Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Ана-алтын қазық,алтын бақ» атты сынып жетекшілерге арналған сценарий

«Ана-алтын қазық,алтын бақ» атты сынып жетекшілерге арналған сценарий

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ана-алтын қазық,алтын бақ»

атты 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кештің сценарийі.

Өткізілу күні: 07.03.2015

Өткізілу уақыты: 13:30

Өткізілу орны: №198 Жалпы білім беретін мектеп

Фанфар.Жүргізушілер ортаға шығады.

1-жүргізуші:

Армысыздар асыл әжелер,ардақты аналар,құрметті ұстаздар,көктемдей құлпырған қыздар!

2-жүргізуші:Қайырлы күн жиналған барша қауым,сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз бен жүрек лүпілдеріңіз әр баланың жан-дүниесін нұрландырып,жүрегіне шапағат нұрын төгуде.

1-жүргізуші:

Ана-деген сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Берсе,барлық адамдарға мейірім

Орнар еді,бар әлемге туыстық,- дей келе «Ана-алтын қазық,алтын бақ» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер

2-жүргізуші:

Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген.Ана,әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған,ардақтысы.Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне толтырып,халықаралық әйелдер мерекесі 8-наурызда қаламызға келіп жетті.

Мереке мерекеге ұлассын!

Жанат Айымның орындауында «Отырардағы той».

2-жүргізуші:

Асыл ана-асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай,

О,адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

1-жүргізуші:

Ия,расында да адамның әдемілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ананың жүрегінің жылуынан басталады.Бойымыздағы ең жақын қасиеттер бізге ең алдымен анадан,ардақты ұстаздарымыздан тарайды.Аналарымызбен ұстаздарымыздың нәзік үні,аялы алақаны,жан-жылуымен бізді әлдилеп жұбатады.

Аналарымыздың құрметіне 6 «Ә»сынып оқушысы Ноғай Исламның орындауында «Ана туралы жыр»

2-жүргізуші:

Дүниеде ананың көз жасынан салмақты,одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. «Асыл анадан туады»-дейді халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Қаламы жүйрік данышпан ғалым да,ел басқарған көсем де,күміс көмей әнші де,мың бұралған биші де анадан туады.

1-жүргізуші:

Әйел-ана,әйел-өмір,әйел-тіршілік өзегі.Өмір бесігінде тербетіп,адамзат баласына ұрпақ сыйлар,ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі,сөзі өсиетті,тұғыры биік.Алтын құрсағымен адамзаттың алыбы жаратылған- асыл ананың жүрегі үлкен,жүзі мейірімді,қолы қайырымды.Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды,өмірдің ірге тасын солардың қолымен қалайды».

2-жүргізуші:

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік сезіммен,

Арнаймын сөзімді,-дей келе ақын-жазушыларымыздың поэзияларынан үзінді.

Бақытова Мадина:

Анама

Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді.

Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің, тұрғандай сезем жанымда.

Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”, сақталды сөзің жадымда

. “Игі еңбек түбі осы-ау” дер көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай, мәңгі жасай бер мәңгілік Күндей, анашым!

Фариза Оңғарсынова

Дүйсенғали Арайлым:

Ана
Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Қадыр Мырза Али

Садвакас Бек:

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына

Мұқағали Мақатаев

2-жүргізуші: Шырын апай осы әдемі кешімізде бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты?

1-жүргізуші: Иа, дұрыс айтасын Мадина расымен бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты!

2-жүргізуші: А,таптым бізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әзіл сқақшылар жетіспей тұр емес пе?

1-жүргізуші:Ендігі кезекті осынау әсем кешімізді ұйымдастырушыларымыз-дың атынан заманауи көрініс. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Келесі кезекте 6 «Ә»сынып оқушысы Дарапов Қорғанбектің орындауында «Жан ана» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Ұстаз-ана тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Өмірде ұстазға деген сағыныш,оның ыстық мейірімге толы дауысын анықтайтын адам бола қоймас сірә!

1-жүргізуші:

Ұстаз,ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық.

Осы сөзде таусылмайтын жылылық,

Әл-Фараби,Ыбырай мен Ақанды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы қып,

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылымен емдейтін.

Болса дағы малға кедей өмірде

Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

«Ұстазым» әнімен Қарлығашты қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
        Жанымды жадыратып күлдіретін
      Сендегі маған деген махаббатты
          Нұр толы қос жанарың білідіретін
     Бар ана туған елдің гүлі дер ем
      Анажан қайғың болса күңіренем
             Таусылмас тау суындай ақылың бар
         Сен барда менің әр бір күнім өлең

Келесі кезекте 7 «А» сынып бишілерін қарсы алыңыздар. Ұйғыр биі «Тойнэмэ»

1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады,аямайды бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы!

Көрініс: «Соқыр ана»

2-жүргізуші:

Көңілің Алаутаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын?

Ән болып сағыныштан ақтарылмай

-деп абзал аналарымыз бен құрметті ұстаздарымыздың құрметіне Жания, Мерей,Айсұлудың орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Ақ тілеулі,кең пейілді аналарымыз- өмірдің бастауы,тіршілк сәні.Аналар біздің басты байлығымыз.Ана-адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйде мейірім мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жандар.

2-жүргізуші:

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын

1-жүргізуші:

Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды-дағы дамылдады...
Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі. Келесі кезекте Айым,Сабинаның орындауында «Хош келдің,төрлет Наурызым!»

2-жүргізуші:

Халқымыздың билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар?

1-жүргізуші:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн. Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың

2-жүргізуші:

Осымен, «Ана-алтын қазық,алтын бақ» атты кешімізді аяқтай келе,адам баласы үшін ең қастерлі сөз-Ана деп білеміз!

Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Канапьянова Асемгүл Слямбекқызына берсек.

1-жүргізуші:

Осындай жақсы күндерде жүздескенше күніміз дидарлы,жүрегіміз иманды болсын!













Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров217
Номер материала ДВ-151027
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх