Курсы
Другое
Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - өмір шырағы»
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.Оқушыны ізгілік ,инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Аналар туралы қанатты сөздер, шарлар,аналар фото суреттері,шиырмалар,плакаттар.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Көктем келер гүлін алып, жаз да келер жырын алып- деп ән мәтінінде айтылғандай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8-наурыз мерекесі келіп жетті. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім-шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі құтты болсын. Бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы мерекеге орай «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» деп аталады.
-«Ана» деп кімді айтамыз? ( )
- Жақсы балалар, ал енді «Ана деген қандай адам?» деген сұраққа жауап бере отырып «АНА» сөзіне постер құрастырып көрейік.
Еркежан: Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана - тіршіліктің көзі.
Т.Аружан: Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шығарады.
Зейне: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан- теңіз. Анамыздың көңілі шат , жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Таир: Ана – сұлулықты, жарасылымдықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.
Қ.Дінмұхаммед: Ана- әр үйдің алтын қазығы.
Ұлпан: Ана ақылды болса, бала дана болады.
Ә.Аружан:Ұлы ақынды да ,ойшыл данышпанды да, ел басқарған ел ағасында, ғалымды да өмірге әкеліп, әлпештеп өсіріп, ақ сүтімен нәр берген –ана. Сондықтан біз ананы күнге теңейміз.
(күн суретін құрап шығарады)
9-оқушы (Дария):Ана- ұстаз,ана- дәрігер,
Ана- ғалым ана ақын
Ана- өмір қайраткері.
Ана- жазушы.
Ана- қоғам қайреткері.
10-оқушы (Сержан): Ана деген – асылы ғой даланың,
Ана деген- сағынышы баланың
Бұл өмірге қуашышпен нұр төкен
Бас иеміз алдында ананың.
11-оқушы (Димаш) : Анашым,ортамызға келсең күліп,
Болады алатаудай еңсем биік
Балалық қарызымды өтеймін бе
Әлемнің жақсылығын берсем жиып
12-оқушы (Омар): Аналардың ақ сүтінен нәр алған
Аналардың үмітінен жаралған
Сәби едік, енді міне, біз өстік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.
13-оқушы (Ералы) : Ана – ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
14-оқушы (Мадияр):Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайым ,құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
15-оқушы (Шұғыла): Мәпелейсің мені, анам
Қолындағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
16-оқушы (Әлия):Қуанышқа бөленетін халықпыз
Ана сыйлау- дәстүріміз, салтымыз.
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8- наурызымыз!
16-оқушы (Абдолла):Сіздерден өсер балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
17-оқушы (Нұрай): Келбетінде ұлылық
Даладан кең пейілі.
Ана деген – жылылық,
Ана деген – мейірім.
18-оқушы(Даниал): Ақыл құйған санама
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал мамам,
Ылғи менің қасымда.
19-оқушы (Нұрсұлу): Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам, мерекең.
Құтты болсын, теңдік алған
Қуанышты мерекең.
20-оқушы (Еркежан): Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның – таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен ?!
21-оқушы (Ж.Аружан): Жердегі бар тағамнан,
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен ?!
22-оқушы (Мадина): Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Аман болсын, қасиетті аналар!
( оқушылар гүлдерін суретке орналастырады)
-Тамаша, сіздердің құрастырған постерлеріңіз тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашып тұр.
-Ия, Ана деген өте құдіретті сөз, ана бір қолымен баланы тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтылмаған.
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
Ән (хор): « Әрқашан күн сөнбесін! »
Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі
Шетінде бар сөзі:
« Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман! »
Солнечный круг, небо вокруг –
Это рисунок мальчишки.
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:
« Пусть всегда будет солнце !
Пусть всегда будет небо !
Пусть всегда будет мама
Пусть всегда буду я !»
-Тәрбие сағатымызды топтық жұмыспен жалғастырайық.
1-топтық жұмыс. Ана, қыз бала туралы мақал-мәтелдер сайысы. Әр топ кезекпен-кезек 1 мақал не мәтелден айтып отырады. Қай топ көп мақал айтады, сол топ жеңімпаз аталады.
- Ал енді қонақ болып келіп отырған аналарымызды ортаға шақырайық. Сіздерге балаларыңыздың дайындаған сұрақтары бар, соған жауап берсеңіздер.
( балалар қол көтеріп тұрып сұрақтарын қояды)
1-сұрақ. Сәлеметсіздер ме, аналар баласының қандай болғанын қалайды?
2-сұрақ. Балаларыңызды қалай еркелетесіз?
3-сұрақ. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада дегенді қалай түсінесіз?
4-сұрақ. 8- наурыз мерекесі қашаннан бері тойланып келеді?
5-сұрақ. Неліктен жерді де АНА деп атайды?
6-сұрақ. Сіз қандай бала болдыңыз?
7-сұрақ. Анаңызға жасаған ең алғаш сыйлығыңыз қандай?
8-сұрақ. Сіз балаңыздан қандай сыйлық алғыңыз келеді?
-Аналар сұхбаттасқандарыңызға көп-көп рахмет.
2-топтық жұмыс.»Сөздерден сөйлем құра». Әр топта сөздер жазылған карточкалар беріледі. Сол сөздерден сөйлем құрап жазады. Құраған сөйлемдерінің мағынасын түсіндіреді.
1-топ: Алып анадан туады.
2-топ: Анаңа ауыр сөз айтпа.
3-топ: Анаға баланың алалығы жоқ.
4-топ: Ананың ойы балада.
5-топ: Ананың сүті - бал.
Ойын: «Сөз құра»
Сабаққа қатысып отырған екі ана және 6 оқушы шығады. 4-4-тен екі топқа бөлінеді. Оларға әріптер жазылған парақтар беріледі. Ол қағазды иықтарына іледі. Қойылған сұраққа сол әріптерден сөз құрап жауап берулері керек.
Ш -Т А-О Н-Ғ А-У
1. Таудан сырғанау үшін керек не? (шана)
2. Туған жер (Отан)
3. Аттың табанына қағады не? (таға)
4. Сиырдың жасына қарай аталуы (тана)
5. Өсімдік тобы (ағаш)
6. Моншақты мойынға не істеу керек? (тағу)
-Өте тамаша ойын көрсеттіңіздер. Оқушылар «Ана» тақырыбында ой толғау жазған болатын, енді кезекті соған берейік (3-4 оқушы ой толғауларын оқып береді).
- Ана деп соққан бала жүрегі ешқашан ауырмасын. Аналар мен балалар аман болсын.
-Ортаға аналарын құттықтау үшін балаларды шақырайық (оқушылар ортаға шығады, ашықхаттарын алып шығады. Аналарына бір - бір тілектен айтып шығады.
Ән «Ақ анам»
-Аналармен бірге қыздарымыздың да мерекесі болғандықтан, сынып ұлдары қыздарды құттықтамақшы (ұлдар қыздарға дайындаған ашықхатын тілегін айтып сыйлайды)
Қорытынды: (Қонақтарға сөз беріледі)
Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар бүгінгі сынып оқушыларының «Ана - гүл, ана - өмір шырағы» атты тәрбие сағаты аяқталды.Ұлы Аналардан тәрбие алған жас ұрпақ- келешек тәуелсіз елдің жарқын болашағы. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын!- деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Настоящий материал опубликован пользователем Сакенова Асемгуль Сериктаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель начальных классов
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Преподаватель
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сексембаева Манара Ануаровна. Инфоурок является информационным посредником
Жоспар:
1.16 Желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік Күні
2.Тәуелсіздікке ұмтылу мақсаты
3.Тәуелсіздіктің маңызы
4.Қазақ халқының рухани құндылықтары
5.Қазақстанның әлемдегі орны
6.Мемлекеттік рәміздер
7.Қазақ халқының әлемдік сахнадағы көрінісі. Экономикасы
8.Қазақстан – көпүлтты мемлекет. Ұлтаралық татулық. Бейбітшілік.
9.Ел болашағы. Білімді жастардың рөлі
10.Туған жер және оның маңызы
11.Отан, туған ел туралы мақал-мәтелдер
12.Ел азаматтарының міндеттері.
13.Кроссворд: Қазақстан қалалары. Профилімде басқа да тәрбие сағаттары, сынып сағаттары мен ашық сабақтарға арналған материалдар (презентация+кроссворд+шығармашылық тапсырмалар+викториналарымен) бар:
Перезентация Мамандық таңдау. Жақсы кәсіп - толық ырыс. Түлектермен сынып сағаты
Презентация Денсаулық - зор байлық. Денсаулықты күту, денсаулықты сақтау, денсаулық маңызы
Презентация "Сыйластық пен ізгілік - береке нәрі, сынып сағаты, ашық сабақ, тәрбие сағаты"
Презентация Адалдық нұры ашық сабақ, сынып сағаты, тәрбие сағаты, көркем құрал
Презентация Харассмент туралы ақпарат. Қосымша сабақ, сынып сағаты, тәрбие сағаты
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 348 887 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 327 092 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.