Инфоурок Другое Конспекты"Қанағат,рақым ойлап қой"10 сынып

"Қанағат,рақым ойлап қой"10 сынып

Скачать материал

                     «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №14

 

Мектеп:    №4                                                        Мерзiмі:  09.12.2015ж.                                           

Мұғалiм:   Абыханова Шарай Конджасаровна

Сынып:   10 «Ә»                                                     Оқушылар саны:  28                                                                             Тақырып: Қанағат,рақым ойлап қой

Құндылық: Дұрыс әрекет         

Қасиеттері: қанағаттылық, еңбекқорлық,  табандылық, төзімділік.

 

Мақсаты: Оқушыларға  адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдары  туралы   түсінік  бере  отырып,  дұрыс  әрекет  құндылығының   мәнін  ашу.

Міндеттері:

     Оқушыларға  адам  мүмкіндіктеріндегі қанағат, қанағатсыздық,төзімділік қасиеттеріне түсінік беру;

     Оқушы бойындағы өзіндік  мүмкіндіктерін  тану үшін еліктіретін ,қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп,ойына,іс-әрекетіне сыни көзбен қарауына,  табандылығын  дамытуына  ықпал  ету;

     Оқушылардың қанағаттылыққа, еңбекқорлыққа,  табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

 Интерактивті тақта,

слайд,

бейнежазба,А4 форматты қағаздар, фломастерлер мәлiметтер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi:   5 «Т»- ұстанымын еске  түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi:  «Нұрға  бөлену»

        Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.  Аяқ-қолыңызды   айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды  өтінемін.

      Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

Оқушылар алған әсерлері туралы  айтады.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 13-сабақ,55-бет .Өсиет әңгіме.  Бай  кісі мен данышпан туралы  әңгімесін   мазмұндау.

Сұрақтар:

  1.Өсиет әңгіменің басты кейіпкері кім?

  2.Байдың  жан  тыныштығын таба алмауының  себебі неде деп ойлайсыз?

  3.Байдың бойындағы қандай  жағымсыз  қасиеттер  адам  бойындағы  мүмкіндіктердің,  қабілеттердің  шексіздігін   дәлелдейді?

  4.Данышпанның әрекетін қалай бағалар едіңіз?

  5.Өсиет әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

  6.Балалар өз өмірлеріңде  данышпан адамдарды кездестірген кездерің болды ма?

  7. Олардың  қандай қасиетттеріне сүйеніп оларды еңбекққор деп айта алар едіңдер?

Ескерту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздерінің ойларын айтады

  3.Дәйексөз:

 «Қанағат – қарын тойғызар, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызар.» Мақал

Дәйексөздің  мағынасын  қалай  түсінесіңдер?

Оқушылар  дәйексөздердің  мағынасы  бойынша  өз  пайымдауларын  жасайды.

Дәйексөздерді  оқушыларға 3 рет  қайталатып  оқыту.

Дәйексөздерді дәптерлеріне  жаздыру.

 

4.Өлеңді әңгімелеу ( сұхбат) Абайдың өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» оқып, сұрақтар қою
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз. 

Пікірлесу
                     -Қанағат дегеніміз не?
                     -Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа      жетелей ме?
                     -Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?

        -Сіздер,  өздеріңізді қаншалықты қанағатшылмын деп  есептейсіңдер  ?

        -Қолдарыңыздағы барына қанағат тұтасыңдар ма?

 

Бейнежазба «Қанағат қыл, басындағы бағыңа!»

      - Қымбат аяқ киім киген баланың  жағдайы қандай?

      - Ол бала неге қозғалмастан бір орнында отыр?

      - Аяқ киімі жыртық баланың арманы не еді?

       -Бейнежазбадан қандай ой түдіңдер?

       - Сіздер, барға  қанағат тұтасыңдар ма?

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

           1топ-  Қанағат, рақым туралы эссе жазу
     2 топ -  Қанағатшылдық .рақымшылық туралы мақал-мәтел жазу
     3топ-  Қанағатшылдық, рақымшылдық туралы постер қоғау
     4 топ -   Қанағатшылдық, рақымшылдық туралы өлең шығару

постерге тапсырмаларды орындау

6.Топпен ән айту. «Мейірімді болайықшы,ағайын» әні

Көктем етім көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

                           Өшігуді қояйықшы өзгеге,

                           Кешірімді болайықшы,ағайын!

 

                          Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

 Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

 Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

                          Мейірімді болайықшы,бауырлар!

 

                          Болашаққа қол ұстасып барайық,

                          Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

                          Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

                          Кішіпейіл болайықшы,халайық!

 

     Ел болғанымен емеспіз ғой онша көп,

                         Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

                          Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

                          Тілейікші өзгеге де, болса деп!

 

Үй тапсырмасы:  14-сабақ,52-бет.С.Ақатайдың  «Үш ана» туралы  әңгімесін   мазмұндау.

 

 

 

Соңғы тыныштық сәті

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге  түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қанағат,рақым ойлап қой"10 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 6370
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абыханова Шарай Конджасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абыханова Шарай Конджасаровна
    Абыханова Шарай Конджасаровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32880
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 77 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек