Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Анадай бесік тербеткен -аяулы ұстаз
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Анадай бесік тербеткен -аяулы ұстаз

библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

«Анадай бесік тербеткен аяулы ұстаз!».


Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлау,ұстаздың еңбегін бағалау,оқушыларға эстетикалық тәрбие беру .

Көрнекіліктер: сынып оқушыларымен түскен суреттері жайлы слайд –фильм,шарлар

Сабақтың барысы:

  1. жүргізуші :Құрметті ұстаздар ,оқушылар,ата-аналар,қонақтар! «Анадай бесік тербеткен аяулы ұстаз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

  2. жүргізуші:Қазақстанда қазіргі Жанкелдин ауданының Торғай селосында қазақша-орысша оқытатын тұңғыш мектеп ашылды.

1-жүргізуші. Мектептің ірге тасын қалаған, бірінші сабақ берген ағартушы Ыбырай Алтынсарин болатын.

Нұрбек:

Қағылды тұңғыш сабақ қоңырауы

Кластан балалар да орын алды.

Мөлдіреп отыр өңшең қара көздер

Кіре алмай сыртта қымбат ойын қалды.

Кіре алмай әке қалды ертіп келіп

Кіруге ұлықсат жоқ,тәртіп бірін

Қызық ау бала жаны ә дегенше

Сағынып қалды үй –ішін артық көріп

Ал міне келді кіріп ұстазы да

Толтырып қалам дәптер құшағына

Келді ол күлімсіреп әр баланың

Аяулы әкесіне ұқсады да.

2-жүргізуші:

Қазақтың тұңғыш ағарутышысы –өнер, білім барлығы тек оқу арқылы келетінін сол кезде-ақ білді.Халықты білім алуға ,өнер үйренуге шақырды.

Мерей

Кел балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

1-жүргізуші: Әдептілік пен парасаттылықтың озық үлгісі –Ұстаз. Ес білгеннен біз оның жанарына қарап,жанының мөлдірлігіне сусындаймыз.Жан жылуын сеземіз.

2-жүргізуші: Ұстаз деген ардақты есім. Бұл күнде әліппесіз алға басу мүмкін бе?

Мадияр

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма деп

Ұстазым оның кілтін ашып берді

Күн сайын тани білдім жаңа әріпті

Сөзден сөз,сөйлем құрап көз қанықты

Татынумен қанатым қатайды да

Жанымда сағат сайын жаңарыпты.

Динара

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным

Сумка асынып дәптер қалам алғаным

Бір бұрышында сол сумканың жатқаны

Керім сақа ,кендір баулы қармағым

Әлі есімде отырғаным партаға

Таңдана кеп үңілгенім картаға

Жайдары ашық мұғалімге жас қыздың

«Түзу отыр» деп қаққаны арқаға.

Ақжол

Мейір толы көзінде

Кім бар сенен шыдамды

Шалыс басқан кезімде

Кешіресің кінәмді

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім

1-жүргізуші: Мектеп тірегі –ұстаз .Себебі ол әркез өз шәкіртіне тек қана жақсылық пен шаттық тілейді.

2-жүргізуші: Ұстаз еңбегінің арқасында біз білімнің асқар шыңына қарай өрлейміз

Назерке

Ардақтайық сол бір асыл жандарды

Жүректері шәкіртінің бүлкілдеп

Ұстаз аты менің мәңгі жадымда

Ізгілікпен сол арқылы туыспын

Жылылық бар ұстаз алақанында

Қайна көзі, бастауы бар ұлы істің

Сәбира

Ойлы ұстаз бастайды ұлы мұратқа

Сағынамын бір сәт жүрсем жырақта

Арман қуып аттанармыз әр жаққа

Сенің бейнең ұмтылмайды бірақ та

Жүрегімде тұрар мәңгі жаңғырып

Ұстазымды өтетін мен ән қылып

Көк қанаттар түлеп сенің алдыңнан

Ұшады ғой бұлақтан мейір қандырып

1-жүргізуші Мұғалім мамандығы барлық мамандық атаулының қайнар көзі,алтын бастауы,.Мұғалім ғұлама ғалымды,дарынды ақынды, ержүрек батырды тәрбиелеген аяулы ұстаз.Сондықтан ұстаз алдында бар адам бас имек.

2-жүргізуші Елімізде мұғалімдер еңбегі жоғары бағаланады.Біздің мектебімізде шәкірт жанына білім дәрін себетін аяулы да қастерлі 70-ке тарта ұстаз қызмет етеді..Олардың бізге беретін білім нәрі мен тәрбиелерінде шек жоқ.Біз ұлағатты ұстаздарымызды мақтан етеміз.

Бекжан

Жас көңілге егін еккен

Ақыл ,білім дәнін сепкен

Қараңғы ойға сәуле төккен

Сенсің ықылас құштарымыз

Ақылшымыз ұстазымыз

Кенже

Әр қадамың,әрбір ойың

Өсіргендей шәкірт ойын

Кең ашылған құшақ қойын

Өтеу қиын ұқсам шынын

Бар еңбегі ұстазымның

Жібек

Үйреттің ғой сырға толы сезімге

Жылы тиіп нәзік үнің өзіме

Желі көтеріп жібергендей ақылмен

Деп қаламын шабыт көзі өзімде

1-жүргізуші: Ұстаздар біздің кейбір ерке қылығымызды кешіріп,апыл-тапыл қадамымыздың қатаюына жүрегімен ұсынған махабатына қарыздармыз.

2-жүргізуші: Сіздер жақсылық көшетін отырғызып,саялы бақтың сапалы азаматтары етіп тәрбиеледіңіздер.Ұлағатты ұстаздарымызға сәбилік,шәкірттік пәк көңілден мың алғыс айтамыз.


Жоламан

Құндағында білімнің

Бар нәрсені үйрендім

Сол арқылы бой жазып

Азамат боп өсіппін


Ыбырай

Ұстаз болу жүректің батырлығы

Ұстаз болу сезімнің ақындығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы


Болатбек

Мейлі шарлап теңіз өттім тау бастым

Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым

Сондадағы сен қалмассың көкейден

Сондадағы сені ұмыта алмаспын

Мың рахмет атап айттым ұстаз сізге

Оқытып білім бердің шәкірт бізге

Ұстаздар өмір бойы қарыздармыз

Құттықтап келіп тұрмыз мерекеде


Жұлдыз

Мектебім сенде өтеді күміс күнім

Бұзамыз кейде класс тыныштығын

Бәріне кешіріммен қарай білген

Ұстазым шарықтану дұрыс бүгін

Жұмыстан бөліп кейде балдай түнін

Дәптерге үңілді алмай тыным

Ұғуда парыз екен біздер үшін

Ұстаз болып мен ойдың заңғарына

Әліппеден соң қарадым жан-жағыма

Жаныма ізгілікпен білім құйған

Борыштымын мен осы бағбаныма


Асыл

Анадай бесік тербеткен

Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің?

Суарып білім-тербеткен

Дүниеде бізге жақсылық қана тілейсің


1-жүргізуші

Бала жанының бағбаны ,аяулы да құрметті ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын.Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Шәкірттеріңіз жетістіктерімен қуанта берсін

2-жүргізуші. Қиын да, қызықты қажырлы еңбектеріңіз ақталсын.Отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз.

Барлығы хормен :Сәбилік пәк көңілден мың алғыс -ұстаздар!

  1. Жүргізуші :

Ұстаз,Ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық

Осы сөзде таусылмайтын жылылық

Әл-Фараби,Ыбырай мен Ақаңды

Осы сөз ғой бізге ұлы

Енді сынып қыздарының сіздерге арнап дайындаған әндерін тыңдайық.

1.Құндыз

2.Ақмарал ,Құралай

3.Сынып жетекшіге сөз


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров198
Номер материала ДВ-379210
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх