Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Ана – өмірдің гүлі" 1 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ана – өмірдің гүлі" 1 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

Сабақтың мақсаты;

а)Танымдық;

Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру;

ә)Дамытушылық:

Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу;

б)Тәрбиелеу:

Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.Эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған.

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, индукция-дедукция әдістері;

Сабақтың көрнекілігі:

1.Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді

2.Үнтаспа

3.8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті

4. Мақал- мәтелдер

5.Түрлі-түсті шарлар

Сабақтың барысы:

Оқушылар мерекеге сай әдемі киініп отырады. Сыныпта мерекеге сай безендіріледі. Дайындалған плакаттар, түрлі-түсті шарлар. Үнтаспада А.Қоразбаевтің «Күйі» қалықтайды.

1-Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар! 1 «А» сыныбының «Ана- өмірдің гүлі» атты Халықаралық аналар мерекесіне арналған ән шашуымызға қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Мұғалім: Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан-ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махабатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол-8наурыз мерекесі.

1 оқушы: Тамерлан

Армысың ару қыздар, абзал ана

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшақтар гүлге толсын!

2 оқушы: Балнұр

Көктем-көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір аламыз

Әнмен қарсы аламыз!

3 оқушы: Мустафа

«Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық. »

4 оқушы: Аида

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді.

Оған бірдей бар адам.

Ән:

2 жүргізуші: Аналарың қаншалықты жақсы көретіндіктері көрініп тұр. Аналарды ренжітпей, Көңілдеріне қаяу түсірмей, айтқандарын орындап жақсы оқып жүріңдер.

5 оқушы: Нұрислам

Жан кешкен баласы үшін, бағы үшінде,

Халқының, отбасының қамы үшін де.

Аналар-шексіз әлем, күннің нұры,

Тіршілік көзі жатыр әр ісінде»


6 оқушы: Дариға

Халқымызға билік айтардан алар

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегіңнің бір бөлшегі-бала үшін

Сізден жақын адам бар ма, аналар!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңестірер ешнәрсе жоқ,

Теңесер бір-ақ нәрсе-Отан ғана.

7 оқушы: Нұрымжан

Таппадым саған теңеу , асыл анам

Қалайша махаббатты жасыра алам

Идіріп алпыс екі тамырымды

Бұлақтай ақ сүтімен асыраған.

8 оқушы: Сабина

Көктем,көктем,көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр-жаңбырды тосамыз

Оны да әнге қосамыз

1 жүргізуші: Ән: «Анамның тілі –айбыным менің» (Хор)

9 оқушы: Нұртөре

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

10 оқушы: Ақару

Ана - біздің күніміз

Ананың біз -гүліміз!

Құрметтейміз ананы

Құттықтаймыз бүгін біз.

«Ұландарды қуантып»

Ұзақ өмір сүріңіз

11 оқушы: Мағжан

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

12 оқушы: Ақбота

Ана атауы бәрінен қымбат екен,

Аялап ақ анамды сыйлап өтем.

Өмірімнің тек бақытты сәттерінде

Анам үшін бәрін де құрбан етем.

13 оқушы: Медет

Асыға күтіп жүрген

Болар деп қашан мейрам

Сурет салдым гүлдердің
Келеді соны сыйлағым.

14-оқушы Ертөре

Ер жетер әлі ақ балаңыз

Әзірше сыйға арнаған

Гүліңнің апа ал гүлің!

Теңдесі жоқ дананың

Арқа тұтар панасын

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

Бұл өмірдің жүрегі

Өзі алтын ордасын

Тілегімнің тірегі

Уайымың еш болмасын!

1 жүргізуші: Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ жаулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсаң, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

Ендігі кезекте сыныбымыздың ару қыздары арасында «Қыз сыны» байқауын өткізсек. Бағдарламада: 1. Арулар өздерін таныстырады.

2. Өз өнерлерін көрсетеді.

3. Сән үлгісін көрсетеді.

4. Ұлттық тағамдардың жасалуын түсіндіреді.

Ендеше жеребе алып кімнен кейін шығатындарын білейік.

  1. Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Ортаға аруларымыз өздерін таныстырады.

  1. Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді, қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа, қошаметтеп қол соққан.

Арулар өз өнерлерін ортаға салады.

  1. Ал, халайық, ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Арулар киім үлгілерін көрсетуге шақырылады.

  1. Ей, менің асқар тауым,

Қазақы дастарқаным.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

Аруларымыздың аспаздық шеберліктерін көрейік.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гаухар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның- дей отыра, байқауымызды аяқтаймыз. Жеңімпаздарды марапаттаймыз.

  1. Ару қыз

  2. Сымбатты қыз

  3. Инабатты қыз

  4. Сәнқой қыз атты номинациялар арқылы марапаттайды.


Құрметті ұстаздар, ардақты аналар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар алып келсін. Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын!



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты; 

 а)Танымдық;

      Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру;

 ә)Дамытушылық:

      Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу;

 б)Тәрбиелеу:

     Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.Эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.

  Сабақтың түрі:  дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған.

  Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:  Баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, индукция-дедукция әдістері;

   Сабақтың көрнекілігі:

  1.Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді

  2.Үнтаспа

  3.8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті

  4. Мақал- мәтелдер

 

  5.Түрлі-түсті шарлар

Автор
Дата добавления 05.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров327
Номер материала 366140
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх