарқан дана да

Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге

Әй , адамдар, жол беріңдер анаға

Тағы да үміт , шек қала ма арманға

Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба ?

Ана – үміт, ана- жігер, ана- азамат,

Одан берік, одан нәзік жан бар ма?

Асанәлі

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен

Нұрбол

Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғынам.

Ербол

Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз.

Ардақтайтын,мақтанатын кезіміз.

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген.

Ұлы Ұстаз-аналар мына отырған өзіңіз.

Сәуле

Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-аналар,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймыз.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.


1

М.Мақатаев:«Шеше сен бақыттысың»өлеңінен үзінді

Шеше!

Сен бақыттысың,жыламаған,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламаған,жыламағын.

Бармын ғой.

Тірімін ғой.

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,

Екі жыр жазсам саған арнап,

«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,

Тәңірім кеше көрсің кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді,

Шеше!

Сен бақыттысың,тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді.

2.

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп

«Кешір ана» әнін Рысбек пен Асанәлінің орындауында қабыл алыңыздар.

3.

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдында,

Биші қыз ғажап еді биің қандай! - деп

Үсетай Диананың орындауында түрік биі

4.

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен-деп кезекті әнге береміз.

Ән:«Анаға сәлем» орындайтын Ербол

5

Үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашпау жарасып белге,-дегендей келесі кезек бишілерде.

6. Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімнің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағынышым ақтарылмай – деп

Ұлжалғастың орындауында Ана туралы әнін қабыл алыңыздар

7. Көрініс «Үш қыз»

8. Арулар-аяулылар,ардақтылар.

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр.

Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.

Үсетай Диананың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар

9. Ана десем,алғыс алам халқымнан,

Ана десем,теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем,әділдікті ұғынам.

Асанәлінің орындауында « Асыл жеңешем» әні

10. Арулар-аяулылар,ардақтылар.

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар-тіршілікке күре тамыр.

Өмірді бір-бірімен жалғап тұрар.

Нағашбек пен Нұрбол ұлдарыңыздың орындауында «Ананың тілі» әнін қабыл алыңыздар

А дегенім , А дегенім «Ана» ғой

Б дегенім, Б дегенім бала ғой

Ал Аналар

Келіңіздер

Мына тұрған мақалдың жалғасын тауып көріңіздер

Аналарға мақал – мәтелдердің жалғасын тауып мағынасын аштыру

Баланың ұяты әкеге

Қыздың ұяты шешеге

Ата даңқымен қыз өтер

Мата даңқымен бөз өтер


Ұл таппас ана болмас,

Тұрарын айт

Мал таппас бала болмас,

Құрарын айт


Ана жақсылығын,

Ауырсаң білерсің


Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш


Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада


Ананың сүті – бал

Баланың тілі- бал


Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да,

Қарызынан құтыла алмайсың


Ер бала – ата – анаға таяу

Қыз бала – үйге жаққан бояу


Қыз – ауылдың көркі

Құндыз болса бөркі


Қыз өссе, үйге жұт

Ұл өссе , үйге құт


Гүл өссе, жердің көркі,

Қыз өссе елдің көркі


Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол

Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол


Ұлға отыз үйден тыю

Қызға қырық үйден тыю


Қарызбын қашанда ақ сүтіңе ,

Қиындық көрсем де табынатын

Анашым, ақылшым бір өзіңе

Алғашқы әнімді де арнадым – деп аналарымызды , қыздарымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер!



Краткое описание документа:

Ана  -   өмірдің  шуағы

 

Мақсаты:

1. Оқушыларға  ана  дегеніміз  кім, аналардың   өмірдегі  қызметі,  көрсетер   көмегі, анаға  деген   баланың парызы    мен  қарызы    туралы   түсінік   беру . 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

 

2.Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету.

 

3.Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ ұлтына  тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

Зал мерекеге сай әсем безендірілген.Әр сынып шығарған қабырға газеттері,шармен безендіру,нақыл сөздер, оюлар, гүлдер, аналар туралы  нақыл  сөздер:

 

1. «Дүниеде  ана  махаббатынан    қасиетті   нәрсе  жоқ.  Оның алдында   адамды   ынтықтырушы  өзге    дүниелер  әлсіз  келеді».

В.Г. Белинский

2. «Нәзіктік   атаулының   жиынтығы  -  ананың   алақаны, сондықтан  да ол - сәби  үшін ең  жылы ұя.    В.Гюго

3. Әлемде  өзгермейтін    үш  - ақ   зат  бар,    ол  ананың ақ сүті,  күннің нұры,   сәбидің  күлкісі.     М.Горький

4. Әйел жерден   шыққан   жоқ,

Ол да  адамның баласы.

Ерлер  көктен түскен жоқ,

Әйел  - оның анасы.    І.Тұрмағанбетов

Хор :   « Ана  туралы   жыр»

1-    жүргізуші 

Ардақты  да  аяулы  аналар,  құрметті ұстаздар   сіздерді   8- Наурыз     Халықаралық   әйелдер  күнімен    құттықтаймыз.   Сіздерге  зор денсаулық   ұзақ  өмір ,  еңбекте  табыс  және  де  жанұяларыңызға      бақыт       тілейміз.   Енді  өздеріңіздің    балаларыңыз дайындаған   «Ана   - өмірдің   шуағы»   атты ашық  тәрбие   сағатымызды     тамашалаңыздар .

2-    жүргізуші

Ана , Ана, Ана! . . . .

 Не деген   мейірлі, не деген   шапағатты   сөз еді.  Осынау  үш  әріптен    құралған   қасиетті сөздің    түп төркінінде     қаншама   ұлы  сезім    жатыр десеңізші .    Сезім мен  қасиетті         бар махаббат    пен  шапағатты    сыйдырып   тұрған   ұлы ана   сезімін   қадірлемейтін   жан бар ма екен   өмірде?    Жақсылық атаулының    барлығы   да ананың    сүтінен жаралған

Автор
Дата добавления 03.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров4664
Номер материала 170567
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх