Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ана тілінен "Ғарыш қыраны" тақырыбының сабақ жоспары (4-сынып)

Ана тілінен "Ғарыш қыраны" тақырыбының сабақ жоспары (4-сынып)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Күні/айы

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақ №1

Сабақтың тақырыбы

Ғарыш қыраны. Т.Молдағалиев.

Жалпы мақсаты



Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдісі

Топтық жұмыс,критериалды бағалау,диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау және топта ынтымақтастық атмосфера құру

Күтілетін нәтижелер

Өлеңдегі негізгі ойды ашады.

Орындалатын жұмыстар



1.Оқушыларды топқа бөлу

2.Топпен топ ережесін шығару

3.Сабақтың мақсатын түсіндіру

4.Сабақтың тақырыбын ашу

5.Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату

6.Рефлексия

Ресурстар

Т.Молдағалиев портреті; ғарыш кемесі, ғарыш айлағы, ғарышкерлер суреттері, «Байқоңыр» ұшу алаңы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



1.Сабақтың мақсатын түсіндіру

2.Психологиялық тренинг

3. Бағалау критерийлерін жасау

Сабақтың мақсатын хабарлау.

1) Амандасу 2) Топқа бөлу

ІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.

Өтілген материалмен жұмыс.

Мазмұнын әңгімелеу, сұрақ-жауап, тест әдісі.

2.Сұрақтарға жауап алу.

1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады

Оқушылар мәтін мазмұнын зейін қойып тыңдайды.

Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өтеді

Негізгі бөлім



Қызығушылықты ояту.

Бір-бірімізге, жанымызға жақын адамдарымызға жақсы, ізгі тілектер тілейік.

Осы ізгі тілектердің бәріне қарасақ, кім-кімге болса да тілегімізде – өрлеу, самғау, биіктен көріну, шыңға шыға бер, талабың биіктей берсін, т.с.с. ұсыныс білдіріп жатамыз. Осының себебі неде екен?

Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар.

Төрге шығу дегеннің өзі қадірлі, қастерлі, сыйлы деген мағынаны білдіреді.

Әр мамандықтың, әр оқудың, әр істің төрінен көріну деген – сол істің шебері, нағыз майталманы болу.

Оқушылардың өздері таңдап геометриялық фигуралардың түстеріне және атауларына қарай топтарға бөліну:

1-топ. Қызыл түс- «Шыңға шығу».

2-топ. Көгілдір түс – «Ғарышқа самғау».

3-топ. Сары түс – «Биік талап».

4-топ. Жасыл түс – «Аспанда қалықтау».

Осы таңдаған түстеріне байланысты әр адамның мінезіне сипаттама беру (қысқаша).

Ой шақыру: «Адам неліктен ғарышқа, аспанға ұшуды аңсаған?» сұрағы бойынша «Топтастыру» әдісін пайдаланып, білгендерін қағаз бетіне түсіру.

(Жеке, жұпта, топта жұмыс түрі жүреді.)

Топтардың жұмыстарын тыңдау. Топтарға суреттер таратылып беріледі. Оқушылар олардағы ғарышқа, ғарыш әлеміне қатысы бар заттарды, құбылыстарды анықтайды. Әр топтан бір оқушы шығып, сыныпқа өз пікірлерін айтып береді.

Мағынаны тану. Неліктен сабақтастық тақырыбы ғарыш әлемімен сай келгенін түсіндіріп өту.

Автор туралы мәлімет беру.

Т.Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Балаларға арнап «Етекбай атам үйінде», «Құралай», «Арман мен Бота», т.б. кітаптарын шығарған. Талай жыл «Балдырған» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Мәтінмен жұмыс

Өлеңді түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқу.

Алдын ала таратылып берілген қағаздарға «-», «+», «v», «?» белгілерін соғып, не білетіндерін, өзі үшін қандай ақпараттың жаңа екенін анықтайды. Топтарда толтырылған кестелер бойынша пікір алысады.

Сөздік жұмысын жүргізу, түсініксіз ұғымдарды, мәліметтерді бірлесе талдау.

-Ғарыш әлеміне ұшу неліктен қол жетпес арман болған деп есептейсің?

-Адам баласы биікке неге сонша құмартты?

-Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің?

Бағалау критерийлері

(Мәнерлеп оқу)

1. Шығарма авторын атау-1б.

2. Шығарма атауы-1б.

3. Дауыс ырғағының қатты болуы-3б.

4. Мәнерлеп, нақышына келтіре оқу-4б.

5. Тыныс белгілерінің сақталуы-1б.

  10 б. - «5»

8 б. - 9 б. - «4»

6 б. - 7 б. - «3»

6 б. төмен - «2»

Қажет дерек

Байқоңыр – ғаламдық маңызы бар ғарыш айлағы, ғылыми-техникалық орталық. Ол Қызылорда облысындағы Төретам стансасынан 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елдің қорғаныс қабілетін жетілдіру мақсатымен 1951 жылы қауырт басталған алып кешен құрылысы небәрі 2 жылдай уақытта аяқталды. Байқоңырда 200-ге тарта әскери алаңдар, құрастыру-сынақ жүйелері, әскери бөлімдер бар. Кешеннің асты – бірнеше шақырымға созылып жатқан, тереңдігі төрт қабатты үймен тең қалашық. Онда электр стансасы, теміржол, жылу беру жүйелері, ғарыштық-техникалық орталықтар, оттегі-азот зауыты орналасқан.

1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашылып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды. 1961 жылдың 12 сәуірі әлемдік тарихта мәңгіге жазылып қалды. Адамзаттың асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. Ал 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тотар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.

1991 жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып жарияланды. 1994 жылдың наурызында кешен Ресейге 20 жылға жалға беріліп, 2005 жылдың қаңтарында Байқоңырдың Ресейге жалға берілу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

Бүкіл әлем өркениетке, жаһандануға ұмтылып жатқанда, ғарыш сапарлары жалғаса береді. Байқоңыр жұмыс істеп тұрғанда, қазақ жеріне зардабы да жалғасады. Қарағанды облысында Байқоңырдан ұшқан зымырантасығыштардың бірінші сатысы құлайтын 39 алқап бар. Олардың отыны ретінде самин, меланж, гептил тәрізді өте улы қышқылдар пайдаланылады. Әсіресе гептил өте зиянды, ол – ауада тез тарап, топыраққа, тірі ағзаларға сіңгенде уын жоғалтпайтын бірінші дәрежелі улы қышқыл. Бір грамының өзі мыңдаған адамдарды уландырады. Зымырандардың бір ғана ұшу сапары қанша зиян келтіреді десеңші...

Байқоңыр туралы мынадай аңыз бар:

«Әйгілі Бәйдібек бидің Сары бәйбішеден 8 ұлы, Қоңыр атты жалғыз қызы болған. Қоңырдың еншісіне берілген жылқы мыңғыра өсіп, қырға шығып жайылады екен. Үйір-үйір жылқының иесін сұраған адамға «Қоңырдың жылқысы» деп, ақыры сол өңір Қоңыр ананың құрметіне «Байқоңыр» аталып кеткен» деген аңыз бар. «Айгөлек» журналынан.

Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.(4 топқа бөліп беру)

-Өлеңдегі: «Тек ұшу үшін жаралған

Адамдар қандай бақытты!» деген жолдар адамның қызғанышынан туған әсер ме, әлде басқа көңіл күйін білдіріп тұр ма? (Ойыңды еркін білдір).

-Ғарышқа ұшқан ғарышкер ағаларың үшін сені қандай сезім билейді?

-Өз Отаныңды не үшін мақтан тұтасың?

-Ақынның өлеңдегі «ғажап» деп отырғаны не нәрсе? Неге оны ғажапқа теңейді?

Сергіту сәті

Бейнекөрініс «Ғарыш әлемі»

Топпен жұмыс

І топ Ғарыш туралы 5 жолды өлең құрастыр

ІІ топ Қиял-ғажайып әңгіме құрастыр

ІІІ топ Сурет салу «Сенің қиялындағы ғарыш кемесі»

ІҮ топ Ғарышқа ұшудың пайдасы мен зияны

Ой толғау.

Қызығушылықты ояту сатысында орындаған «Топтастыру» жұмысымызға қайта оралу.

-Қалай ойлайсыңдар, жасаған жұмысымызда ескерілмей қалып қойған мәліметтер бар ма екен? (Қалып қойса, толықтырайық).

Бекіту, қорыту

-Ақын ғарышкерді неге қыранға теңейді?

-Ғарышқа ұшу неге «құдірет» дейміз?

-Ғарышқа ұшқан адаммен ақынның жүрегі неге бірге ұшып жүргендей?

Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Бағалау



- өзара бағалау

- спикер бағалау қағазын толтыруды аяқтайды;

- мұғалімнің бағалауы.

Үйге тапсырма

156-бет мәнерлеп оқу, ғарыш туралы қосымша мәлімет әкелу.

Үйде оқу

Өлең мазмұны бойынша сурет салу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Ең жақсы өткен екі дүние


1.

2.




Келесі сабағыма қажетті ақпарат











































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Сіздерге Тұманбай Молдағалиевтің "Ғарыш қыраны" атты сабақ жоспарының әзірлемесін жіберіп отырмын. Бұл сабақта оқушылар топтасып, әртүрлі тапсырмаларды қызыға  орындады.  Өлеңді оқығанда оқушылар бағалау критерийіне қарап, өздерін әділ бағалай білді. Дарынды оқушыға үй тапсырмасы ретінде берілген ғарышқа байланысты қосымша дерек оқушыларға өте ұнады. Оқушы барынша дайындалып, слайд, бейнекөрініс дайындап әкелген. Топтастыруда білгендерін қағаз бетіне түсірді, ойша қиялдады. Сабақ өте қызғылықты, тартымды өтті. Осындай топтық жұмыстарды үнемі сабақта қолданамын.

Общая информация

Номер материала: 318026
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>