Инфоурок Классному руководителю Презентации"Аналар асыл жандар" тәрбие сағаты

"Аналар асыл жандар" тәрбие сағаты

Скачать материал
Скачать материал ""Аналар асыл жандар" тәрбие сағаты"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 слайд

  • 2 слайд

  • Ана Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз...

    3 слайд

    Ана Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып – толғанғаны кімнің есінен кетеді. Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің- ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір – ақ жан. Ол – ана.Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір – ақ жанды білесің. Ол – ана. Барлық адам туылады анадан Мәз боп, жүрер аналары бар адам Ана, ана! Бар баланы өсіріп. Өмірде жақсы тәрбие беріп қараған.

  • 4 слайд

  • 5 слайд

  • Аяулы аналарымызға, ақ шашты әжелерімізге, сүйікті жар, қарындастарымызға дег...

    6 слайд

    Аяулы аналарымызға, ақ шашты әжелерімізге, сүйікті жар, қарындастарымызға деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу, сөйлеу тілдерін дамыту, құрмет, ізет сезімдерін қалыптастыру

  • “Дүниедегі жақсылық атаулы күннің көзінен, ананың ақ сүтінен жаралған” М. Гор...

    7 слайд

    “Дүниедегі жақсылық атаулы күннің көзінен, ананың ақ сүтінен жаралған” М. Горький

  • 8 слайд

  • 9 слайд

  • Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңы...

    10 слайд

    Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек.

  • Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістанд...

    11 слайд

    Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған.1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.

  • 12 слайд

  • Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына т...

    13 слайд

    Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

  • Сен бақыттысың, Жыламағың! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен ед...

    14 слайд

    Сен бақыттысың, Жыламағың! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағың, жыламағың! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасындамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың, Байырғы берекеңді қашырмағың. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. (Тәңірім кеше көрсін кесірімді) Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді… (М. Мақатаев)

  • 15 слайд

  • Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі...

    16 слайд

    Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағдаласады. Жан-жақтан жау анталаған заманда елін, жерін қорғаумен жүрген Қараханның айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені – Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже (кей жазбаларда Бабаджа хатун) қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына демалуға тоқтайды. Күтушілері ас қамдауға кіріседі. Суық суға шомылып алған Айша сұлу демала тұрмақ болып қисаяды. Сүйгенінің ауылын алыстан көріп, енді сәл уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, ұйықтап кетеді. Сол кезде улы жылан Айша бибіні шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» – деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады...

  • 17 слайд

  • Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерінде Айша-биби...

    18 слайд

    Тасын түртсең, тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде әулиелі жерінде Айша-биби кесенесі салынған. Археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: «Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан бағаналары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы – осы», деп жазып қалдырған екен.

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қ...

    22 слайд

    Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

  • Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді....

    23 слайд

    Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күшін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

  • 24 слайд

  • Қалай ғана аңғармағам бұрын мен, Екі сурет мұнда қатар ілінген. Көзіме бір ж...

    25 слайд

    Қалай ғана аңғармағам бұрын мен, Екі сурет мұнда қатар ілінген. Көзіме бір жас моншағы іркілді, Кеудемдегі пайда болған дірілден . Екі бақыт үнсіз-түнсіз жырлап тұр, Екі қайың нұрландырды бір бақты. Екі сурет сөйлеп кетті кенеттен. Екі құдірет оянды да тіл қатты.

  • 26 слайд

  • Бірге: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік. Жерге бақыт, елге бақыт тіледік О...

    27 слайд

    Бірге: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік. Жерге бақыт, елге бақыт тіледік Отан-ана отқа күйіп жатқанда, Біздер ме едік үй бағ атын тірі өлік? Әлия: Отан деген сөз көкейде жатталып. Зор айқасқа кеттік біздер аттанып, Біз сендердей қыдырмадық, кешқұрым Біз сендердей арман гүлін тақпадық. Мәншүк: Қыздың жанын біз білмесек, кім білер? Көктем келсе құлпырмай ма мұны жер? Үстімізге біз кешедік ақ көйлек, Жар-жар жырын естімедік, сіңлілер. Әлия: Күліп қарсы ал бал бақыттың ақ таңын, Таппадық біз махаббаттың тәтті әнін Бізге жылы хат жазатын жігіттер, Қаныменен қарға жазды хаттарын. Мәншүк: Жетсек деген арманымыз көп еді, Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі. Біздің туған күнімізді құттықтап, Ешкім бізге гүл ұсынған жоқ еді. Ешбір ақын жыр ұсынған жоқ еді. Бірге: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз. Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз. Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар. Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

  • Ерен ерлігі үшін Әлияға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4-маусымы...

    28 слайд

    Ерен ерлігі үшін Әлияға КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 4-маусымында «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді

  • Әлия Молдагулова 1925 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы...

    29 слайд

    Әлия Молдагулова 1925 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ аулында дүниеге келген . Әлияны анасы«Ақмоншағым» деп еркелетіпті. Әлияның азан шақырып қойған аты – Ылия.

  • Батырдың ғұмыры қысқы, даңқы ұзақ «....сендермен көріскім , туған ауылда бол...

    30 слайд

    Батырдың ғұмыры қысқы, даңқы ұзақ «....сендермен көріскім , туған ауылда болғым келеді.Оқасы жоқ , жауды жеңіп , елге қайтып оралып ,Кездесіп бас қосатын , осының бәрін бір-ақ тойлайтын сағат та келер әлі...» Әлия Молдагулова

  • Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» де...

    31 слайд

    Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

  • 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. баста...

    32 слайд

    1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

  • 33 слайд

  • Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазықтың, Ерлігіне таңданамын ғажап тым....

    34 слайд

    Әлия, Мәншүк қайсар қызы қазықтың, Ерлігіне таңданамын ғажап тым....

  • Ана деген асыл заттан жаралған, Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған. Аналардың...

    35 слайд

    Ана деген асыл заттан жаралған, Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған. Аналардың бойындағы қасиет, Жер бетінен нұр боп шалқып таралған. Бар жақсылық аналардың ақ сүтінен жаралған, Бүкіл әлем аналардың құдіретінен жаралған Айтыңыздаршы халайық, Бұл өмірде қымбат бар ма анадан?

  • 36 слайд

  • 37 слайд

  • Асанова Ләззат (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүн...

    38 слайд

    Асанова Ләззат (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында дүниеге келді. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты.

  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті ба...

    39 слайд

    1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.

  • Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш...

    40 слайд

    Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

  • 41 слайд

  • 42 слайд

  • Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді.Сен құрбыңмен...

    43 слайд

    Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді.Сен құрбыңмен қыдырып жүріп,бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп,өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгеніңде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?...

  • Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде немересін жетектеп...

    44 слайд

    Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді.Сенің әрекетің?...

  • Үйде ешкім жоқ.Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң көр...

    45 слайд

    Үйде ешкім жоқ.Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң көрші ауылдан келген туысқан ағаң.Сенің әкең ешкімге есік ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің?...

  • 46 слайд

  • 1. Кім сұлу? 2. Анаң саған не берді? 3. Ең құрметті жан - 4. Бақыт деген не?...

    47 слайд

    1. Кім сұлу? 2. Анаң саған не берді? 3. Ең құрметті жан - 4. Бақыт деген не? 5. Ең жақын кім? 6. Ұстаз кім? 7. Сен кімсің? 8. Тұңғыш косманавт әйел? 9. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің? 10. Қыздарға байланысты мақал-мәтел айт.

  • 48 слайд

  • Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен- ақ басталады. Анан...

    49 слайд

    Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен- ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!

  • 50 слайд

  • 51 слайд

  • 52 слайд

  • 53 слайд

  • 54 слайд

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 574 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 6039
    • PPTX 11.4 мбайт
    • 72 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маманова Гульпан Кахармановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маманова Гульпан Кахармановна
    Маманова Гульпан Кахармановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22241
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 413 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 528 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе